Психологияның пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері. Психология



бет1/34
Дата29.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#177885
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
емтихан дұрысы


  1. Психологияның пәні. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттері.

Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен түрады: оның біріншісі — «псюхе» (жан), екіншісі — «логос » (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.
Психология пәні. Психикалық құбылыстарды зерттеп, оның сыр сипатын ашып көрсету. Күнделікті өмірдегі психикалық құбылыстар мен ғылыми психология арасындағы айырмашылықтар және оларды өзара салыстыра отырып ерекшеліктерін талдау. Психологиялық ғылыми зерттеу нәтижелерінен мысалдар келтіру арқылы олардың теориялық және қолданбалы мән-жайын көрсету. Психология ғылымының табиғи және қоғамдық сипаты. Психологиялық білімінің өзіндік ерекшелігі. Психология — субьектінің (адам мен жануарлардың) іс-әрекеттерін, тіршілік ету нәтижелерін және амал-тәсілдерінің құрылымын бейнелейтін ғылым.
Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда.
Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бөлімін қарастырамыз:
1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейінқиял және елес, ес;
2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану) т.б. компоненттері.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет