36
ұшыратты. Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы жасақталды.
Зоология, геология, тарихи секторларынан тұратын бұл база құрамында
академик А.Самойлович, академик Б.Келлер, профессор С.Асфендияров
болды. қоғамдық ғылымдарды дамыту мәселесiне қатты көңiл бөлiндi.
С.Асфендияровтың «Қазақстан тарихы» (1 томы), К. Жұбановтың қазақ тiлiне
байланысты еңбектерi жарық көрдi. Қазақ драма театрының құрылуы
Қазақстанның
мәдени
өмiрiндегi
елеулi
оқиға
болды.
«Еңлiк-
Кебек» пьсасымен ашқан бұл театр, орыстың көптеген классикалық
шығармаларын қоюды игерiп, үлкен жетiстiкке ие болды.
Қазақ бұлбұлы - Күләш Байсейiтова, бишi - Шара, кәсiпқой сахна
жүлдыздары - С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, Ж. Шанин, Ш.
Айманов т.б. өз өнерлерiмен халық дәстүрiн жаңа заманға лайықты
жалғастыра бiлдi. Қазақ әншiсi Ә.Қашаубаев, Майра Шамсудинова, Мариям
Жагорқызы, Затаевич сияқты әншi сазгерлердiң аты жұрт аузынан түспедi.
1938 жылы «Амангелді» фильмі түсірілді, 1941-45 жылдары Қазақстан
киноматографистерi патриоттық тақырыптағы кинофильмдерді: «Абай әнi»,
«Алтын мүйiз», «Жамбыл», 1950 ж. « Атаманның ақыры», «Қыз бен жiгiт»,
1960-70 жылдары «Мәншүк туралы», «Қыз Жiбек» , «Транссiбiр экспресi»,
«Ана туралы аңыз» фильмдерi қазақ елiнiң кешегiсi мен бүгiнгiсiн тартымды
жеткiзе бiлдi.
Достарыңызбен бөлісу: