Сергіту сәті. Көрініс «Байланыс».
Балалардың біреуі жүргізуші болады. Ол бөлмеден шығып, кетеді, ал қалғандары жүргізушінің кім болғандығын табуы керек. Ол туралы мінезіне сәйкес сұрақтар қойылады.
Оның мінезі қандай жануарға ұқсайды?
Қандай өсімдікке ұқсайды?
Қандай тамақ, сусын ішіеді?
Қойылатын сауалдар әртүрлә болғаны дұрыс және жүргізушунің қиялына байланысты. Тек бір ғана ескерту. Баланың кескін- келбетіне байланысты сұрақтар қоюға болады.
Ойын: «Қиялдаған затты беру»
Мақсаты: байқампаздығын, бейнелі ойлауын дамыту. Мысалы: мысықты сипайды, доппен ойнайды. Заттың атауы дауыстап айтылмайды, тез қимылмен көрсетілінеді. Зат барлығының қолынан өтеді, әрбіреуі нендей зат берілгенін қолымен ұстап көріп, сезіне білуі керек.» мамықтай жұмсақ,мысық, тығыз доп). Бұл жаттығу есте сақтауды дамытуға арналған тамаша тәсіл.
Қоштасу.
Үйге тапсырма: Ата-анасымен бірлесіп берілген тақырып бойынша дамыту. Жұмыстарын жүргізу. Есте сақтаудың қарапайым әдістерін ұсыну. Мысалы: бала бірнеше секунд жазу үстелінде жатқан заттарға назар аударып қарап алып, жауып қойып есіне сақтағанын айтып беру т.б. Тағы бір қарапайым әдісті ұсынуға болады: балаға өзін фотоаппарат деп елестетіп, өзін қоршаған заттар мен адамдарды, ситуациялық жағдайларды суретке түсірдеп ұсыныс жасау. Осындай қарапайым әдістерді үйде баламен жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |