Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама



Pdf көрінісі
бет39/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Сыртқы мотивация
- мотивация тұрақты талпындырушы ретінде 
көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, 
мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және 
оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз 
талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша 
талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. 
Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, 
балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. 
Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып 
істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу 
дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің айтуынша 
сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, 
бұл енді сол адамның соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты 
болса керек. 
Әлеуметтік психологияның зерттеуінше, сырттан алар нәпақа 
мотивацияның өз уәжі шегінен шығып кететін (over justification effect) 
көрінеді. Сырттан алар нәпақаға құлшынған сайын ішкі мотивация әлсірей 
түсетіні де байқалады. Тәжірибе көрсеткендей, 
сурет сызу арқылы тағы да 
сыйлық алғысы келген бала еш сыйлық алмаған балаға қарағанда аз сурет 


54 
сызады
екен. 
Өзі-себепкер ілімі
(Self-determination theory) бойынша, 
сыйланбаған, сыйлау күтпейтін бала міндет орындалса өз жеке өлшемі мен 
сенімін қанағаттандырады, сыртқы талап өздесіп, жекенің ішкі сұранысына 
айналады. Ендеше ол сурет сыздуды өз талабын қанағаттандыру үшін салудан 
ләззат алатын болады. Демек, сырттан шабыттандырылған мотивацияның 
ықпалына сене беруге болмайды, ішкі құштарлықты оятуға барынша күш салу 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет