Төлеген Айбергенов көшесі – Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Болашақ»
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде
дүниеге келген. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі
мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады.
Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж.
Қоңырат аудындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш
ауданындағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы
жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері
республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен
мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама
жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім
байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ,
тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат"
(1965), "Қумдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір
тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді.
Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып
басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені
ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел
арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс
болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған
"Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.
Сағындым жаным, мен сені! Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң,
Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек – ғайбатқа бораған.
Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,
Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте.
Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға
Әуелі әбден сағынып алмай шығушы болма сапарға.
Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,
Бұлбұлдың дауысын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.
Сағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,
Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап.
Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын, бірінен-бірі
туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып атқыған сезім серпіні үзуге,
іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Төрт аяғы тең жорға Төлеген жырларын, шашасына шаң
жұқпас ақпа жырларға қара сөзбен түсініктер жазып сипаттап, суреттеп жату — бір әурешілік.
Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында бір бүйірден апшып
келіп, бір ақжал толқын ұрғаны есте. Төлеген — толқын. Арқырап ақжалданып шиыршық атып
келген толқын.