Ішкі мотивация
- сыртқы орта қалай болуына қарамастан
мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті
болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп
емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның
артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз
артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті
қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары
әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған
болатын.
Егер әлдекім өз табысы мен нәтижесін күшейтуге өзі белсеніп, өзін өзі
мақсат талабы бойынша тізгіндеп, ырықты түрде өз мақсатына белсенсе, және
оның өзіне сенімі айтарлықтай жоғары болса, онда оның жетістікке жету
мөлшері қашанда жоғары болады. Дегенмен, ішкі мотивация сыртқы
мүмкіндіктерге назар аудармаса, тырысуды ғана біліп, сол тырысуының
өнімді болуына назар аудармаса, өзге табысты адамдардан шабыт алмаса, үлгі
көрмесе, онда ол өз мақсаты үшін тым ұзақ жол басуы мүмкін, немесе
күндердің бірі көкейінде теріс мотивация туып, ниетінен ақырындап, не
бірден айнып қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |