Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады


Қозғалтқыш қыздыру тәсілдері



бет5/28
Дата06.02.2022
өлшемі5,78 Mb.
#37913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
2. Қозғалтқыш қыздыру тәсілдері
2.1 Қозғалтқыштың салқандату жүйесі
Салқындату жүйесі қозғалтқыш бөлшектерінен артық жылуды мәжбүрлі түрде айыру және оны қоршаған ауа жіберу үшін арналған. Осының нәтижесінде нақты температуралы режим сақталып, қозғалтқыш артық қызбайды және салқындатылмайды. Қозғалтқыш тағы жылу екі тәсілмен: сұйықтық (салқындатудың сұйықтық жүйесі) немесе ауа салқындатудың ауа жүйесі) арқылы айырылады. Бұл жүйелер отын жанған кездегі шығарылатын жылудың 25-30% өзіне сіңіріп алады. Цилиндр жиынтығының басындағы салқындату сұйықтығының температурасы 80-950С тең болу қажет. Бұндай температуралық режим қозғалтқытың қалыпты жағдайдағы жұмысын қамтамасыз етуге ең тиімді және қоршаған ауа температурасынан және қозғалтқыш жүктемесінен өзгермеу тиіс. Қозғалтқыштың жұмыс циклы барысындағы температура іске қосылу аяғында 80-120°С-тан қоспаның жануы аяғында 2000 - 2200 °С (максималды түрде) дейін өзгереді.
Егер қозғалтқышты салқындатпаса, онда жоғары температурасы бар газдар қозғалтқыш бөлшектерін қатты қыздырып үлкейтеді. Цилиндрдегі және піспектегі май жанып бітіп, олардың үйкелесуі мен тозуы арта түседі, ал бөлшектердің шамадан тыс кеңеюі қозғалтқыш цилиндріндегі піспектердің сыналауына әкеліп соғады да, қозғалтқыш істен шығып кетеді. қозғалтқыштың қызып кетуінен пайда болған жағымсыз құбылыстардан арылу үшін қозғалтқышты салқындату қажет.
Бірақ қозғалтқышты шамадан тыс салқындату оның жұмысына зиян келтіреді. Қозғалтқышты шамадан тыс салқындату кезінде цилиндр жарларында отын (жанармай) булары майлықтарды шайып кетіп, сұйықталады, ал ол картердегі майды сұйықтайды. Бұндай жағдай піспек сақиналарының, піспектің, цилиндрлердің қарқынды тозуына әкеліп соғады және қозғалтқыш қуаттылығы мен үнемделуі төмендейді. Салқындату жүйесінің қалыпты жұмысы одан да көп қуаттылығына, отын шығынының төмендеуіне және қозғалтқыштың жөндеусіз жұмыс жасау мерзімін үлкейтуге себептес болады.
Қозғалтқыштардың көбісінде салқындатудың сұйық жүйелері (ашық және жабық) бар. Салқындатудың ашық жүйесінде ішкі кеңістігі қоршаған атмосферамен тығыз байланыста болады. Салқындатудың жабық жүйелерінің ішкі кеңестігі қоршаған ортамен арнайы клапандардың көмегімен мерзім сайын байланысады. Бұл салқындату жүйелерінде салқындатқыш сұйықтығының қайнау температурасы көтеріліп, оның қайнап кетуі төмендейді.
ГАЗ-3110, ГАЗ-3307, ЗИЛ-130, МАЗ-5335 және КамАЗ-5320 маркілі автокөліктерінің қозғалтқыштарында салқындатудың су сыртқа тебуші сорғысымен құралатын жабық сұйық жүйесі бар. Автокөлік қозғалтқышының салқындатудың сұйық жүйесі (1 суретте) 16 су қаптамасынан, 1 радиатордан, 24 желдеткіштен, 9 термостаттан, 17 қанатшалы сорғыдан, 8 айыратын және 8 келтіретін келтеқұбырлардан, 23 желдеткіштің жетектеу белдігінен, сұйықтық температурасының 13 көрсеткіш бергішінен, 15 ағызба крандарынан және басқа да 21 бөлшектерден тұрады. Қозғалтқыш цилиндрінің және жиынтық бастиектері айналасында салқындату сұйықтығын айналдыратын екі қабатты жарлары бар кеңістік (су қаптамасы) бар.



1 сурет. Салқындату жүйесіндегі сұйықтардың сызбасы
1 — радиатор; 2 — үстіңгі шанаш; 3радиатор тығыны; 4 — басты түтік; 5 — радиатордың үстіңгі келтеқұбыры; 6 және 19резеңке құбыршек; 7—жіберу арнасы; 8 және 18 айыратын және келтіретін келтеқұбырлар; 9 —термостат; 10саңылау; 11жиынтық бастиегі; 12суды үйлестіру құбыры; 13температурасының көрсеткіш бергіші; 14цилиндр жиынтығы; 15 және 21ағызба крандары; 16 су қаптамасы; 17 су сыртқа тебуші сорғысының қанатшасы; 20радиатордың төменгі келтеқұбыры; 22радиатордың төменгі шаны; 23желдеткіштің жетектеу белдігі; 24желдеткіш.
Қозғалтқыштың жұмысы кезінде салқындату сұйықтығы қызып, радиаторға су сорғысы арқылы беріледі, бұл жерде ол салқындатылып цилиндр жиынтығының қаптамасына жіберіледі. Қозғалтқыштың сенімді жұмысы үшін салқындатылған сұйықтық үнемі жабық шеңбер бойынша айналу қажет: қозғалтқыш – радиатор – қозғалтқыш. Сұйықтық кішкентай шеңбер бойынша радиаторды айналып өтіп немесе үлкен шеңбер бойынша радиаторға (қыздырылған қозғалтқыш, термостат ашық) келіп түсіп айналады. Салқындатқыш сұйықтық ағысының бағыты 1 суретте бағыттамалармен көрсетілген.
Қозғалтқыштың 16 су қаптамасы 14 цилиндр жиынтығынан және төсем ішінде бас пен жиынтық арасында өзара саңылаулармен байланысқан 11 жиынтық қаптамасының бастарынан құралған. Су сыртқа тебуші сорғының қанатшасы 17 және желдеткіш сына тәрізді белдік 23 арқылы іске қосылады. Сорғы қанташасының айналуы кезінде салқындатқыш сұйықтық жиынтық басында орналасқан су үйлестіру түтігіне 12 жіберіледі. Саңылаулар 10 арқылы шығару клапандарының келтеқұбырларына жіберіледі де жиынтық бастары мен цилиндрлердің ең мықты қызған бөлшектері салқындатылады. Қызған салқындатқыш сұйықтығы жоғарғы айыратын келтеқұбырға 8 өтеді. Егер термостат 9 жабық болса, онда жіберу арнасы 7 бойынша сұйықтық сыртқы тебуші сорғысына қайта түседі. Ашық термостат ішішнде салқындатқыш сұйықтық радиатордың жоғарғы шанашына өтіп құбырлармен ағып салқындатылады да радиатордың төменгі шанашына 22 ағады. Радиаторда салқындатылған сұйықтық төменгі келтіру келтеқұбыры 18 арқылы сорғыға келтіріледі.
ЗИЛ-130 автокөлігі қозғалтқышының су қаптамасы (2 сурет) радиатормен иілгіш құбыршекпен байланысқан. Радиатордың жоғарғы шанашы 5 ішке жіберудің құбыржолының қаптамасымен 14 байланысқан, ал төменгі шанаш 27 су сорғысының келтіру келтқубырымен байланысқан. Цилиндрдің сол және оң жақ қатарлары сорғымен 2 құбыржаоларымен байланысқан. Келтеқұбырдың ішінде термостат 11 орналасқан оның ішімен қызған салқындатқыш сұйықтық радиатордың жоғарғы шанашына жіберіледі. Компрессордың су қаптамасы 8 иілгіш құбыршекпен 9 және 7 үнемі қозғалтқыштың салқындату жүйесімен байланысады. Қыздырғыш радиатор 18 қозғалтқыштың салқындату жүйесімен құбыршектермен 16 және 17 байланысады: қыздырғыш кран жұмысына қосылады 5.

2 сурет. ЗИЛ -130 автокөілігі қозғалтқышының салқындату жүйесі
1 – радиатор; 2 — пердеше; 3 — желдеткіш; 4 — су сорғысы; 5 и 27 – радиатордың жоғарғы және төменгі шанаштары; б — радиатор тығыны; 7 – айыру құбыршегі; 8 – компрессор; 9 — жіберу құбыршегі; 10 — қайтақосу құбыршегі; 11 — термостат; 12 — келтеқұбыр; 13 – карбюратор орнату ернемегі; 14 — ішке жіберудің құбыржолы; 15 — қыздырғыштың краны; 16 к 17 — жіберу және айыру түтіктері; 18 – қыздырғыштың радиаторы; 19 — сұйықтық температурасының көрсеткіш бергіші; 20 – салғы )дотирующая вставка); 21 – жиынтық басының су қаптамасы; 22 – цилиндр жиынтығының су қаптамасы; 23 — цилиндрдің жиынтық қаптамасының ағызба краны; 24 — жетек ағызба кранның тұтқасы; 25 – радиатор келтеқұбырының ағызба краны; 26 – келтіргіш келтеқұбыры.

Қозғалтқышты оталдыру, қыздыру және жұмысы кезінде салқындату жүйесіндегі судың температурасы 73 °С төмен болып тұрғанда, сұйықтық жиынтықтың, жиынтықтың бастарының, компрессордың су қаптамаларының бойымен айналады, бірақ термостат жабық болғандықтан радиаторға жетпейді. Су сорғысына (термостат клапаны қай күйде болып тұрғанына қарамастан) салқындатқыш сұйықтық компрессордан және қыздырғыш радиаторынан 18 (егер ол қосылған болса) ішке жіберудің құбыржолының қаптамасынан 10 қайтақосу құбыршегінің бойынан беріледі.


Су сорғысы сұйқытықты жүйеге айдайды, оның негізгі ағыны цилиндр жиынтығының алдыңғы бөлігінен артқы бөлігіне су қаптамасы бойымен өтеді. Салқындатқыш сұйықтығы цилиндр гильзаларын бүкіл жағынан шайып өтеді де цилиндр жиынтығының және жиынтық бастарының аял бастарының және олардың арасындағы төсемдегі саңылаулары арқылы жиынтық бастарының қаптамаларына келіп ағады. Бұл кезде салқындатқыш сұйықтықтың көп мөлшері ең көп қызған орындарға – жіберу клапандарының келтеқұбырларына және тұтату шамдарына беріледі. Жиынтық басындағы салқындатқыш сұйықтығы артқы шетжақтан алдыңғысына қарай бағытта ішке қосу құбыржолдардың артқы арналарында орналасқан цилиндр жиынтығының, бастарының және мөлшерлі салғыларының аял 20 беттерінде тесілген тиісті диаметрдегі бар саңылаулар арқылы қозғалады. Салғыдағы саңылау ішкі қосу құбыржолының қаптамасына келіп түсетін сұйықтықтың мөлшерін шеттетеді. Ішке қосу құбыржолының қаптамасымен келіп түсетін жолы сұйықтық карбюратордан (құбыржолдардың ішкі арналары бойынга) келіп аққан отын қоспасын қыздырып, қоспатүзгішті жақсартады.
Жұмыс алдында карбюратордағы сұйықтықтың деңгейін тексеру қажет, себебі оның аз мөлшерінде сұйықтық айналымы нашарлап, қозғалтқыш қызады. Салқындатқыш жүйесіне әктас тұздары жоқ таза жұмсақ су құю қажет. Қатты суды құйған кезде карбюраторда және су қаптамасында қақтың көп мөлшері қалып, қозғалтқыштың қатты қызуына және оның қуаттылығының төмендеуіне әкеліп соғады. Салқындатқыш жүйесіндегі судың жиі алмастырылуы қақтық көп мөлшерінің пайда болуына себепші болады. Суды келесі тәсілдермен жұмсартуға болады; қайнату арқылы, суға химикалық заттарды қосу арқылы және оның магнитті өңдеу арқылы. Суды әлсіз магниттік өрісі өткізсе, су жаңа қасиеттерге ие болатыны бекітілді: қақ түзу қабілетін жоғалтады, қозғалтқыштың салқындатқыш жүйесінде бұдан бұрын түзілген қақты жібітеді.
Салқындатқыш жүйесіне су радиатордың тығынмен 6 жабылатын мойыны арқылы құйылады. Салқындатқыш жүйесінен суды оның ең төмен жерлеріндегі крандар арқылы ағызады.
КамАЗ-5320 (3 сурет) автокөлігі дизелінің салқындақыш жүйесі тек ТОСОЛ-А-40 немесе ТОСОЛ-А-65 (төмен температураларда мұздап кететін) сұйықтардың үнемі пайдаланылуына ғана есептелген. Бұл жерде салқындатқыш жүйесіне суды қолдану тек ерекше жағдайларда ғана рұқсат етілген. Салқындатқыш жүйесіне жиынтықтың және цилиндр бастарының 26 су қаптамалары, су сорғысы 27, радиатор 4, гидрожалғастырғышы бар жетек желдеткіші 30, пердеше 3, екі термостат 10, кеңейту шанашы 18, қосу құбыржолдары, құбыршектер, сорығының келтірудің сынабелдік беріліс, ағызба крандары мен тығындар, сұйықтық температурасының көрсеткіш бергіштері және басқа да бөлшектер кіреді.

3 сурет. КамАЗ-5320 автокөлік қозғалтқышының салқындатқыш жүйесі

1 – иіндік біліктің тегері; 2 – төменгі шанаш; 3 – пердеше; 4 — радиатор; 5 – жетек желдеткіштің гидрожалғастырғышы; 6 – қайтақосу келтеқұбыры; 7 — сықағыш келтеқұбыры; 8 — үстіңгі шанаш; 9 – үстіңгі келтеқұбыр; 10 – термостат; 11 — су үйлестіру қорабы; 12 – қосу тетігі; 13 – келтіру тетігі; 14 – оң жақ су құбыры; 15 – айыру тетігі; 16 – ішке қосу жинақтағышы; 17 – сұйықтық қызып кетудің бақылау шамының бергіші; 18 — кеңейту шанашы; 19 – қымтау тығынының мойыны; 20 – клапандары бар тығын; 21 – компрессорден айыру тетігі: 22 – сол жақ су құбырының айыру тетігі; 23 — компрессор; 24 – сол жақ су құбыры; 25 — бастиектің қақпағы; 26 – цилиндр бастиегі; 27 — су сорғысы; 28 – ағызба кран немесе тығын; 29 — су сорғысының тегері; 30 – желдеткіш; 31— төменгі келтеқұбыр.


Зауыт қозғалтқыштың салқындату жүйесінің 1050С аспайтын температурада жұмысына рұқсат етеді. Қозғалтқыш жұмысының температуралық режимі екі термостатпен, желдеткішті қосу гидрожалғастырғышпен және пердешемен сақталады. Егер қозғалтқыш қызбаса, онда сорғымен берілетін салқындату сұйықтығы цилиндрдің сол жақ қатарына келіп түсіп сықағыш келтеқұбыры 7 арқылы оң жаққа келіп түседі. Цилиндр гильзаларының екі қататрының сытрқы қабаттарын шайып, одан кейін цилиднр жиынтығының үстіңгі жазықтығындағы және жиынтық бастиектерінің төсемдеріндегі саңылаулары арқылы ең мықты қызатын жерлерді – шығару арналары мен бүріккіш ұяларын салқындатып цилиндр бастиектеріне келіп түседі. Қыздырылған сұйықтық цилиндр бастиектерінен қозғалтқыштың «қирауында» орналасқан оң 14 және сол 24 құбырларына өтеді, содан кейін жалғастыру құбыры 12 арқылы суды үйлестіру қорабына (немесе термостат қорабына) беріледі. Термостат клапандары 10 жабық және салқындатқыш сұйықтығы қайта қосу келтеқұбыры арқылы су сорғысына 27 қайта беріледі. Термостаттар цилиндрдің оң жақтағы алдыңғы шетжағында бекітілген бөлек қорапта орналасқан. Кеңейту шанашы 18 қозғалтқыштың оң жағында орналасқан және радиатордың 8 үстіңгі шанашына, су үйлестіру қорабына, космпрессорге 23 және цилиндр жиынтығының су қаптамасына жалғанған. Кеңейту шанашы 18 сұйықтықтың қызған кезінде мөлшерінің өзгерісін орнын толтырады, бұл салқындату жүйесінде оның деңгейін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Радиатордың және жүйенің үстіңгі беттерінде бу шанашқа 18 жіберіледі және бұл жерде сұйықталады. Шанашта жиналған ауа салқындату жүйесінің жұмысын жақсартады. Салқындату жүйесіне ТОСОЛ-А-40 немесе ТОСОЛ-А-65-ны бұрамасында қымталған тығыны бар мойынға 9 құйылады.


Дизельдің салқындату жүйесінде қозғалтқыштың иіндік біліктен желдеткішке айналу сәтін жіберетін жетек желдеткіштің гидрожалғастырғышы қолданған. Гидрожалғастырғышы қолданып, салқындату жүйесіндегі ең тиімді температуралық режимді сақтайды және иіндік біліктің айналыс жиілігі күрт өзгергендегі пайда болатын тербелістерді жояды. Жетек желдеткіштің гидрожалғастырғышы автоматты түрде басқарылады.

4 сурет. Жетек желдеткіштің гидрожалғастырғышы
1 — алдыңғы қақпақ; 2 – корпус; 3 – қаптама; 4, 7, 13 и 20 — шарикті мойынтірек; 5 – май беру тетігі; 6 — жетекші білік; 8 — тығыздау сақиналары; 9 – жетектегі доғалақ; 10 – жетекші доғалақ; 11 – тегер; 12 — тегер білігі; 14 – тірелімді төлке; 15 – желдеткіш күпшегі; 16 – жетектегі білік; 17 и 21 — өзі жылжымалы тығыздама: 18 – төсем; 19 и 22 — бұрандар.

Гидрожалғастырғыш қозғалысқа қозғалтқыштың иіндік біліктен оймакілтек жетекші білік 6 арқылы келтіріледі. Иіндік біліктің өсімен бірге орналасқан желдеткіш жетектегі білікте 16 орналасқан күпшекте 15 бекітілген. Гидрожалғастырғыштың жетекші бөлігін: қаптамамен бірге жиналған жетекші білік 3, тегер 12 білігімен және қаптамамен бұрында арқылы жалғанған жетекші доғалақ 10, білікке 12 бұрандармен 19 бұралған генератор және сорғы жетегінің тегері 1 құрайды. Гирожалғастырғыштың жетек бөлігі 7 және 20 шарикті мойынтіректерде айналады. Гидрожалғастырғыштың жетектегі бөлігін жиынтығында жетекші білікпен бұрандалармен 22 жалғанған жетектегі доғалақ 9 құрайды. Жетек желдеткіш гидрожалғастырғышының жетектегі бөлігі 4 және 13 шарикті мойынтіректерде айналады. Гидрожалғастырғыштың тығыздағышы 2 тығыздау сақиналармен 8 және 17 және 21 өзі жылжымалы тығыздамамен жасалған.


Жетек желдеткіштің гидрожалғастырғышы қозғалтқышытың алдыңғы бөлігінің айдау келтеқұбырында 7 (3 сурет қарау) орнатылған реттігің типтегі ажыратқышпен басқарылады. Гидрожалғастырғыш ажыратқышы салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың температурасына қарай майлау жүйесінен гидрожалғастырғышқа түскен майдың мөлшерін өзгертіп, жетекші білікті жетектегі білікпен 16 (4 сурет қарау) жалғайды немесе ажыратады. Гидрожалғастырғыштың жұмысы үшін, гидрожалғастырғыштың қуысына май сорғы арқылы беріледі, одан кейін жетекші білік арналарына құбырлар 5 арқылы және жетектегі доғалақтың саңылаулары арқылы қуыс аралық кеңістікке жіберіледі. Жетекші доғалақ 10 айналуы кезінде оның күрегіндегі май жетектегі доғалақтың күректеріне ауысады да ол білік 16 пен желдеткішке айналу сәтін беріп айнала бастайды. Гидрожалғастырғыш кранның көмегімен жұмысқа қосылады немесе ажыратылады, ал желдеткіш осының салдарынан қосылады немесе ажыратылады. Кран гидрожалғастырғыштың ажыратқыш корпусында орналасқан.
Желдеткіш үш режимде жұмыс істей алады:
Автоматты түрде – қозғалтқыштағы салқындату сұйықтығының температурасы 85-90 °С тең болып сақталады; гидрожалғастырғыштың ажыратқыш краны В (корпустағы белгі) қалпына орнатылған; салқындату сұйықтығының температурасы 80 0С төмендеген кезде желдеткіш автоматты түрде сөніп қалады;
Желдеткіш сөндіру кезінде – гидрожалғастырғыштың ажыратқыш краны 0 қалпына орнатылған; желдеткіш аз жиілікпен айнала алады;
Желдеткіш үнемі қосулы кезінде – бұндай режимде гидрожалғастырғыштың немесе оның ажыратқышының мүмкін ақаулықтары кезінде аз уақытты жұмысына рұқсат беріледі.
Салқындату жүйесіндегі сұйқтық температурасы қашықтық термометрмен бақыланады, оның қабылдағышы жүргізушінің кабинетіндегі құралдар қалқаншасында суды үйлестіру қорабындағы (КамАЗ-5320 автокөлік дизельдерінің) бергіште, ішке жіберу құбыржолының су арналарында (ГАЗ-53 А және ЗИЛ-130 автокөлік қозғалтқыштарында), жиынтық бастиектерінің («Волга» ГАЗ-24 автокөліктерінің қозғалтқыштарында) бергіштерінде орналасқан. Егер салқындату жүйесіндегі су температурасы белгіленген мөлшерден асып кетсе, онда құралдар қалқаншасында хабарлау батырмасы, мысалы (ГАЗ-53 А автокөлігінде) 105-108 °С температура кезінде қызыл жанады.

Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет