37
Төменгісай, Сасықкөл, Барбастау
т.б. Ол сөздер топонимикада әр түрлі атауларға ие болып
жүр.
Г.Қ. Қоңғашбаев оларды «қазақтың халықтық география терминдері» деп атаса (29,3),
Б.Серебренников бұл сөздерді «индикатор-терминдер» (64,37) деп белгілейді. Топонимиялық
детерминативтердің (географиялық терминдер) объектінің түрлі қасиеттерін берудегі ролінің
шын мәнінде жоғары екендігін айта отырып, осы географиялық терминдерді қарапайым
халықтың өздерінің ойлап тапқандығына таңданасың. Демек, халық түрлі объектілерге ат
қойып, белгі тағу процесінде сол объектінің түрлі геофизикалық қасиеттері мен ерекшеліктерін
мүлтіксіз қамтыған. Ә.Қоңқашбаевтың осы сөздерді «халықтық географиялық терминдер» деп
атауы өте орынды екенін осыдан да көреміз.
Географиялық терминдер белгілі бір объектінің
түрлі қасиетін беруде үлкен қызмет атқарады. Олардың топонимикадағы ролін Э.М.Мурзаев
«топонимдердің мағынасын, семантикасын анықтауда жергілікті географиялық терминдердің
мәні зор. Сол себептен де топонимиялық зерттеулер халықтық географиялық терминдерді
жинау, олардың мағынасын түсініп, талдау негізінде болуы жөн»
деп жоғары бағалады (46,
99).
Әдетте географ пен қарапайым адамның объектіге көзқарасы екі түрлі болып келеді:
географ одан рельефті көрсе, жергілікті тұрғын объектінің шаруаға пайдасы тұрғысынан
қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: