Сабақ 9
Мақсаты: Қарым- қатынас дағдыларын жетілдіру, есту арқылы есте сақтауын жаттықтыру , өз бетімен зейін аударуын, есте сақтауын дамыту.
Құрал – жабдықтар: балалар орындықтары, қарындаштар, торлы және ақ парақ.
Сабақтың барысы.
Сәлемдесу. Балалар бір бірімен сәлемдесіп болған соң белсенді іс әрекетін арттыруға бағытталған ойын ұйымдастырылады. «Қағаз үстімен жүру». Балалар екі топқа бөлініп, ойын жарыс түрінде өтеді. Әр топта екі парақтан болады.Тек қағазды басыңыздар, ол үшін екі аяқпен бір парақ қағазда тұру керек. Ал, екінші парақты алдына тастау керек. (осылайша белгіленген жерге және қайтар жерге дейін). Барлық топ мүшелері кезекпен жарысады.
Достарыңызбен бөлісу: |