80
130-жаттығу. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аударып,
қандай мәнде айтылып тұрғанын анықтаңыздар.
Үсік шалған қара қошқыл бетінің ұшына жас түйірлері қатып,
мұз бұршақтай бозарып тұр.
(Ә.Н.) Қазандықтың астына қалаған сары
қи маздап жанып, үй іші жылына бастады.
(Ә.Н.) Жасағанберген
шоққа беті қызып, маужырай бастады.
(Ә.Н.) Биыл балық бағыты
қалай, тереңге неге кетті, тайызға қашан соғады?
(Ә.Н.) Апырай,
неткен кәусар, неткен желікті саумал сүт еді сол!
(Ш.А) Оһ, шіркін,
неткен тәтті су десеңші, осы судан ішкізген адамға құл болуға
Гүлсары дән риза!
(Ш.А.) Ал соғыс жылдарының ішінде тұрғын
үйлердің тұрпаты қандай болады десеші?
(Ш.А.) Жан-жақтан
соншама қонақ жиналған астардың тірлігі аз бола ма?
(Ш.А.) Мүмкін,
Қаратай бұл жолы да мәжілістерде әбден құлақ үйренген сөздерді
естіп, одан келер-кетері шамалы деп, ескі әдетінше аулына тарта
бермек пе?
(Ш.А.) Шіркін, конкурсқа қатысқан соң, бәйге алып шығу
деген қандай жақсы!
(С.Ш.) Кеше Құнанбай, Бөжейдің араздығын,
жаманатын есітіп келген нағашы жұрт, енді артын күтіскенді көрсе,
көрсін!
(М.Ә.) Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап,
кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп
жұтқан
шәкірт білмесе, кім білсін?
(Ж.А.)
131-жаттығу. Мақал-мәтелдердің тиісті тыныс белгілерін қойып,
жаттығуды көшіріңіздер.
1) Ақ қалпақты көрінсе атакем менің демес пе Ақ жаулықты
көрінсе енекем менің демес пе 2) Білімдіге дүние жарық білімсіздің
күні кәріп 3) Көтерем түйеден безбе салтанатың емес пе Тебеген деп
биеден безбе қос қанатың емес пе 4) Еріншектің ертеңі таусылмас 5)
Еңбек қылсаң ерінбей тояды қарның тіленбей 6) Жаманмен жолдас
болсаң кесірі жұғар жақсымен жолдас болсаң несібі жұғар 7) Тарта
жесе тай қалар қоя жесе қой қалар қоймай жесе не қалар 8)
Білімсіздің сөзі білектей білімдінің сөзі жібектей 9) Тазалық
денсаулық негізі, денсаулық байлық негізі 10) Қарның ашса қазан ас
ет болмаса сазан ас сазан тамақ емес пе сазанды жұрт жемес пе 11)
Өнер ағып жатқан бұлақ Білім жанып жатқан шырақ 12) Қарап
жатқан жыланның құйрығын неге басасың Шағайын деп шапшыса
неге
шошып қашасың