Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама


Халықаралық бiрлiкте ұлттық мәдени орталықтары маңызды рөл



Pdf көрінісі
бет29/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Халықаралық бiрлiкте ұлттық мәдени орталықтары маңызды рөл 
атқарады. 
Олар Қазақстандағы барлық халықтарының мәдениетi мен 
дәстүрлерiнiң қайта жаңғыруына қызмет етедi. Қазақстан халықтарының 
Ассамблеясы өткiзiлдi. Кеште болса, қазақ халқының ағартушы қайраткерлерi 
А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М.Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов 
сияқты қайраткер, ақын - жазушылардың атымен мектептер мен елдi 
мекендер, көшелер, алаңдар атала бастады. Хан Абылай, Исатай мен 
Махамбеттiң мүшел тойлары салтанатты жағдайда атап өтiлуде. Халықтық 
салт-дәстүрлер, мерекелер қайта жаңғырды. Халық, туған жері жөнiнде құнды 
мағлұматтар беретiн ел, жер атаулары қайта оралды. 1992 жылы маусымда 
Республикалардың жаңа Мемлекеттiк Туы мен Елтаңбасы қабылданды. 
Республика Әнұранының жаңа мәтінi қабылданды. Тудың авторы – Ш. 
Ниязбеков, Елтаңба авторлары – Ш.Уәлиханов пен Ш.Мәлiбеков. Бүгiнгi күнi 
Қазақстан мәдениетiндегi негiзгi мәселелер өмiр идеяларының жалпы 
тәжiрибесiне жақын. Қазiргi қазақ мәдениетiндегi мәселелердi мына негiзгi 
мәдени-әлеуметтiк типтерге бөлiп қарастырайық. 
1.Архаикалық тип. Архаизм – мәдениеттiң өтiп кеткен сатыларын 
қайтадан қалпына келтiруге бағытталған. Адам туғанынан құндылықтар 
жүйесiн, әдетте, сол күйiнде қабылдайды. (отбасылық, топтық, этностық, 
мемлекеттiк т.б.). бұл әрине этностың түптамырларын құрметтеуге шақырады. 
Бұл қажеттi – талап. өзiн сыйламаған, басқаны да сыйлай алмайды. 
Бiрақ, бiр жағынан, мәдени жүйе өзiнөзi сақтап қалғысы келедi, бастауынан 
аластамайды. Екiншi жағынан, адамның шығармашылдығы, жасампаздығы, 
жаңашылдығы белгiлi. Бұл тенденция бiр-бiрiне қарама қайшы. Архаистiк 
мәдени тип заман өзгерiп, қалыптасқан өмiр салты шайқалған өтпелi 
кезеңдерде ерекше байқалды. Мысалы, Қазақстан Республикасын алып 
қарайық. отаршылық пен тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы 
анықталып, төл мәдениетi жаңғырту жөнiндегi заңды түсiнiктi ұмтылыс 
қалыптасты. 
Бiрақ азаматтық қоғамның орнына жетi аталық үрдiске, рулық тайпалық 
басқару жүйесiне, исламның орнына тәңiршiлiк пен шаманизмге қайтып келу, 
дүниежүзiлiк тарихты шежiрешiлiкпен ауыстыру және т.б. архаизмнiң 
көрiнiстерiне жатады. 
Сонымен қатар, дәстүршiлдiктiң көрiнiстерiне қазақтың және әр 
жүздiң ханын сыйлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына келтiру, 
батыстық киiм үлгiлерiне тежеу сияқты пiкiрлердi үсыну жатады. 
2. Мәңгүрттiк тип. Мәңгүрт дегенiмiз ұлттық салт дәстүрден жұрдай, 
күнделiктi өмiрде ұлттық мәдени жүйенiң құндылықтарын қолданбайтын яғни 
рухани тамырларынан айырылған адам. 


