Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
4 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің базалық мазмұны 5 бөлімді қамтиды:
1-бөлім.Программалау.
2-бөлім. Робототехника. Лабиринт және кегельринг.
3-бөлім.Видео жасау.
4-бөлім.Презентациялар.
5-бөлім.Болашақтың компьютерлері.
Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнінің бөлімдері бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша жартыжылдық соңында «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқу жылында сабаққа қатысумен бірге оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 4 сынып