Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады


Ыстық сумен және маймен қыздыру



бет4/8
Дата25.01.2017
өлшемі5,78 Mb.
#7841
1   2   3   4   5   6   7   8

2.5 Ыстық сумен және маймен қыздыру

МАЗ, КрАЗ автокөліктеріне және басқа да ауыр және коммуналды техникаға арналған ЯМЗ-236 және ЯМЗ-238 қозғалтқыштар қандай да аяз болмасын қыздырусыз жеңіл оталдырылады, бұл үшін иіндік білікті 1-2 айналымға айналдыру жеткілікті. Бірақ 10°С төмен температурада картер табандығындағы майды қыздыру керек.

Көбінесе, біздің техникадағы салқындату жүйесі сумен толтырылған. Тұрақта жүйеден суды ағызып алады, ал жұмыс кезінде қайтадан құяды. -10°С аязында салқындату жүйесіне 35...40°С ыстық не болмаса жылы су құю керектігі, ал одан да төмен температураларды ыстық судың көп мөлшерде керектігі бәріне белгілі. Майды алдын-ала қыздырып, салқындату жүйесіне 30...40 л ыстық суды салқындату жүйесінің ашық ағызба крандары арқылы құйылады. Су, салқындату жүйесі арқылы өтіп және крандар арқылы ағып, қозғалтқышты қыздырады. Бұндай қыздырудан кейін жүйенің ағызба крандарын жауып, жүйеге қайтадан ыстық суды құяды. Бұл жағдайда қозғалтқыш жеңіл оталдырылады.

2.6 Жылулық аккумуляторларды қолдану

Дербес алдын-ала қосу қыздырғыштары арасында жылулық аккумуляторлар (ЖА) ерекше орын алып отырады. Олардың жұмыс жасау қағидаты ерекше және қарапайым. Арнайы термос-аккумулятор момтрдың жұмыс жасау кезінде ыстық салқындатқыш сұйықтығымен толтырылады және оны 36-48 сағат бойы сақтайды. Енді бұл уақыттың әр кезінде бұрын ауаға ұшып кететін осы тегін жылу майды іске қосу алдында қыздыру үшін пайдалануға болады. Бұл кезде жылулық аккумулятор қыздыру циклін 1-2 минут ішінде жүзеге асырады!



ТА-0,2-2 алдын-ала іске қосу қыздырғыштың сынақтары келесі нәтиже берді.


8 сурет. Сақтау уақытынан ЖА температурасының тәуелділігі

9 сурет. ЖА тікелей орнатылған қозғалтқыш қыздыру кестесі




10 сурет. Қозғалтқышты қыздыру кезінде отын шығынының кестесі

Қоршаған ауаның -20˚С температурасы және тұрақ кезінде 10-12 сағат бойы қыздыру циклінен кейін температуралық бергіші +12˚С ГБЦ сұйықтың температурасын бекітті. Жұмыс істеп жатқан моторды 40˚С дейін қыздыру уақыты 4 есе, ал жұмыс температурасына (80˚С) дейін 2 есе қысқартылады. Қыздыру режимінде отын шығыны 40-50% қысқартылып, жазғы көрсеткіштерге жақындалды.

ЖА құрылымы бойынша қарапайым, отынды жұмсамайды, аккумуляторды жүктемейді және өрт қауіпсіз. Ол электрлік қыздырғыштар секілді қуаткөзінің желісіне қосылмайды және оны әр жәрде және әр уақытта қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет