а (қытай) – «фа» ұғымы ежелгі қытай философиясында заң, заңнама деген мағына береді.
Фатализм – алдын ала жазылып қойылған тағдырға, оның міндетті түрде орындалатынына сену.
Философия – болмыстың әмбебаптық заңы мен принциптері туралы ғылым; болмыс пен танымның жалпы принциптері, адамның дүниге қатысы, табиғат, қоғам және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы ғылым.
Феномен (грек тілінде-келіп көрінетін, құбылыс). Философияда санада болатын субьективтік және сезім тәжірибелері арқылы ұғынуға болатын құбылыс. Сирек әдеттегіден тыс, төтенше құбылыс.
Фетишизм - (франц.тұмар, қасиетті күші бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. Фетиш ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады.Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиханкезі Дж. Лонг енгізген.
Философия - (грек. сүйемін, даналық, тікелей мағынасы даналықты сүю) - әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ой дамуы адамзат қоғамының қай кезеңінде де болған. Әсіресе көне Шығыс өркениеттерінде. бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол Ежелгі Грекияда қалыптасты.