Р. Мәрсеков атындағы қазақ орта мектебі


Қарым – қатынас дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар



бет25/25
Дата24.02.2022
өлшемі267 Kb.
#133260
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
115414052833 (1)

Қарым – қатынас дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар.

Сабақ 1
Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, материал арасындағы байланысты орнату, іскерліктерін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға жаттықтыру, жылдам шешім қабылдауға және тұтастай қабылдауларын дамыта түсіру.


Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, үлестірмелі материал (жеке заттар бейнеленген карточкалар).

Сабақтың барысы:


Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен амандасып болған соң, олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Би» атты ойын ұйымдастырылады.
Сабақтың мазмұны:
2-жаттығу.
Мақсаты: материал элементтері арасындағы байланысты орнату іскерліктерін дамыту. Оқушылар алдында жеке суреттер салынған 15-20 карточкалар таратылады (мысалы: алма, троллейбус, шәйнек, ұшақ, қалам, көйлек, машина, ат, жалауша, әтеш және т.б.)
Жүргізушінің сөзі: мен қазір бірнеше сөз айтамын. Мына суреттерге қара, ішінен әр бір сөзді есте сақтауға көмектесетін суретті жеке алып қой. Содан кейін бірінші сөз оқылады. Оқушы суретті жеке қойғаннан кейін, екінші сөз оқылады. Ары қарай оқушы жеке қойылған суреттерді рет-ретімен алып, олардың көмегімен оқылған сөздерді еске түсіріп айтады. Мысалы: өрт, зауыт, сиыр, орындық, су, ән, отыру, қате және т.б.

Сергіту сәті. «Өтінемін» ойыны.


Мақсаты: еркін қимылдарын, жылдам, бейнелік ойлауларын дамыту.
Жүргізуші әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетеді. Егер жүргізуші «Өтінемін» немесе басқа ойлаған сөзді айтса, қатысушылардың барлығы көрсетілген қимылдарды қайталайды. Кім қателессе, сол ойыннан шығады немесе бір адымс артқа шегінеді.

3-жаттығу.


Материал элементтері арасындағы байланысты анықтауға арналған жаттығу. Оқушыларға бірнеше сөз беріледі. Одан кейін әңгіме құраңуларын жеңілдету үшін қандайда бір қасиеттері бойынша біріктіру қажет.
Аю ауа
Арба ваза
Ара мысық
Қоңырау күн
Су
Сабақты қортындылау.
Қоштасу

Үйге тапсырма: ата-аналарға үйде баламен өтілген тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Алынған ақпаратты көру бейнесінде қабылдау дағдысын қалыптастыру, елестету дағдысы және де баланың зейінін, қабылдауын тексеру үшін мынадай жаттығу беріледі. Қиялындағы затты көрсете білу керек. Жүргізуші бір заттың атын қағазға жазып береді, атауы аталмайды. Оның іс-қимылын көрсетеді, ал бала жасырынған затты табады. Содан кейін бала затты өзі жасырады. Мысалы: мысық десе, қалған балалар оның қимылын бейнелейді.

2 сабақ.
Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, материал арасындағы байланысты орнату, іскерліктерін дамыту, өз бетімен зейін аударуларын жетілдіру.
Құрал – жабдықтар: балалар орындықтары, үлестірмелі материалдар (жануарлардың аттары жазылған суреттер).
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен амандасып болған соң, олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Кім ұшады?» атты ойын ұйымдастырылады.
Ойын шеңбер ішінде өтеді. Жүргізуші балалардан кім ұша алады деп сұрайды. Олар бір уақытта жылдам жауап беруге тырысады. Егер жүргізуші ұшатын затты айтса, балалар хормен «ұшады» деп жауап береді және қалай ұшатынын көрсетеді. Егер ұшпайтын зат болса, онда олар үндемейді.

Сабақтың мазмұны:


16-жаттығу.


Материал элементтері арасындағы байланысты анықтауға арналған жаттығу.
Тапсырма: суретке зейін қойып қараңдар. Онда жануарлардың аттары берілген. Осы жануарларды бейнелей отырып, бір-бірімен байланыстыра әнгіме құра. Содан кейін суреттерді жауып, балалар өз қағаздарыңдағы жануарлардың атауларын өз орнына қою керек.

Сергіту сәті.


Балаларға кішкене мақал, жаңылтпаш, төрт жолды тақпақ беріледі. Олар шеңбер бойынша жүре отырып немесе орындарында осы берілген тапсырманы қайталайды. Қайталау брысында ең ақырғы сөзді, не буынды айтпай, оның орнына қолдарын шапалақтайды.

17-жаттығу.


Материал элементтері арасындағы байланысты анықтауға арналған жаттығу.
Бұл жаттығудың мақсаты: оқушылардың ассоциативтік ойлау қабілетін оятады. Оларға бінеше сөз беріледі. Осы сөздерді оқи отырып, осы сөзбен байланысты ойларына келген барлық сөздерді жазып отыру керек. Мысалы: түйе-өркеш, тау, шөл, кактус, саз.
Соңынан балаларды 2-3 сөзбен жұмыс істету керек. Бұл жаттығуды жиі қолданса, олардың ассоциативтік ойлау дағдысы қалыптасады. Мысалы: тырнақ, стакан, күншуақ, есек және т.б.

Сабақты қортындылау.


Қоштасу

Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Берілген сөздер тобы: стақан, тырнақ.


3 сабақ

Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық және логикалық емес ассоциялық дағдыларын қалыптастыру, шұғыл шешім қабылдау және үйлесімділік ікерліктерін дамыту.

Құрал- жабдықтар: балалар орындықтары үлестірмелі материалдар (сөздер жазылған карточкалар).


Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Бір әріпке» атты ойын ұйымдастырылады.


Сабақтың мазмұны:


18 жаттығу. «Дерексізді нақтылау».
Мақсаты: Маериал элементтері арасындағы байланысты орнату іскерліктерін дамыту( логикалық ассоциясы). Тапсырма: «Нақты көру бейнесін табыңдар, яғни төменде берілген сөздің әрқайсысымен бірлесетін сөзді табу. Мәселен, махаббат, жүрек және т.б.
Қыс уақыт кедейшілік
өлім ыстық төзім
бостандық түскі ас ауру
шындық энергия зерігу
нәзіктік жылдамдық үміт
кінәлі бақыт
Бұл жаттығулардың барлығы балалардың логиклық ассоциация іскерліктерін қалыптастыруға , логикалық есте сақтауға тура келеді. Бірақ та мектепте логикалық байланысы жоқ материалдарды есте сақтауға тура келеді. Осы дағдыларды даиыту үшін мынандай жаттығулар ұсынамыз.

Сергіту сәті: Ойын. «Оң жақтағы көрші»


19 жаттығу. «Логикалық емес ассоциация».
Оқушыларға бір-бірімен байланысы жоқ бірнеше сөз берілді:
Кітап гүл шұжық сабын
Осы сөздерді байланыстыратын ассоциациятабу ұсынылады. Қиялдарына еркіндік беру қажет, ол үшін балалар осы сөздерді айтқанда ойларына келген ассоциацияларды жазады ең соңында кішігірім әңгіме шығу керек.балаларда тұрақты дағды қалыптасу үшін бұлжаттығу үнемі қолдау ұсынылады.

Сабақты қорытындылау.


Қоштасу.

Үйге тапсырма: Ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. 18- жаттығу бойынша берілген сөз тобы: кедейлік, зерігу, бақыт.19 –жаттығу бойынша: алма, сағат, қарындаш, пышақ.


4 сабақ.
Мақсаты: Қарым- қатынас дағдысының жүзеге асуы. Логикалық, және логикалық емес ассоциациялық даму қабілетін анықтау. Есте сақтау дамуының дәлділігі зейіннің, есте сақтаудың, қоршаған дүниені қабылдаудың дамуы.


Құрал- жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, бояу, түрлі қарындаштар, қылқаламдар.
Сабақтың барысы.
Сәлемдесу: Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенділігін арттырып, іске жұмылдыру негізінде мынандай ойын ойнатуға болады. «Затты ұтып ал». Жүргізуші кез келген затты таңдайды. Мысалыға: қалам, шарф т.б. бұл заттарды шеңбер бойнша балаларға беріп жібереді. Бұл зат әр түрлі басқа зат орнына жұмсалады. Әр бір ойыншық бұл затты басқа зат ретінде бейнелеп көрсету керек, яғни бұл ойлаған затқа байланысты іс-әрекеттер көрсету керек. Мысалы: қолыңыздағы қаламды градусник ретінде көрсетеміз. Градусникпен әр түрлі қарапайым іс атқаруға болады. Мысалы: сілкіп, қайта қолтыққа тығу, дене қызуын өлшеу т.б. ойын соңында ең жақсы ойыншылар анықталады.

Сабақтың мазмұны.


20-жаттығу. «Логикалық емес сөздер ассоциациясының жұбы».
Бұл жаттығуда қиялдағы бір-біріне ешқандай қатысы, жаңалығы жок екі затты біріктіру керке, яғни ол заттарда табиғи ассоцияциясы жоқ.
Әр затты ойда бейнелеуге тырыс та, енді осы екі затты бір суретке ойша біріктір. Заттар әрқилы ассоциция арқылы біріге алады, өзіңнің қиялыңа тек ерік бер. Мысалы: екі сөз беріледі делік «шаш» және «су». Осы заттарды біріктіре бейнелеп көрелік. Жаңбырға су болған шаш немесе суға шашты жуу. Сондай анық, нақты суретті бейнелеуге тырысу керек.
Жаттығу үшін берілетін жұптар:
Құмыра – дәліз,
Кілем – кофе
Жүзік – шам
Тырнақ – кітап
Қоңыз – кресло
Күн – саусақ
Аула-қайшы
Котлета – құм
Маймыл- пальто
Тіс дәрігері – дәретхана
Алдымен балалар бір-біріне өз суреттерін айтып жаттықсын, содан соң өздігінен істейді. Ертеңінде сабақта тек жұп сөдің біреуін ғана айтасыз, ал балалар екінші жұбын еске алып жазу керек. Балоалардың назарын соңғы нәтижеге аудару керек.
Сабақты қортындылау.
Қоштасу
Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Жаттықтыру үшін берілген жұп сөздер: күн-саусақ,аула-қайшы.

5 сабақ.

Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық және логикалық емес ассоциялық дағдыларын дамыту, нақты есте сақтауларын, жылдам шешім қабылдауды дамыту.
Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, қылқаламдар, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң «Мұрын – құлақ – мұрын» атты ойын ұйымдастырылады.


Сабақтың мазмұны
22-жаттығу. «Есте сақтау сөздері»
Енді оқушыларға бір-бірімен байланыспаған сөздерді есте сақтауға беруге болады. 10 сөзден бастауы қажет. Мәселен:
Ағаш себет
Сабын кітап
Үстел тарақ
Кірпі күн
өзен резеңке
Осы сөздерді байланыстырып әңгіме айту керек. Өздері бір-бірімен ақылдаса отырып әңгіме құрайды. Соңғы қортынды бөлімде жүргізуші сөздер оқиды, ал олар өз беттермен қиялдай отырып, есте сақтайды. Біртіндеп есте сақтауға берілген сөздер саны үлғаяды.

Сергіту сәті. «Сезімдерді тап» ойыны.


Ойынның басында балалар адам бойындағы қандай сезімдерді білетіндері анықталады. Балалар бірнеше минут ойланып, ым және ымдау арқылы айтылған сезімдерді көрсетеді, ал басқалары қандай сезімді бейнелеп тұрғанды айтады.

23 – жаттығу. «Әңгіме құрау».


Мақсаты: нақты есте сақтауларын дамыту. Әрбір қатысушы оқушы кез келген бір сөзді айтады, соңында ортақ әңгіме шығу керек. Сөзді айтпас бұрын, алдында айтылған сөздердің барлығын қайталау керек.

Сабақты қортындылау.


Қоштасу

Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Берілген сөздер: кітап, нан, сағат, ана, компьютер, төсек, мысық, көше, есік, еден.


6 сабақ.

Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық байланысты орнату қабілеттерін дамытумен қатар нақты есте сақтауын жетілдіру.
Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, қылқаламдар, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Хат» атты ойын ұйымдастырылады.


Сабақтың мазмұны
«Өлеңді еске сақтау».
Мектеп бағдарламасында жиі қолданылатын есте сақтауға болатын материалдарға тақталайық. Балаларды есте сақтаудың әдіс-тәсілдеріне үйрету үшін мәтінің ойша бейнесін елестетуге болады.

Бір топ бала сырғанап,


Барады әне жарысып,
Қалды артта қыр алып,
Іздерінен қар ұшып.

Қырау атып жағаға,


Аяз беттен өбеді,
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.

Сәтке қарап тұрмайсың,


Көңілді еді қыс қандай.
Шаңғыменен зырлайсың,
Қанат бітіп ұшқандай.
(Ш.Мұхамеджанов).
1.Өлеңнін алғашқы шумағын мұқият оқыңдар.
2.Көздеріңді жұмып, осы өлең жолдарын көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Өлеңнің осы жолдарының мазмұны ұнайма, әлде жоқ па, бейнені сезіне отырып, суретке салып көріңдер.
3.Келесі өлең жолдарна көшіңдер. Дауыстап оқып, көзщ алдарыңа елестетіңдер.
4.Өлеңді еске түсіріп көріңдер. Көздеріңді жұмып, бейнені көз алдрына елестете отырып, өз сөздеріңмен сипаттап айтыңдар.
5.Өздеріңді тексеріп көріңдер. Өлеңді мұқият дауыстап оқи отырып, егер қажет болса, бейнесін түзетуге тырысыңдар.
6.Өлеңнің ырғағына назар аударып, сөздердің шығу мәнерін талқыға салыңдар.

Сергіту сәті. «Өзінің құйрығын арпалысқан айдаһар» ойын.


25-жаттығу. «Сөйлемдерден оқиғаны құрастыр».


Әр бірқатысушы толық бір сөйлем ойлап тауып, сол сөйлемдерден оқиға құрастырады. Біреу екіншісінен бөлек болуы шарт.

Сабақты қортындылау.


Қоштасу

Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша тапсырма беріп, бірлесіп өз қалауы бойынша кішігірім өлең жаттау ұсынылады.


7 сабақ.
Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық байланысты орнату қабілеттерін дамыту, ерік қимылдарын, жылдам жауап қайтару бірлестіктерін дамыту.
Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, қылқаламдар, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Бірлескен сурет» атты ойын ұйымдастырылады.


Сабақтың мазмұны
26-жаттығу. «Мәтінді еске сақтау».
Ауызша және жазбаша мазмұндау кезінде баланың қиналысын мұғалім жиі кездестіреді. Сондықтан мәтінмен жұмыс барысында есте сақтау процестерін жеңілдетуге байланысты үлгі ретінде мынадай нұсқа ұсынылады:
1.Мәтіннің негізгі ойын анықтап алу керек. Ең бастысы тақырып не жайында? Сол үшін балаға мәтінді қарап өтуге рұқсат етіледі. Тақырыпқа баса назар аудару керек.
2.Мәтін қанша бөліктен құралғанын сұрау, әрбір бөлімге қойылатын сұрақты дайындауға көмектесу және оқу кезінде осы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік туғызуы керек. Бұл баланың шығармашылық ойлауының дамуына әсерін тигізеді.
3.Балалармен бірлесіп мәтіннің құрылымын айқындайтын жоспарын құру қажет. Жоспарды жазбаша құрауға болады.
4.Осы ойларды алдымен балаға дауыстап айтып, кейін өз ішінен айтқызуды ұсыну керек.
5.Балалар мәтінді тағы бір рет қайталап, негізгі ойына назар аударып, айқын бейнесін негізгі ойын бекітетін анықтайды.
6.Шығарманың негізгі бөлімдерін атаңдар.
7.баланың пікірі мен ескертпедлеріне көшіндер.
8.Қортындысында балаға алты сұраққа жауап беру мүмкіндігін туғызу керек. Не істейді, не, қашан,неге, қайда, қалай? Бұл оқылған мәтінді ұзақ есте сақтауына көмектеседі. Осмы жаттығулар қатарына ертегілерді де ұсынуға болады.
Сергіту сәті. «Бұлақтар мен өзендер» ойыны.

Сабақты қортындылау.


Қоштасу

Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша тапсырма беріп қадағалау қажет. қазақтың халық ертегілерінен масыл: «Ешкі мен қасқыр», «Қу түлкі», «түлкі мен құмыра» оқып, мазмұндау іскерліктерін қалыптастыруға баулу.


8 сабақ.

Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық байланысты орнату қабілеттерін дамыту, кеңістікті бағдарлауын дамыту, көру арқылы есте сақтауын, қабылдауын және зейінін дамыту.


Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, қылқаламдар, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Сиырлар, иттер, мысықтар» атты ойын ұйымдастырылады.


Сабақтың мазмұны
27-жаттығу. «Сандарды еске сақтау».
Сандарды еске сақтау – мұғалімнің үнемі қақтығыста болатын маңызды мәселесі. Мысалы: көбейту, бөлу кестесін жаттаған кезде. Есте сақтауға байланысты ұсынылған нұсқа мұғалімнің өз еркі бойынша ерекше шығармашылықпен ұзақ және калыпты жұмыс жасауын талап етеді. Көзге көрінетін элементтердің бейнелері – геометриялық денелердің контуры түстердің құбылмалы түрлерін қолдану негізінде жүйе қалыптасқан.
Әрбір санның өзіндік ұқсас бейнесі болады. Мысалы:
0 – дөңгелек, шар (немесе сопақша)
1 – бағана (шырақ)
2 – негіздер (жұп бәтеңке)
3 – үшбұрыш (үш доңғалақты велосипед)
4 – шаршы (төрт аяқты жануар)
5 – жұлдыз (бесбұрыш)
6 – ашылып тұрған құлып
7 - өрілген шаша немесе бұрым (ақшақар немесе жеті гном)
8 – құмды сағаттар (көзілдіріктер)
9 – ұлу
10 – екі қолдың саусақтары
Осындай бейнелерді сандық қатарға ұқсасатырып, байланыстырып есте сақтауға болады.
Мысалы 2*2=4 «Шаршы терезеде тұрған екі егіздер» немесе «шаршы кілемде адамның жұп бәтеңкесі тұр».

Сабақты қортындылау.


Қоштасу

Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу керек. Оқу бағдарламасынан мұғалімнің келесемімен әр сыныпқа жеке тапсырмалар беру ықтимал.


9 сабақ.
Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық байланысты орнату қабілеттерін дамыту, жатқа айту әдістерін қолдануды үйрету, ерікті зейінін дамту.


Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, қылқаламдар, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Қол соғайық» атты ойын ұйымдастырылады.

Сабақтың мазмұны


29-жаттығу.
Балаға есте сақтағаны бойынша келтірілген заттардың санын келесі тізімін (өзгертілген түрдегі) жазу ұсынылады:
Көйлек солдат қарандаштар шариктер
Сақина машина айна орындықтар
Сиырлар
Стақандар

Сергіту сәті. «Аңқаулар» ойыны.


Мақсаты: зейіннің еріктілігін дамыту.
Ойыншылар шеңбер бойымен бір-бірінің қоланан ұстап жүреді. Жүргізушінің белгісі бойынша тоқтап, төрт рет шапалақ ұрып, бір айналым жасап, қозғалысты жалғастыра береді. Қозғалыс бағыты жүргізушінің әрбір белгісінен кейін өзгеріп тұрады. Ойында қате жіберген бала шеңберден шығып, ойынды мұқият бағдарлап тұрады.
Қайталау – есте сақтаудың әдісі. Қайталаусыз ешқандай жаңалықты есте сақтау мүмкін емес. Қайталау көне әдіс емес. Қайталау әдәсә сабақтарда жиі қолданыста болса бұл үлкен жетістікке жеткізетіні анық.
30-жаттығу.
Мақсаты: сабақ материалын дұрыс есте сақтаудың әдісін үйрету.
1) Есте сақтауға болатын сөздер мен мысалдарды іштей қайталап, естк сақтау.
2) 1 секунд үзіліс жасап, қайталауды жалғастыр.
3) 2 секунд үзіліс жасап тағы қайтала.
4)4 секунд үзіліс жасап тағы қайтала. Күту – толық сезімнің күшейген жағдайы.
5) 10 минут сайын қайтала.
6) 2-3 сағат сайын қайтала. (сенімді болу үшін)
7) 1 жылдан соң егер қажет болса, 1-2 айдан соң қайтала.

Сабақтың қортындылау.


Қоштасу.

Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Сабақта алған білімін бекіту, жаңа материалды жаттау кезінде жаңа матреиалды жаттау кезінде жаңа әдістерді қолдануды бақылау, ережелерді жаңа әдіспен жаттау т.б.


10 сабақ.

Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, еріктілік саласын дамыту, жағымды жағдаяттар туғызу, қобалжуды, қоқынышты тежеу, баланың өзіне деген сенімділігін арттыру.


Құрал-жабдықтар: балаларға арналған орындықтар, қағаз, қылқалам, түрлі-түсті қарындаштар, геометриялық денелер, торкөз дәптер.

Сабақтың барысы.


Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Кәне қол соғайық» атты ойын ұйымдастырылады.

Сабақтың мазмұны


1-жаттығу. «Денелерді боя».
Мақсаты: Еріктік саласын дамыту.
Балаларға 32 – суреттегі геометриялық денелерді көрсетіп, әрқайсысын түрлі-түсті қарандашпен бояу керек екенін айтады. Уақыт шектелмейді, бірақ әр фигура тиянақты әдемі боялу керек. Бала бойындағы селқостық байқалғанда, жұмыч тоқтатылады.

Сергіту сәті. «Тығылмақ ойны».


2 – жаттығу. « Графикалық диктант».


Мақсаты: еркіндікті дамыту.


Қазір біз «Сиқырлы қарындаш» ойынын ойнаймыз. Мені мұқият тыңдаңыздар, біз жұмысымызды аяқталған кезде, сендердің дәптерлеріңе сендерге таныс бейне пайда болады. Мен сендерге қай жаққа және неше торкөзге жылжу керек екенін айтамын. Тек қана менің нұсқауыммен берілген сызықтарды жүргізіңдер. Әр жаңа сызықты тоқтаған жерден бастап жалғастыру керек. Қарындашты қағаздан алмаңдар. Ал онда бастайық. Торкөздің сол жақ төменгі бұрышына қарындашты қойып менің нұсқауымды тыңдап дайын болыңдыр.

Қорытындылау:




Үй тапсырмасы: Ата-анаға үйде өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Жоғарыда өткен тақырыпты қосымша пысықтау және бірнеше жаттығудағы геометриялық денелерді аяғына дейін бояп аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет