Материя - санадан тыс өмір сүретін объективті шындықты танып білетін философиялық категория.
Мифология –(грекше мифос – аңыз, шежіре;логос-сөз,ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүниетуралы қияли-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
Материализм – сыртқы дүниенің обьективті өмір сүруін, оның мәңгі шексіз тіршілігін мойындаушылық, материяны алғашқы деп танитын философиялық ағым.
Метафизика – дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсіну және ойлау тәсілі
МорӘЛ – (лат. Mores – әдет-ғұрып) қоғамдық сананың бір формасы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт.
Метод– (гр. methods – бірдеңеге апаратын жол) қабылдау, құрал, таным тәсілі, белгілі бір түрдегі жүйелі қызмет Модус – (лат. modus – өлшем, тәсіл) атрибуттан өзгеше қасиет, заттардың кейде қайталанатын қасиетін белгілеуге арналған философиялық термин.
Монада – (гр.monas – біреу) болмыстың құрылымдық субстанционалдық бірлікті білдіретін философиялық термин.