Оң және теріс мотивация.
Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп,
белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң
мотивация деп аталады. Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз
етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация
делінеді.
Тұрақты және тұрақсыз мотивация
Мотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі
ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік-әлсіздігіне,
ниеттің шын-жалғандығына, кедергілердің сипатына, ортаның жол қою
дәрежесіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |