Психологияғылымының негізгі салалары Тәлім-тәрбие психологиясы: адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар.
Арнаулы психология- бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады
Авиациялық психология-ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттейді. Ғарышкерлік психология- адамның салмақсыздық пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса қиыншылық жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл-күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.