38 
Бұл туралы Ш.Айтматовтың шығармашылығында әсерлi жазылған. 
Мәңгүрттiк дәстүршiлдiкке қарама-қарсы. Бiрақ архаист өмiрлiк поэзияны өз 
қалауымен қабылдаса, мәңгүрттiк-сыртқы күштеудiң нәтижесi. Мәңгүрттiктен 
қүтылудың басты жолы ұлттық мәдениеттң игеру. Кейде мәңгүрттiк мәдени 
типпен маргиналдықты тұтас қарастырылады. Оның қатарына ана тiлiн 
бiлмейтiндердi де қосады. Бұл ұғымды американ ғалымы Р.Парк енгiзген, 
латын тiлiнен -,,шетте болу,, деп аударылады. қысқаша айтқанда, маргиналдар 
не қоғамнан өздерi аулақ кеткендер, не қоғамның өзi оларды шеттеткендер. 
Француз ғалымы А.Фартдың пiкiрi бойынша, маргиналдардың алдында екi 
жол бар: 
-барлық дәстүрлi қарым-қатынастарды бұзып, өзiнше жаңа бiр 
субъмәдениеттi қалыптастыру; 
-бiртiндеп заңдылық аймағынан шығу. 
3. Демографиялық және тiлдiк факторлардың этномәдениетке тигiзетiн 
әсерi мол. ХХ ғ. бойында қазақ халқының мәдени жүйесiнде үш түрлi 
мәдениет: дәстүрлi мәдениет, отаршыл мәдениет, батыстық әсер еттi. 
Еуразиялық мәдени тип дәстүрлi мәдениеттi батыстық өркениет 
жетiстiктерiмен ұштастыра бiлген. «Бiз өзiмiздiң мәдени тамырларымыздан 
едәуiр ажырап қалдық. Оның есесiне өзге өркениеттер әсерiне көбiрек 
ұшырадық. Бұл жақсы ма, жаман ба – өз алдына мәселе» ( Ғасырлар 
тоғысында. Алматы, 1996,- 264бет). Еуразиялық экспанцияға әр түрлi жауап 
беруге болады. Мысалы, Ресей, Жапония, Қытайды мысалға алуға болады. 
Әсiресе, Жапония өздерiнiң материалдық мәдениет деңгейiн батыстық 
озық үлгiлердi қабылдау арқылы көтергеннен соң, еуропалық рухани 
экспанцияның алдына тосқауыл қойды. Осының нәтижесiнде ол әлемдегi ең 
озық мәдениеттiң иесiне айналды. Нарықтық заман адамның құндылықтарына 
белсендiлiк, 
жауапкершiлiк, iскерлiк, 
мақсаткерлiк, 
нақтылық 
және 
т.б.жатады, оның терiс жақтарына қатыгездiк, өзiмшiлiдiк, есепшiлдiк, 
принципсiздiк рационалдық, тұрақсыздық, дәстүр сыйламау жатады. 
Нарықтың терiс жақтарын жақсы түсiнген өркениеттi елдер кәсiпкерлiктi тек 
технологиялық әрекетпен шектемей оны әдеп жүйесiмен толықтырады. 
сондықтан,,бизнес этикасы,, қазiргi жоғары дамыған елдердегi алдыңғы 
қатардағы пәндерге жатады. 
Мәдениеттiң материалдық базасы бұрын болып көрмеген жағдайда тез 
қарқынмен дамыды. Елдiң және халық мәдени қуаты тек кәсiби арнада ғана 
қалыптасып қоймайды, Қазақстанда тұратын әртүрлi ұлттар өкiлдерi мен 
азаматтары шығармашылыққа тартылуда. Эстетикалық және мәдени рухани 
бiлiм беру қайта жаңғырту тақырыбы оқыту жүйесiне енгiзiлiп жоғары оқу 
орныны бағдарламаларында «Мәдениет ескерткiштерiн қорғау», «Қазақстан 
халықтарының мәдениетi», «Iскерлiк қарым-қатынас мәдениетi» атты арнайы 
курстар енгiзiлдi. өздерiңiз оқып жүрген Ғабитов Т., Мүтәлiпов Ж.,Құлсариева 
А. «Мәдениеттану» оқулығы мәдениеттi қолдау жылына орай шығарылды. 
Қазақстан мәдениетi көне дәуiрлерден бастау алады 2000 жылы Түркiстанның 
1500 жылдығы атап өтiлдi. Елбасы 1998 жылды, «Халық бiрлiгi мен ұлттық 


39 
тарих жылы» деп жариялап, 2000 жылды «Мәдениеттi қолдау жылы» деп 
белгiлеп, арғы-бергi тарихымыз бен ұлттық мәдениеттердiң жылдары бойы 
қордаланған бiрқатар мәселелерiн шешуге жағдай жасалды. «Болашақ» 
бағдарламасы бойынша дарынды студенттердi шетелдерге бiлiм алуға 
жiберiлуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет