Зейінді дамытуға арналған сабақтар
сабақ
Мақсаттары: коммуникативті дағдыларды, зейіннің көлем, ауысу, тұрқтылық концентрациясын дамыту.
Құрал-жабдықтар: үлестірмелі материал, (корректуралы проблемалардың бланкілері), қарындаштар, өшіргіш, магнитофон.
Сабақтың барысы.
Сәлемдесу. Балалар амандасып болған соң, «Бұлақ» ойынын ойнауды ұсынуға болады. Бұл үшін балалар өз еріктері бойынша жұптарға бөлінулері керек. Жұптар қол ұстасып бір-бірінен соң қатар-қатар орналасады да, қолдарын жоғары көретіп шатырша құрайды. Ойын бастаушы шатыршаның астынан өтіп бара жатып өзіне жұп алып кетеді. Жаңа пайда болған жұп қатардың ең соңына орналасады. Жалғыз қалған бала шатыршаның ең басынан қайта кіріп өзіне жаңа жұп таңдайды. Бұл ойын социометриялық процедура болып табылады, өйткені әр бала үшін эмоциональді мән бар.
Сабақтың мазмұны.
1 жаттығу. Корректуралы проба «Қыздар»
Мақсаты: балалардың белсенделегін арттыру үшін ұйымдасқан қызмет жасауға кірістіруге дайындау.
Жүргізуші: «Балалар, мен сендерге би билеуді ұсынамын. Дөңгелектеніп тұрайық. Алдымен қайсыларыңның ырғақ сезу сезімдерің жақсы дамығанын анықтауымыз керек». Музыка ойнатылады. Жүргізуші бидің түрлі қозғалыстарын жылдам көрсетеді, ал балалар оларды айнытпай қайталауға тырысуы керек. Ойын аяғында ең жақсы биші анықталады.
«Не өзгерді?» ойыны.
Мақсаты: Зейіннің ауқымын дамыту.
Жалпы принцип: өзгертулер енгізу. Өзгертулердің саны алдын-ала айтылады.
4 жаттығу нұсқада өткізіледі. Алдыңғы сабаққы қарағанда бөлмеде не өзгерген? (сабақ, күн...)?
Заттардың орналасуында не өзгерді?
Сәулет өнерінің ескерткіштерін, көркем шығармалардың суреттерін пайдаланған кезде оларды алдын-ала талқылау балалардың эрудицияларының көтерілуінің кепілі болады. 10 секунд ішінде (дағды артқан сайын уақыт азайтылады) қатар-қатар орналасқан сураттерді құрастыру ұсынылады.
Шеңберде не өзгерді?
Ойынға қатысушылар шеңбер құрап отырса келесі нұсқаны пайдалануға болады. Жүргізуші үнсіз түрде (қолдиң қимылымен) ойнаушылардың орындарын ауыстыруларын нұсқап көрсетеді. Кейін жүргізуші бастапқы орналасу ретін қалпына келтіруі керек.
Сабақтың рефлексиясы
Қоштасу
Үйге тапсырма: Ата-аналар баламен осы тақырыпты үйде қайталаулары керек. Зейіннің тұрақтылығын арттыру үшін балаңызға газет – журналдардың мәтінін беріп оның әр жолын қарап шығып ондағы бір әріптің астын сызуды ұсыныңыз. Уақыт пен қателер санын қадағалап отырыңыз. Нәтижелерді күнделікті бақылап, кестеге белгілеп отырыңыз. Нәтижелердің артып отыруына сараптама жасаңыз.
2- сабақ
Мақсаттары: Оңды өзгерісті «Мен» бейнесінің қалыптастыру: кеңестік бағдарлауын, көру арқылы еске сақтауын, зейіннің есту арқылы қабылдауын дамыту; зейіннің көлем, ауысу, тұрақтылық концентрациялануын дамыту, көру- қозғалу концентрациясын дамыту.
Құрал жабдықтар: үлестірмелі материал «корректуралы пробалардың бланкілері), қарындаштар, өшіргіш, қызыл, көк түсті доптар.
Сабақтың барысы.
Сәлемдесу: Балалар амандасып болған соң ,»болғым келеді ойының ойнауды ұсынуға болады. Бұл ойын балаларға адам мінезіндемұндай қасиеттің болуын не себепті қалғанын түсіндіріп айтады.
Сергіту сәті: «Футболист» ойыны.
Мақсаты: кеңестікте бағдарлауын, көру арқылы есте сақтауын, есте арқылы қабылдауын және зейінін дамыту.
Ойыншылар ішінен футболист таңдалады. Ол бөлменің ортасына шығады. Оның көзі жабылған. Бір бала футболистке нұсқау беретін болады. Ол балаға допты дәл тебу үшін қай бағытта жүру керектігі жөнінде бағыт- бағдар береді.
Сабақтың мазмұны
2-жаттығу. «Кодтау» (Векслердің мәтіні бойынша сәл өзгертулермен) 1-10 дейінгі таңбалар жазылған бланк беріледі. Барлығы 5,10 саннан. Сандарды белгілі Жұлдыздармен кодтаудың үлгісі беріледі.
«Екі- үш буын» ойыны.
Мақсаты: зейінді, сөйлеуді, ойлаудың жылдамдығын дамыту. Балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші допты кездейсоқ ретпен балаларға лақтырып түбір сөз айтады. Ал балалар допты қағып алып сөзді әрі түрлендіреді..
Доп қызыл болса- (үй- үйлер)
Доп көк болса- (үй үйшік)
Сөздердің нұсқалары.
Бақ, бұта, мұрын, жапырақ, саңырауқұлақ, үстел, пышақ, шар.
Еден, мысық, шкаф, піл, емен, аға, ауыз, тіс.
Сағат, кесе, тиын, көз, қолшатыр, көже, сандық.
Сабақтың рефлекциясы.
Қоштаск.
Үйге тапсырма.
Ата-аналар баламен осы тақырыпты үйде қайталаулары керек. Зейіннің тұрақтылығын арттыру үшін балаңызға газет – журналдардың мәтінін беріп оның әр жолын қарап шығып ондағы бір әріптің астын сызуды ұсыныңыз. Уақыт пен қателер санын қадағалап отырыңыз. Нәтижелерді күнделікті бақылап, кестеге белгілеп отырыңыз. Нәтижелердің артып отыруына сараптама жасаңыз.
3-сабақ
Мақсаты: Өзара әрекеттесуге, бір- бірімен жақсы қарым- қатынаста болу дағдыларын қалыптастыру,зейіннің көлем,ауысу, тұрақтылық концентрациясын дамыту, қимылдардың еріктілігін дамыту, реакциялардың жылдамдылығын , бақылағыштықты, ұйымдасып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Құрал жабдықтар: үлестірмелі материал, (корректуралы проблемалардың бланкілері «Адамдар»), қарындаштар, өшіргіштер, ватман, орындықтар)
Сабақтың барысы.
Сәлемдеу: Балалар амандасып болған соң, «Бірлесіп сурет салу» ойынын ұсынуға болады. Әр оқушы тақтаға алдыңғы салынған сызықтарға қатысы бар 1 сызық жүргізеді. Нәтижесінде ортақ сурет шығады. Ойыншылар суретті талқылайды.Суреттің тақырыбын белгілеу керек.
Сергіту сәті: «Бұлай отыру қызықсыз» ойыны.
Мақсат:қимылдардың еріктілігін дамыту, реакциялардың жылдамдылығын, бақылағыштықты , ұйымдасып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Қарсы қабырғанның бойында балалардың орындықтар тұр. Олардың саны бала санынан біреуге кем. Балалар келесі қабырғанның бойындағы орындықтарға тез арада жетіп орыналу тиіс. Орындық жетпей қалған бала ұтылады.
Кеңестер: Тақпақ аяқталмай тұрып қозғалуға ,бірін-бірі итеруге , орындыққа бірінші болып отырған баланы тұрғызуға рұқсат бермеу керек.
Мына отырыс қызықсыз,
Бір- бірімізге қарай беру қызықты емес.
Өзгерістің сәті келді.
Орындарымызды ауыстырайық.
Содан кейін балалар қарама- қарсы қабырғанның бойындағы орындықтарға тез арада жетіп орын алуға тиіс. Орындық жетпей қалған бала ұмтылады.
Кеңестер: тақпақ аяқталмай тұрып қозғалуға, бірін- бірі итеруге , орындыққа бірінші болып отырған баланы тұрғызуға рұқсат бермеу керек.
Сабақтың мазмұны.
3-жаттығу:Корректуралы проба: «Адамдар».
Әр қатарда тоғыздан орналасқан адамдардың суреті беріледі. Олардың айырмашылығы қолдарын, аяқтарын, әртүрлі етіп ұстауларында.
Тапсырмалардың нұсқалары:
Бір аяғына сүйеніп тұрған адамдарды боя (астын сыз, штрихте, сана)
Бір аяғында тұрып қолдарын жан-жаққа сермеп тұрған адамдарды боя (астын сыз, штрихте, сана)
Аяқтарын алшақ басып, қолдарын жан-жаққа сермеп тұрған адамдарды боя(
(астын сыз, штрихте, сана)
Аяқтарын бір-біріне жақын қойып, қолдарын төмен салбыратып тұрған адамдарды боя (астын сыз, штрихте, сана)
Тапсырмалардың басқа да нұсқалары болуы мүмкін. Суреттегі адамдардың бастарын моториканы дамыту үшін штрихтеуді ұсынуға болады.
«Кім көбірек заттарды көріп, есіне сақтай алады» ойыны.
Мақсаты: зейіні мен ескуе сақтауын дасыту.
Тапсырма: жүргізуші 30 дейін санап болғанша балалар бөлмедегі құрамы екі буыннан тұратын заттардың атауларын естеріне сақтаулары керек. Отыз саны аталғанда балалар көздерін жұмады. Бір бала есіне сақтаған барлық заттарды айтып шығады. Ал қалғандары оны толықтырады. Енді бәрі көздерін ашып айтылмай қалған заттарды санайды.
Сабақтың рефлексиясы.
Қоштасу.
Үйге тапсырма: Ата-аналар баламен осы тақырыпты үйде қайталаулары керек, зейінді дағдылдандыру үшін нұсқауды өзгерту керек. Мысалы: әр жолдағы «а» әрпін сызып таста, ал «б» дыбысының астын сыз. Уақыт пен қателер санын қадағалап отырыңыз.
4 сабақ.
Мақсаттары: оңды түрдегі «Мен» бейнесін дамыту; іс-әрекеттердің іс жоспарын, ерікті зейінді дамыту; көру, қозғалу координациясының концентрациясын дамыту, зейіннің бөлінуін, тұрақтылығы, көлемін дамыту, бақылағыштығын дамыту.
Құрал- жабдықтар: үлестірмелі материал (кодтау тасырмалары бар бланкілер) қарындаш өшіргіш.
Сабақтың барысы
Сәлемдесу: Балалар амандасып болған соң «Мен өзімді ........ үшін жақсы көремін» ойыны ойналады. Бұл ойын балаға өзініңмінез- құлқындағы жақсы қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Бала өзіне ұнайтын қасиеттерді атайды, бұл ойнның мәні болып табылады. Кейін балалар өздерінің мінездеріндегі алаңдатушылық тудыратын қасиеттерді атайды. Да, оларға сараптама жасайды.
Сергіту сәті «Тыңда да орында» ойыны.
Мақсаты: Іс-әрекеттерін іштей жоспарлауын, ерікті зейінін дамыту.
Жүргізуші бірнеше іс- қимылды атайды, бірақ көрсетпейді. Тапсырманы 2 рет қайталайды. Кейін балалар осы тапсырманы жүргізуші көрсеткен бастапқы ретпен жаңғыртулары керек.
Басын оңға бұру, бастапқы қалып.
2.Оң қолын жоғары көтеру, сол қолын жоғары көтеру, қолдарын
жерге түсіру.
3.Оң аяғын көтеру, денесінің салмағын сол аяғын түсіру, оң аяғын жерге тіреу.
Ескерту: бірнеше ойынды жүргізуші рөлін мұғалім не алдын-ала дайындалған бала ойнау керек. Бірінші ойында балаларға бірден 4 тапсырманы беруге болмайды. Алдымен 2 тапсырманы беріп көріп бақылау керек. Жақсы орындайтын болса келесі екеуін беруге болады.
Сабақтың мазмұны
4- жаттығу. Кодтау 2. (Векслердің тестінен өзгертулермен)
Мақсат: көру қозғалу координациясының концентрациясын дамыту, зейіннің бөлінуін, тұрақтылығын, көлемін дамыту, бақылағыштығын дамыту. Балаларға тек үлгіде көрсетілген әріптерден тұратын сөздер беріледі.Балалар әр сөздің астына цифрларды жазады, сөзді әріптермен емес сандармен жазады. Мысалы: АЛМА- 9854
Сөздерді үлгіде көрсетілгендей жаз (бланк үлгісі бар 22 сурет)
«Тірі сурет» ойыны
Мақсаты: бақылағыштығын дамыту, көлемін дамыту.
Жүргізуші не балалардың біреуі ойынға қатысушылардан топ құрайды. «Тірі суреттің» сюжеті болуы да болмауы да мүмкін. Ойын бастаушы 30 секунд ішінде мүсінді қарастырады да теріс қарайды. Суретке алдын –ала айтылған өзгертулер кіргізіледі. (2 ойыншы орындарын ауыстырады, үшіншісі жоғары көтерген қолдарын төмен түсіреді, төртіншісі басқа жаққа бұрылады., барлығы 3 өзгеріс. Ойын бастаушының мақсаты суретті бастапқы қалпына келтіру.
Сабақтың рефлексиясы.
Қоштасу.
Үйге тапсырма: Ата-аналар баламен осы тақырыпты үйде қайталаулары керек Зейіннің бөлінуін, аысуын жаттықтыру үшін келесі тапсырманы беруге болады. Егерде «а» әрпінің алдында «н» әрпі тұрса «а» әрпән мүлде сызып таста, ал «а» әрпінің алдында «л» әрпі тұратын болса онда «а» әрпінің астын сыз. Уақыт пен қателер санын қадағалап отырыңыз.
Бланк
Рнаисманнапрадалджждлшгнекалрнакепммроллднаьтолаапаланпроиирналмсавкуевпанрпогншалимппалдпгеопрнкпананнананаалдпгенкнаалоррртпнернаисманнапрадалджждлшгнекалрнакепммроллднаьтолаарпненаалдоррр
5- сабақ
Мақсаттары: Топта жұмыс істеу дағдарысын дамыту; ерікті қимылдарады, реакциялардың жылдамдылығын, координациялық қабілеттерді, образды бейнелеуді дамыту; зейіннің тұрақтылығын, концентрациясын, көлемін дамыту.
Құрал-жабдықтар: үлестірмелі материал, (алдын-ала сызылған 64 торкөзден тұратын бір парақ қағаз) қарындаш, өшіргіш.
Сабақ барысы:
Сәлемдесу: Балалар амандасып болған соң, «Электор тоғы» ойынын ойнауға болады. Балалар қол ұстасып шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші шеткері тұрып ойынның барысын бақылайды. 1-ойыншы оң жағындағы көршісінің қолын қатты қысады. Ойын осылар жалғаса береді. «Тоқта» белгісі берілгенде ойын тоқтатылады. Жүргізуші қолды қысу арқылы импульс беру қай ойыншыда тоқтатылғаннан табуы керек. Егерде ол дәл тапса анықталған ойыншы жүргізуші рөліне көшеді. Жүргізуші қаталескен жағдайда ол әрі қарай ойын бастаушы болып қала береді.
Сергіту сәті «Молкекулалар»
Мақсаты: Ойыншылардың өздерін еркін ұастауына, бір-бірімен жақсы қарым-қатнас құруларына көмектеседі.
Таптағы ойыншылар (атомдар)бей-берекет қозғалыста болады.
Жүргізушінің белгісі бойынша олар молекулаларға бөлінеді (2-5 атом). Бұған 10 секунд уақыт беріледі. Молекула құрамына кіре алмаған балалар ойыннан шығады. Жүргізуші ылғи да бір ойыншы артық қалатындай етіп тақ санды атауы керек.
Сабақтың мазмұны:
«Зейін сарайы» ойыны.
Мақсатары: зейіннің тұрақтылығын, концентрациясын, көлемін дамыту.
Екі бала торкөз парақтарға әрқайсысы 64 шаршыдан сызады. Шаршының контуры солдан оңға қарай горизонталь бойынша, жоғарыдан төменге вертикаль бойынша әр топтың жанына біріңғай 1-8 дейінгі сандарды қойып шығады. Контурдың ішінде бірінші ойыншы «Зейін сарайын» берлгілейді де лимон бедерін келтіріп «Зейін сарайына» апаратын жолды белгілейді. Жол кез келген бағыттарды жүруі мүмкін. Бір ережені қатаң түрде сақтау керек. Әр адым тек қана торлардлың ортасынан басталып ортасынан аяқталады. Сызба өз-өзіне қиысуы керек. (23-сурет) бірінші ойыншы өзі белгіленген жолды екінші ойыншыға көрсетеді де (20-30 секунд) парағын тығып қояды. Екінші ойыншы алдыңғы ойыншының салған жолын есіне түсіріп өзінің парақтарындағы торларға сызады. Оған жолдың басталатын және аяқталатын жерлері көрсетіледі. Торлардың орналасуы ретін анықтау үшін алдымен горизонталь орналасқан санды айтып содан вертикаль орналасқан санды атайды. Екінші ойыншы бірінші ойыншының жолы өтуі мүмкін деген сандарды (координаттарын) атайды да екеуі бірдей сол сандарды өздерінің парақтарына белгілейді. Екінші ойыншы қателескен болса бірінші ойыншы оған бағыттан тайғаны туралы айтады. Егерде ол Зейін сарайына жетпей тұрып 5 қателік жасаса ойыннан шығады. Ойын біткенде балалар рөлдерін ауыстырады.
«Сөзді аяқта» ойыны.
Мақсаты: Зейінді, сойлеуді, еске сақтауды, топта жұмыс істеуді дамыту.
6-10 бала екі шеп қатар құрып бір-біріне қарсы тұрады. Шептің соңында тұрған бал кез келген бір буынды атайды.. оған қарсы қатарда тұрған бала алдыңғыға сәйкес келетін буыды атайды. Осылайша ойын жалғаса береді.
Сабақтың рефлексиясы.
Қоштасу.
Үйге тапсырма. Ата-аналар осы тақырыпты үйде қайталаулары керек. Зейіннің тұрақтылығын, ауысуын жаттықтыру үшін балаға келесі тапсырманы беруге болады. Егерде «а» әріпінің алдында «д» әріпі тұрса «а» әріпінің астын сыз, ал «а» әріпінің алдында «ж» әріпі тұратын болса, онда «а» әрпін сызып таста. Уақытты, қателер санын қадағалап отырыңыз.
6-сабақ
Мақсаттары: сыныптастарына жақсы көзқараста болу, олармен жақсы қарым қатынас орнату дағдысын қалыптастыру, көру зейінінің тұрақтылық концентрациясын күшейту, ерікті зейінді дамыту.
Құрал-жабдықтар: секундомер, «Шатастырылған сызулар» бланкілері, қарындаш, өшіргіш.
Сабақтың барасы:
Сәлемдесу.
Ойнаушылар шеңбер бойымен тұрады.
Нұсқау: «Бүгінгі сабақұты бір-бірімізге жақсы лебіздер білдіріп, тілек айтудан бастайық. Оны былайша істейміз: біреулерің басқа бір баланың жақындар барып, амандасып, оған бүгін қандай тілек тілейтіндеріңді айтасындар». Осылайша әр балаға тілек айтылғанға дейін ойын жалғаса береді.
Ергіту сәті: «Айдаһар өзінің құйрығын тістейді» ойыны.
Көңілді әуен қосылады. Балалар бір-бірінің артына тұрып қолдарын алдында тұрған баланың иығына қояды. 1-бала айдаһардың басы. Соңғы ойыншы айдаһардың құйрығы, басы құйрығын ұстап алуға тырысады. Ал соңғы бала ұстатапауға тырысады.
Кепілдеме: бұл ойында әр балаға жүршізуші болу кезегі тиюі керек. Ойын кезінде балалар бір-бірінен айырылмай ұстаулары керек.
Сабақтың мазмұны:
5-жаттығу. «Шатастырылған сызулар»
Мақсаттары: көру зейіннің тұрақтылығын, концентрациясын күшейту. Жаттығу жекелей де топпен де өткізілуі мүмкін. Жұмыстың басында балаларға тапсырма хабарланады: «Сендердің алдарыңда бірнеше шатастырылған жолақтардығ сураті бар парақтар жатыр. Жолақтардың әрқайсысы аолдағ оңға қарай басталады. Мақсаттарың: әр жолақты солдан оңға қарай бақылап, ол аяқталатын торға өзінің цифірін қою. Бірінші жолақтан бастайсыңдар. 24-сурет».
Берілетін жолақтардың саны оқушылардың дайындықтарына байланысты болады. Тәжірбие олардың 5-8 болуын көрсетеді. Алдыңғы кезде балаларға жолақтарды қарындаштың не саусақтың көмегімен қарастыруға рұқсат берігк болады. Кейін көзбер бақылаулары керек.
Бұл жаттығу 2 нұсқада өтуі мүмкін:
-уақытқа шектеу қойылмайды, (тапсырманы орныдап болған бала қолын көтерген кезде мұғалім оның уақытын арнайы толтырылатын бланкіге жазып қояды).
-уақытқа шектеу қойылады. (мұғалім «тоқта» белгісін бергенде балалар бірыңғай жұмытраын аяқтайды).
Нәтижелер келесі әдіспен сарапталады. Уақыт шектелетін нұсқада нәтижелерді сараптау дұрыс табылған жолақтармен санаумен шектеледі, келесі нұсқада тапсырманы орындауға кететін уақыт те ескеріледі. Бұл кезде тапсырманы қалай орындағандарына назар аударылады.
Ж=Ух
Т-тапсырманы орындауға кететін уақыт (мин).
-жолақтар саны.
-дұрыс табылған жолақтар саны.
«Аңқаулар» ойыны.
Мақсаты: ерікті зейінді дамыту.
Ойнаушылар қол ұстасып шеңбер бойымен жүреді. «Ж» белгісі бойынша тоқтап 4 рет шапалақтайды да бір айналып қозғалысты ары қарай жалғастырады. Қозғалыстардың бағыты «Ж» белгісі бойынша өзгеріп тұрады. Тапсырманы дұрыс орындамаған бала екінші қателіктен кейін шеңберден шығып ойынды мұқият бақылайды.
«Қай бала кімнің рөлін ойнайды?» ойыны.
Мақсат: зейінді, қиялды, ойлауды, сөйлеуді дамыту. Балалар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші әр балаға кезекпен сұрақ қояды.
«Кім болады?», «Не болады?»
Жұмыртқа, балапан, ер бала, жаңғақ, уылдырық, құрт, ұн, темір, кіргіш, мата, оқушы, мұғалім, қыз бала, бүршік, күшік, жүн, тері, бұзау, тақта, балапан, лақ, қозы т.б.
Сабақтың рефлексиясы.
Қоштасу.
Үйге тапсырма: қайталау. Зейінді бөлшеутеуді дағдыландыру үшін оған келесі
тапсырманы орынды ұсынуға болады: бала сандары кері тұрып сіз көрсететін қарапайым дене шынықтыру жаттығуларын қайталап тұруы керек
7-сабақ.
Масаты: коммуникативтік дағдыларжды дамыту; көру зейінінің концентрациясының тұрақтылығын күшейту, қабылдаудың таңдаушылығын дамыту, зейінді тұрақтандыру, қызбалылықты жою.
Сәлемдесу. «Сақина» ойыны.
Мақсаты: коммуникативті дағдыларды дамыту.
Жүргізуші таңдалады. Оған «Сақина» беріледі (кез келген ұсақ зат). Ойыншылар алақандарын ішкі жағымен қаратып бір-біріне түйістіріп ұстап қатарға тізіліп тұрады. Жүргізуші қатардағы барлық балалардың алақанына өзінің алақандарын түсіре отырып, ешкімге білдіртпей «сақинаны» тастап кетеді. Бұдан кейін жүргізуші ортаға шығып: «Алтын зерлі сақина жарқырап бір көрінші, - » деген кезде сақинаны жасырған бала алға шығады. Ал қалғандары оны ұстап қалуға тырысады.
Сергіту: «Доп ойнау» ойыны.
Сабақтың мазмұны:
7 жаттығу: «Жануарлар» ойыны.
Мақсаты: көру зейінінің шоғырлануын, тұрақтылығын дамыту, ауысуын дамыту, көлемін ұлғайту, қабылдауының таңдаушылығын дамыту.
Тапсырма топпен де жеке түрде де өтуі мүмкін. Ереже суретте жасырынып тұрған жануарларды санап әрқайсысының атывн параққа жазып қою.
«Минут» ойыны.
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту, қызбалылықты жою. Жүргізуші балалардан ойша 1 минутқа тең болатын (60 секунд) уақытты санау ұсынылады. Уақыт өткенде балалар қолдарын көтереді. Жүргізуші секундомердің көмегімен шынайы уақытты өлшеп, қате саналға уақытты санайды.
Сабақтың рефлексиясы.
Қоштасу.
Үйге тапсырма: «Поездде»
Мақсаты: сөйлеу – қозғалу зейінін дамыту.
өлеңдегі ұйқастар тармақтың аяғында келеді. Сондықтан әр тармақтың аяғында 2-3 рет қол соғады.
Бір дегенім – білім,
Екі дегенім – елім,
Үш дегенім – үйім,
Төрт дегенім – төрім,
Бес дегенім – берекем,
Орнайды сонда мерекем! (т.с.с.)
Ескерту: жаттығуды тұрып орындау керек.
8-сабақ.
Мақсаттары: Коммуникативтік қабілеттерін дамыту, зейіннің бөлінуін күшейту, ерікті зейінін, нақты қозғалыстарын, ерік-жігер сфераларын қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар: Үлестірмелі материал, қарандаштар, өшіргіштер, магнитофон.
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу. Балалар бір-бірімізбер белгілер көрсету арқылы амандасайық. Сергіту сәті: «Саусақтар» ойыны. Жаттығу қимылдардың үйлесімділігіне арналған. Жүргізуші белгісі бойынша балалар 1-10 дейінгі аралықта саусактарын көрсетеді. Топ уәделеспей бірдей сандарды көрсетулері керек. Ойын кезінде үнсіздік сақталады. Ойын мақсат орындалғанға дейін жалғаса береді.
Ойын аяқталғанда талқылау жүргізіледі. Балаларға бірлесе оытрып мақсатқа қалй жеткендері туралы сұрақтар қойылады.
Сабақтың мазмұны:
10-жаттығу.
Мақсаты: Зейіннің бөліну деңгейін күшейту. Бұл тапсырманы жеке де топтық та жұмыс ретінде пайдалануға болады. Жұмыс кезінде жеке кестелерді немесе 2 слайдты және эпидоскопты пайдалануға болады.
Жұмыстың 3 нұсқасы болуы мүмкін:
А) №1-кесетемен;
Ә)№2-кестемен;
Б) екі кестені де пайдалана отырып (алдымен №1-кестені пайдаланып, 10 минуттық үзілістен кейін №2-кестені пайдалану).
Уақыт шектеледі: №1-кесетмен 1-3 минут, №2-кестемен 2-7 минут.
Психолог: «сендердің алдарыңда 1-25 дейінгі сандар ретсіз түрде орналасқан кесте бар. Барлық кестеде 16 сан бар, демек 9 сан жетпейді. Сендерде 1-25 дейінгі сандар ретпен орналасқан парақтар бар. Мақсаттарың кестеден 1-ден әрі реттік саны бойынша келетін сандарды табу. Егерде кестеден кейбір сандарды таба алмасаңдар ол санды сандар берілген парақтан тауып сызыңдар. Қатесіз жұмыс істеуге тырысыңдар. №2-кестемен де сондай жұмыс жүргізіледі. Біріқта бұндағы цифрлардың диапазоны көбейтілгенімен 25 сан қолданылады. Жақсы нәтижелерге жеткен күнде сандардың қолданылу диапазонын 40 пен 70 аралығында көбейтіп, ал кестедегі ұяшықтардың санын 25 етіп қалдыруға болады».
1
|
18
|
5
|
9
|
3
|
13
|
22
|
6
|
8
|
19
|
7
|
21
|
25
|
10
|
4
|
15
|
16
|
1
|
12
|
27
|
13
|
30
|
5
|
11
|
9
|
14
|
23
|
2
|
24
|
20
|
8
|
19
|
«Сиқырланғандар» ойыны. (әуен қосылады).
Мақсаты: ерікті зейінін, ерік жігер сферасын дамыту, қозғалыстарының мәнерлілігін қалыптастыру, коммуникативті қабілеттерін дамыту.
«Назар аударыңдар!» ойын бастаушыны таңдаймыз. Қалған балалар бөлмені аралап кетеді. «Тоқта!» бұйрығы берілген кезде барлықтарың қата қаласыңдар. Ойын бастаушы бала қатып қозғалмай тұрып баланы күлдіруге тырысады. Мақсатына жеткен кезде ол баланы өзіне қосып алады.
Ескерту: барлық балалар сиқырдан арылған кезде ойын тоқтатылады. Күлмеген балалар жеңімпаз атанады. Ойынды кем дегенде 3 сабақта өткізу керек.
Қоштасу.
Үйге тапсырма: Қайталау. Зейіннің ауысу қабілетін дамыту үшін балаға әртүрлі сөздерді атаңыз.: үстел, кереует, кесе, тостаған, қарандаш, дәптер, кітап, торқай, шанышқы т.б. алдын ала жасалған келісім бойынша бала кейбір сөздерге тиісті түрде жауап қайыруы керек.
9 сабақ.
Мақсаты: коммуникативтік дағдыларын, қимыл-қозғалыс еріктілігін, реакцимялардың жылмадылығын, координациялық қабылдауын дамыту, зейіннің көлемін, қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту.
Құралдар: эпидаскоп, слайдтар, қарандаш, өшіргіш.
Сабақтың барысы.
Сәлемдесу. Балалар аманмдасып болған соң, коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін балаларға «Хат» атты ойынды ойнатуға болады.
Ойыншылардың арасынан жүргізуші таңдалады. Ол ойыншыларды бақылайды. Ойыншылар қол ұстасып тұрады. Хат қол алысу арқылы жіберіледі. Қол алысу сол хат жолданған балаға хат жеткуенше жалғасады. Балаға хат келгенде ол хатты алғандығын дауыстап айтады да, кез келген ойыншыға басқа хатты жібереді. Ойыншылардың мақсаты «хатты жіберген» кезде қол алысуды жүргізушіге білдірмеу. Жүргізуші қол алысуды байқап қойса оның орнына қол алысуды білдіріп алған бала шығады.
Сергіту сәті: «Оң жағындағы көрші» ойыны.
Мақсаты: қимылдардың еріктігін, реакциялардың жылдамдығын, координацияны, қабыдауды дамыту.
Ойыншылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші әр түрлі сұрақтар қояды немесе қарапайым қозғалыстарды көсетеді. Өтінішті орындайтын сол өтініш қаратылып айтылған баланың емес, сол баланың жағында тұрған баланың орындауы ойынның мәні болып табылады. Жүргізуші ол балаға қарамайды да.
Сабақтың мазмұны.
11-жаттығу.
Мақсаты: зейіннің көлемін ұлғайту.
Сабақ топтық түрде өтіліп, жарысу элементтерінен тұрады. Балаларға «Назар аударыңдар!» белгісі берілген кезде экранның ортасына шығатын (0,5 секунд ішінде) жазуды еске сақтап, жазып алуға тиіс. Екі ең ұзақ сөздің ішінен бала 5 әріпті дұрыс тапса, олар жеңіске жетеді.
1-тапсырма.
4-16 әріптен тұратын баланың ана тіліндегі сөздер. Мысалы: кесе, тостаған, күріш, құмырсқа, күн, сия, құрлысшы.
Барлығы 18 слайд, 9-дан екі құрам. Әр тапсырманың слайдтары әріптер саны ұлғайған кезде көрсетіледі.
«Өз орныңды есіңе сақта» ойыны.
Мақсаты: көру арқылы қабылдауын, зейінін дамыту.
Топтың жетекшісі жылдам түрде әр баланың орнын айтады. Балалар оны еске сақтаулары керек. Мысалы: бұрыш, төр, босаға, т.б. балалар жүргізуші белгі берген кезде таптасады. «Орын» белгісі берілген кезге дейін балалар өз орындарын табуы керек.
Ескерту: Жүргізуші белгісін кез келген бір ритімді әуенге ауыстыруға болады. Ойынды 2-3 рет өткізу керек. Балалар бұл ойынды тез игеретін болса, қайталаудың қажеті жоқ.
Сабақ рефлексиясы.
Қоштасу.
Үйге тапсырма: бастауыш сынып оқушыларының көру арқылы есте сақтауын дамыту мақсатында түрлі анаграммаларды беруге болады. Мысалы:
ЛАРМАСА (МАСАЛАР)
ЛЕРГІРТШЕКЕ (ШЕГІРТКЕЛЕР)
Жаңа сөздерді құрайтын анаграммалар:
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ.
Мал шық қылыш
Шырақ ғарыш шыр
Шығыршық қар шар
Ар қыш қыр
Ара қара шам
10-сабақ.
Мақсаты. Коммуникативтік дағдыларын дамыту, кеңістіктегі бағдарлауын дамыту, көру арқылы еске сақтауды, есту арқылы қабылдауды дамыту, зейіннің көлемін ұлғайту, зейіннің шоғырлануын дамыту.
Құралдар: эпидаскоп, қарындаш, өшіргіш, парақтар, фломастер.
Сабақтың барысы:
«Не үшін жақсы көреміз?» ойыны.
Жазбаша түрде орындалады. Әркім өзіне ұнайтын баланы таңдайды. Бұл адамды таңдайды. Бұл адамды сипаттайтын біраз сөз жазуы керек (есімін атамай). Барлық мінездемелер оқылып болған соң, олардың әрқайсысының қай балаға қатысты айтылғанын балалар шешуі керек.
Сергіту сәті. «Қимылды еске сақта» ойыны.
Мақсаты: кеңістік тік бағдарлауды дамыту, көру арқылы есте сақтауын дамыту, есту зейінін дамыту.
Балалар жүргізушінің соңынан барлық қимылдарды қйталайды. Олар әр қимылдың ретін еске сақтаған кезде, осы қимылдарды кері ретпен орындаулары керек.
Қимылдар: отыру, тұру, қолды жоғары көтеру, төмен түсіру, оң аяқты жылжыту, отыру, сол аяқты солға жылжыту, отыру, тұру, басты оңға бұру, солға бұру, тура қарау.
Сабақтың мазмұны:
12-жаттығу.
Мақсаты: зейіннің көлемін ұлғайту.
Сабақ топтық түрде өтіліп, жарысу элементтерінен тұрады. Балаларға «Назар аударыңдар!» белгісі берілген кезде экранның ортасына шығатын жазуды еске сақтап, жазып алуға тиіс. Екі ең ұзақ сөздің ішнен бала 5 әріпті дұрыс тапса олар жеңіске жетеді.
2-тапсырма.
3-9 әріптен тұратын мағынасыз сөздер. Мысалы. РЛТО,...
Барлығы 18 слайд, жеті-жетіден 2 құрам.
Әр слайд әріптер санының көбеюіне байланысты көрсетіледі.
«Бұйрық бойынша санау» ойыны.
Мақсаты: зейіннің концентрациясын (интенсивтілігін дамыту). Балалар 2 тоапқа бөлінеді. 10,20 көлміндегі сандардың реті және пайдаланылатын арифметикалық операциялардың түрі айтылады (қосу, азайту). Екінші топтың балалары сандардың ретін мұқият қадағалап ойша амалдарды іске асырады. Қай топтың жауаптары дұрыс болатын болса, солар жеңімпаз атанады.
Сабақтын рефлексиясы.
Қоштасу
Үйге тапсырма: зейін тренингтері үшін келесі тапсырма қолданылады:
Не өзгерді? (екі не одан да көп суреттерді салыстыруға болады).
Не жетпейді?
Екі сурет арасындағы 5-10 айырмашылықты тап.
Ұқсас заттардың арасынан қайсы өзгешелеу?
Сурет салу (нүктеден нүктеге дейін).
Анықтама: бұндай тапсырмалар балалар журналдарында көп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |