Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама



Pdf көрінісі
бет60/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

әлеуметтік ингибиция
феномені айқындалған. 
Әлеуметтік ингибиция (латынның inhebere – тежеу, тоқтату) яғни басқа 
адамдардың (шынайы немесе қиялдағы) қатысуының орындалып жатқан іс-
әрекеттің сапасы мен жылдамдығының нашарлауына әкеледі. 
Сонымен, қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет 
және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында 
күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу 
және еңбек адам іс-әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы 
дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі 
организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи 
қажеттілігімен бірдей. 
Қарым-қатынастың адамның психикалық дамуына тигізетін әсері аса 
маңызды. Мұны госпитализм деп аталған құбылыстан білуге болады. Кеңес 
үкіметінің алғашқы жылдарында балабақшадағы балалардың жақсы 
тамақтанып, жақсы күтім жасалғанға көңіл бөлінген. Алайда жақын арада 
мұның жеткіліксіз екендігі анықталды: балалар аурушаң болып даму 
деңгейінде артта қалды. Олардың қимыл-қозғалысы дамымай сөйлеу әрекеті 
қалыптасқан жоқ. Оның себебі тәрбие ықпалының жеткіліксіз, аз болғанында 
еді. Госпитализм құбылысын жеңу жолы әр баламен жекелеп жүйелі түрде 
қарым-қатынас орнату, қоршаған заттармен баланың әрекетін ұйымдастыру 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет