ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет337/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Шолан батыр көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Балауса» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау. Шолан Сырым бабаның жетінші атасы деген дерек 
бар. Байбақты — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Байұлынан таратылады. 
Қынық, Жауғашты,Күшпен, Бұғанай, Дәуімшар, Жомарт, Шолан,Сырым, Батақ аталарына 
бөлінеді. Ертеде Еділ мен Жайық өзендері аралығын қоныстанған. Сондай-ақ, Ресейдің кейбір 
облыстарында да ұшырасады. Байбақты руынан атақты Жауғашты, Күшпен, Дәуімшар, 
Жомарт, Шолан, Сырым, т.б. билер мен батырлар шыққан. Ұраны - Дәуқара, таңбасы - бақан, 
шалғы орақ, тағы екеуі бар. Біздің ойымызша, Байбақты руының тарихы өте қызықты. Айтар 
болсақ, Кіші жүз руларының көпшілігі сияқты, бұл рудың да шығу тарихы осы уақытқа дейін 
айқын болмай қалып өтыр. Байбақты руының шежіресін қарастыра келгенде, тоқсаба оның 
төртінші ұрпағы болып келетінін көреміз. Осыған байлаиысты XV ғасырдағы орыс 
деректемелерінде және Бейбарыс пен Ибн-Халдуңда бар ертедегі қыпшақтардың тоқсаба руы 
туралы мағлұмат қызықты, онда тоқсаба руы бірінші болып көрсетіледі. Бұл жайт бізге бүкіл 
байбақты руы болмаса да, оның әлде бір бөлігі ертедегі қыпшақтардан шыққан деп 
жорамалдауға мүмкіндік береді, оның үстіне неғұрлым кейінгі кездегі қыпшақтарда тоқсаба 
руы жоқ. Басқа да көптеген қыпшақ тайпалары сияқты, тоқсабаның кейіннен Кіші жүз 
құрамына, ал бір бөлігі ішінде қыпшақ руы бар қарақалпақ халқына енгені анық; 
соңғыларының ұраны Тоқсаба болып табылады. Ал рудың жаңа атауы (байбақты) шынында да 
жиі жорамал болып келгеніндей, кейіннен пайда болуы мүмкін. Ертедегі деректемелерде 
Байбақты руы туралы айтылмауын, бәлкім, осымен түсіндіруге болар. Байбақты руының таңба 
белгілері: және . (Тынышбаев бойынша). И. Мейер де бір ғана белгісін келтіреді. Таңбалардың 
осы әр алуан түрін мұқият қараған кезде олардың бәрі бірдей ұқсас екені және біреулерінде 
кішкене сызықшалардың негізгі сызыққа тік бүрышпен, ал басқаларында қиғашталып келуімен 
ғана ерекшелеттеді. Байбақты руының ұраны «Дәуқара», бізге Н. И. Гродеков пен М. 
Тынышбаевтың деректері бойынша ғана мәлім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет