Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері
— оның саналылығы,
жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның
маңыздылығы
оның
қасиеттері
мен
іс-әрекеттерінде
қоғамдық
тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне
тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық
қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Осы орайда «адам», «жеке тұлға»
деген ұғымдардың қатары «даралық" деген ұғымымен толықтырылуы қажет.
Жеке тұлғаның, яғни құндылықтар дүниесінің қалыптасуына оның
дүниетанымының ықпалы зор. «Жеке тұлғаның дара ерекшеліктері оның жас
ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Жеке тұлғаның жас
ерекшеліктері деп белгілі бір адамға тән оның мінез құлқындағы, ақыл
ойындағы, қабілетіндегі, тағы басқа басты қасиеттерін басқа адамдардан
елеулі айырмашылығын айтуға болады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарының
мақсатын, мазмұнын жүзеге асыруды қолданылатын формалармен әдістерді
таңдау, көптеген жағдайда жас және дара ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп
отырады. Сондықтан да мұғалімнің педагогикалық әрекетін нәтижелі
ұйымдастыру шарттарының бірі — балалардың жас және дара
ерекшеліктерінің даму заңдылықтарын жете меңгеру»
|