4.Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Ы.Алтынсарин
Алтын шекілдеуік
Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.
Шешесі айтты:
- Бұл шекілдеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:
- Мен қара шекілдеуіктерді алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар- деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шекілдеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шекілдеуіктерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады. Сондаатасы айтты:
- Бұл шекілдеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шекілдеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы
ішінде болар,- деді.
Сұрақтар
1. Лена қандай жеміске қызықты?
2. Неге Ленаның таңдауы дұрыс болмады?
3. Ленаның атасы қандай кеңес берді?
4. Адамның асылы ішінде болу үшін қандай қасиеттер мен құндылық болу қажет?
5. Қасында отырған досыңның бойындағы қасиеттерін ата. Ол қандай сұлулық түріне жатқызылады?
|