3.4 ӨСА қозғалтқышының жылулық жағдайының тұрақтылығы
Аталған құрал салқындатқыш сұйықтықтығы бар ішкі жану қозғалтқыштарына жатады және олардың қалыпты жағдайын сақтау үшін арналған. ІЖҚ сұйықты салқындату жүйесі цилиндр жиынтықтың салқындату қаптамасынан, жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасынан, штаттық термостаттан, радиатордан, гидравликалық сорғыдан, құбыржолдардан, термометрден және оның ойлап шығарылуына сәйкес, штаттық термостатпен бірге гидравликалық контур бойынша жылу тасушыны (су, антифриз, тосол) бағыттайтын қосымша термостаттан тұрады: жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасы – штаттық термостат – гидравликалық сорғы – қосымша термостат – қосымша құбыржол – цилиндр жиынтық бастиектерінің қаптамасындағы төменгі деңгей. Бұл иіндік біліктің айналу білігінен әртүрлі қашықтықта орналасқан қозғалтқыштың әртүрлі деңгейлері арасындағы және цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының төменгі деңгейіндегі температураны реттейтін қосымша термометрмен жылу алмасуды қамтамасыз етеді және штаттық термометрмен қоса қозғалтқыштың жылу жағдайын әлі бағалауға мүмкіндік береді. Құрал салқындату жүйесінің құрылымын, қоршаған ауаның жоғары температуралары кезінде радиатордағы судың қайнап кетуінің жойылуын қамтамасыз етеді.
Иіндік біліктің айналу білігінен әртүрлі аралықта орналасқан ІЖҚ деңгейлері арасындағы массалық жылу алмасуды ұйымдастыру жолымен қалыпты жылулық жағдайды сақтайтын сұйықтық салқындату жүйесі бар (патент 2108469).
Қозғалтқыштың аталған салқындату жүйесінің артықшылықтары: оның қалыпты жылулық жағдайын үнемі сақтап отыру мүмкіндігі және қоршаған ортаның төмен температуралары кезінде радиатордағы судың мұздап қалу қаупін жою болып табылады, кемшіліктері – қосымша сорғының бар болуы және қатты аяз кезінде радиатордағы судың мұздап қалудың біршама мүмкіндігі.
Жұмыс мақсаты – салқындату жүйесінің құрылымын жақсарту:
а) қосымша сорғыны жоқ қылу;
б) қатты аяз кезінде радиатордағы судың мұздап қалу мүмкіндігін азайту;
в) қоршаған ауаның жоғары температура кезінде радиатордағы судың қайнап кету мүмкіндігін жою;
г) қозғалтқыштың жылулық деңгейін бақылануын жақсарту.
Аталған мақсаттарға, салқындату жүйесі қосымша термостат пен термометрмен жабдықтау, ал қозғалтқыштың қалыпты жылулық жағдайын сақтау және шығарылған газдардың жылулық қуатын судың мұздап кетпеуі үшін қолдану арқылы жетуге болады. Бұл кезде жүйедегі судың қайнап кетпеуі үшін оның газдармен қыздырылуы тоқтатылуы мүмкін.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 суреттерінде ұсынылған салқындату жүйесі көрсетілген.
Бұл жерде: 1 – цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасы; 2 – цилиндрдің жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасы; 3 – жылу тасушының (су, антифриз, тосол және т.б.) мәжбүрлі және термосифондық айналымының аймақтары арасында шартты аумағы; 4 - термостат (негізгі); 5 – радиатор; 6 - гидравликалық сорғы; 7 - қосымша термостат; 8 – термостат кеңісітігі 7 мен цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының төменгі деңгейі арасындағы құбыржол; 9 – цилиндрдің жиынтық баститектерінің салқындату қаптамасындағы 2 жылу тасушының температурасын тіркеу үшін термометр (негізгі); 10 - цилиндрдің жиынтығының салқындату қаптамасының төменгі деңгейіндегі 1 жылу тасушының температурасын тіркеу үшін термометр (қосымша); 11 – шығарылған газдардың жылуымен суды қайнатудың жылутасушысы; 12 - жылутасушы 11 мен цилиднр жиынтығының салқындату қаптамасының 1 төменгі деңгейі арасындағы құбыржол; 13 – ауыстырып қосқышы 18 бар жылутасушыға 11 шығарлыған газдарды жіберуді сөндіру құралы (4 фиг. және 5 фиг.); 14 – ауыстырып қосқышы 19 бар жылутасушының гидравликалық элементтеріне су берілуін сөндіру құралы.
Берілген салқындату жүйесі келесі тәсілмен жұмыс жасайды. 85˚С және одан да жоғары температура кезінде (сурет 1) жылу тасушы гидравликалық контур бойынша айналады: цилиндрдің жиынтық бастиектерінің салқындату 2 қаптамасы – термостат 4 – радиатор – гиравликалық сорғы 5 – термостат 6 – піспектің жоғарғы бос нүкте саласының шартты шегінен жоғары (жылутасушының мәжбүрлі айналым аумағы – бағыт 15) цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасы 7.
Цилиндр жиынтығының шартты шегінен төмен салқындату 1 қаптамасында аз қарқынды термосифондық айналым (термосифондық айналым аумағы) өтеді.
Бұл аумақтар арасындағы массалық жылу алмасу онша көп болмайды және қозғалтқыштың жұмыс режиміне және қолдану талаптарына сәйкес келеді.
Термометр 9 көрсеткіштері қозғалтқыштың шартты шектен жоғары 3 аймақтарының жылулық жағдайын, термометр 10 – цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасының төменгі деңгейдегі аумағын көрсетеді.
Қозғалтқыштың қалыпты жылулық жағдайы (жылу тасушысының және майдың температурасы, майлау жүйесіндегі қысым, оның қуаттылығы, иіндік біліктің айналым жиілігі, отын көрсеткіштері және т.б.) кезінде термометрлердің 9 және 10 көрсеткіштерінің әртүрлілігі төмен болады.
69˚С температура кезінде термостаттар 4 және 7 қосылып, барлық жылу тасушының гидравликалық контур бойынша қозғаласын қамтамасыз етеді: жиынтық бастиектерінің салқындату 2 қаптамасы – термостат 4 – гидравликалық сорғы 6 – термостат 7 – құбыржол 8 – цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасының төменгі деңгейі (16 бағыт).
Бұл кезде цилиндр жиынтық бастиектері мен піспектің жоғары бос нүктесі аумағындағы цилиндр жиынтығының шайылатын ішкі беттерінен қызған жылу тасушы жылуды цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасының төменгі деңгейіне ауысады. Цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасындағы айналымның қарқындылығы, негізінде, сорғы өнімділігімен анықталады, жылу тасушының жылуымен берілген цилиндр жарларының температурасы піспектің жоғарғы бос нүктесі бағытына қарай көтеріліп, қозғалтқыштың жылулық жағдайы жақсарады.
Термометр 9 бұл кезде температураны цилиндр жиынтығының жылулық жағдайының деңгейін есептеп отырып тіркейді, ал термометр 10 тек цилиндр жиынтығының салқындату 1 қаптамасының төменгі деңгейіндегі қозғалтқыштың жылулық жағдайын тіркейді.
65˚С-дан 85˚С-ға дейінгі температура аралығында термостат 4 радиаторға 5 жылу тасушыны жарым-жарты жіберіп отырады, ал термостат 7 мәжбүрлі айналым ішіне жібереді. Гидравликалық контур бойынша: салқындату қаптамасы 2 – термостат 4 – сорғы 6 – термостат 7 – құбыржол 8 – цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасы 1, ағатын жылу тасушының мөлшері оның температурасымен белгіленеді.
Термостат 7 пен құбыржол 8 қозғалтқыштың әр-түрлі жылулық жағдайы бар және иіндік біліктің айналым білігінен түрлі аралықа орналасқан деңгейлері арасында ұйымдасқан массалық жылу алмасуды қамтамасыз етуін көреміз.
Термометр 10 қозғалтқыштың жылулық жағдайын объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Қосымша сорғының қажеттілігі түседі, ал бұл – оның қосылуына, қалыңдатуына және үйкеленген бөлшектеріне және т.б. қуаттың жұмсалуы.
Салқындату жүйесінің жылу алмасумен 11 қамтамасыз етілуі қоршаған ортаның төменгі температуралар жағдайында ІЖҚ ұзақ уақыт қолдану кезінде оның ішінде суды қолдану мүмкіндігін береді.
65˚С төмен температура (термометр 9 көрсеткіштері) кезінде термостат 4 гидравликалық контур бойынша суды: салқындату қаптамасы 2 – термостат 4 – сорғы 6 – термостат 7 – жылу алмасушылық 11 – құбыржол 12 – салқындату қаптамасының 1 төменгі деңгейі (16 бағыт). Жылу алмасудағы су шығарылған газдармен қыздырылып, оны цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының жуылатын беттері бойынша береді (17 бағыт). Қозғалтқыштың жылулық жағдайы қаптаманың төменгі деңгейінен 1 мәжбүрлі айналым аймағына қарай қарқынды жоғарылауы орын алады.
85˚С және одан да жоғары температура кезінде термостат мәжбүрлі айналым аймағынан бүкіл суды радиаторға 5 жіберіп, бұл жерден су сорғыға 6, термостат кеңістігіне 7 және мәжбүрлі айналым аймағына келіп түседі.
65˚С-дан 85˚С-ға дейінгі температура аралығында термостат 4 радиаторға 5 жылу тасушыны жарым-жарты жіберіп отырады, ал термостат 7 шектен жоғары цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасына жібереді. Бұл судың мөлшері оның температурасымен белгіленген.
Шығарылған газдардың суға берілген жылулық қуатының көлемі, радиатордағы 5 су мұздап кету қаупін жоқ қылады.
Термостат 9 және 10 көрсеткіштері қозғалтқыштың жылулық жағдайы туралы объективті көрініс бере алады.
Салқындату жүйесін құралмен 13 жабдықтап, ауыстырып қосқыш 18 көмегімен жылу алмасуға 11 шығарылған газдардың берілуін сөндіруге болады. Гидравликалық контур: салқындату қаптамасы 2 – термостат 4 – сорғы 6 – термостат 7 – құрал көмегімен шығарылған газдардың берілуі сөндірілген жылу алмасу 11 – құбыржол 12 – 69˚С төмен температура кезінде шектен жоғарыда орналасқан аумақтан жылы судың салқындату қаптамасының 1 төменгі деңгейі цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының 2 төменгі деңгейіне ауысады.
Жылу алмасудағы 11 судың қыздырылу мүмкіндігін құрал 14 көмегімен жоққа шығаруға болады, ол үшін 69˚С төмен температура кезінде ауыстырып қосқышты 19 тиісті қалыпқа орнатып, цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының 1 төменгі деңгейіне құбыржол 8 бойынша суды жіберу керек(20 бағыт).
Құралдар 13 және 14 қоршаған ауаның жағымды температура жағдайында қозғалтқышты қолдану кезінде жылу алмасумен 11 жабдықталған салқындату жүйесінде судың қайнап кетпеуін қамтамасыз етеді.
Салқындату жүйесінің бұндай орындалуы шығарылған газдардың қуатын қолданып, қатты аяз кезінде радиатордағы 5 судың қатып қалу және жылдың жылы мезгілдерінде оның қайнап кету қаупін жоқа шығарады.
Құралдар 13 және 14 қоршаған ауаның температурасына қарай, қолмен немесе автоматты түрде басқарылады.
Ұсынылған салқындату жүйесінің негізгі артықшылықтары:
- ол ішкі жану қозғалтқышының қалыпты жылулық жағдайын сақтау жүйесі болып шығады;
- оны қазіргі ІЖҚ қолдану үшін қаржылық шығын қажет емес, себебі цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасы 1 және цилиндрдің жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасы 2 ешбір өзгертілмейді;
- қозғалтқыштың қалыпты жылулық жағдайының үнемі сақталуы, оның цилиндрлік-піспектік тобының тозуын, отын шығынын, қоршаған ортаның шығарылған газдардың зиянды компоненттерімен ластануын, құрал мен еңбектің пайдалану шығындарын азайтады;
- автокөліктің кабина мен салондағы температуралық режимді үнемі сақтау мүмкіндігі жылу тасушыдан жылуды айыру көмегімен пайда болады;
- термометр 9 және 10 көрсеткіштері қозғалтқыштың жылу жағдайын объективті бағалауға мүмкіндік береді;
- бұнымен қозғалтқыштардың күрделі жөндеу кезінде де жабдықтауға болады.
ІЖҚ сұйықтық салқындату жүйесі: цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасынан, жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасынан, штаттық термостаттан, радиатордан, гидравликалық сорғыдан, құбыржолдардан, қосымша термостатпен ерекшеленген термостаттан тұрады. Ал қосымша термостат штаттық термостатпен бірігіп су тасушыны (су, антифриз, тосол) гидравликалық контур бойынша бағыттайды: жиынтық бастиектерінің салқындату қаптамасы – штаттық термостат – қосымша құбыржол – цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының төменгі деңгейі. Бұл қозғалтқыштың иіндік біліктің айналым білігінен әр-түрлі аралықта орналасқан әр-түрлі деңгейде және қосымша термометрмен массалық-жылу алмасуды қамтамасыз етіп, цилиндр жиынтығының салқындату қаптамасының төменгі деңгейінде температураны тіркеп, штаттық термометрмен бірігіп, қозғалтқыштың жылулық деңгейін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Сұйықтық салқындату жүйесі 1 п. бойынша, оның қосымша термостат пен цилиндр жиынтық қаптамасының салқындату қаптамасындағы төменгі деңгейі арасындағы гидравликалық контур ішіне қозғалтқыштың шығарылған газдар жылуымен қыздырылатын жылу тасушысымен ерекшеленеді.
Сұйықтық салқындату жүйесі 1 п. және 2 п. бойынша, қоршаған ауаның жағымды температуралары кезінде жылу тасушы жүйесінде қайнап кетуді болдырмау үшін оның жылу алмасудағы қыздырылуы тоқтатылуымен ерекшеленеді.
20 сурет. Қосымша термостаты бар қозғалтқышты салқындату жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |