3.5 Өрт сөндіру автокөлігінің арнайы агрегаттарының жылулық дайындығы бойынша ұсынымдарды зерттеу және әзірлеу
Өрт сөндіру автошандарында су және көбіктүзгіш үшін қолданылатын сорғы бөлігі мен сукөбік коммуникацияларының сыйымды ыдысының жылулық дайындығын талдау, олардың төмен тиімділігін көрсетеді. ТЖ органдары мен бөлімшелері қолданатын қазіргі автошандарда (АШ) сыйымдылықтардың қыздырылуы жоқ. Өрт сөндіру автошандарын ауа-көбікті сөндірудің автокөлігі ретінде қолданылу және (қысқы мезгіл ішінде) мұнайөнімдері бар резервуарлардағы өрттерді сөндіруге шыққан жағдайда, көбіктүзгіштің температурасы едәуір төмендейді, оның тұтқырлығы артады, су мен көбіктүзгіштің қалыпты қоспа түзу және сапалы көбік алу мәселесі туындайды. Қазіргі отандық өндірістің автошандарында жылулық дайындық «Webasto» секілді қыздырғыштармен орындалуда. АШ құрылымында жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру құралдарын беру кезінде перделі есіктерді жабу мүмкін емес кезінде бөлік (отсек) ішінде өрт сөндіру сорғысының сукөбік коммуникациялардың орналасуы көзделген. Осыған байланысты өрт сөндіру автошандарының АШ-5,0-50/5(5333709) сорғы бөлігінде «Webasto» типтес қыздырғыштың жұмыс тиімділігін анықтау мақсатымен тәжірибелік сынақтар өткізілді.
3.6 ӨСА сорғы бөлігінің жылулық дайындығының тәжірибелік сынақтар
Беларусь Республикасының ТЖМ КИИ оқыту өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімінің гараж сыртына қоршаған ауаның -9˚С температурасы кезінде автошан орнатылды. Сынақтың бастапқы кезеңінде сорғы бөлігінің жабық перделі есік және жұмыс істеп тұрған қыздырғыш кезінде көбікшанашының (жоғары) және стационарлық көбіктүзгіштің (төмен) деңгейінде ауа температурасы өлшенді. Сорғы бөлігін осылай 10 минут қыздырғаннан кейін температура бергіштері температуралық жағдайының өзгерілуін: жоғары +15˚С, төмен +4˚С бекітті, келесі он минутта: жоғары +19˚С, төмен +6˚С бекітті.
Сынақтың екінші кезеңінде температура бөлік ішінде сол жерлерді анықталды, бірақ бұл кезде өрт сөндіру барысындағы жұмыс жағдайына сәйкес перделі есік ашық болды (сурет 21).
21 сурет. Жартылай жабық перделі есік пен жалғанған жең желілерімен сорғы бөлігінің жалпы көрінісі
5 минуттан кейін бөлік ішіндегі температура келесі белгілерді көрсетті: жоғары +12˚С, төмен -1˚С. Келесі тағы 5 минут ішінде: жоғары +8 ºС, төмен -3ºС. Тағы 5 минуттан кейін: жоғары +7ºС, төмен -4ºС. Зерттеу нәтижелері сызбада көрсетілген (сурет 22).
22 сурет. «Webasto» типтес автономдық қыздырғыштың жұмыс уақытынан сорғы бөлігіндегі температуралық режим өзгерілуінің тәуелділіктері. Бұл жерде 1,3 – жабық және ашық перделі есігі кезінде көбікшанашы деңгейіндегі ауа температурасы; 2,4 – жабық және ашық перделі есігі кезінде көбікаралыстырғыш деңгейінде ауа температурасы.
Достарыңызбен бөлісу: |