Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама



Pdf көрінісі
бет41/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

 
Бақылау сұрақтары: 
1)
 
Психология ғылымы дегеніміз не?
 
2)
«Психология» сөзінің шығу тегі? 
3)
Ерте замандағы жан деп аталған түсініктің қазіргі кездегі 
ғылыми атауы? 
4)
Психикалық құбылыстарға не жатады? 
5)
Адам өміріндегі мотивацияның рөлі қандй? 
 
Дәріс №10. Эмоциялар және эмоциялық интеллект. Адамның еркі 
және өзін-өзі реттеу психологиясы. 
1.
 
Адам өміріндегі эмоциялардың мәні. 
2.
 
Психологиядағы ерік түсінігі. 
3.
 
Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы. Стресс түсінігі. 
 
Дәрістің мақсаты: 
Эмоцияларды реттеу әдістері мен механизмдері: 
эмоцияларды қайта ойластыру және эмоцияны қалай басу керек екенін 
студенттерге жеткізу. Әр түрлі мәдениеттегі эмоцияларды білдіру және 
уайымның негізгі ережелеріне түсінік беру. 
Кілттік сөздер:
эмоция, эмоциялық интеллект, ерік, стресс. 
Эмоция
— адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер 
әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын 
көңіл-күй. 
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды 
эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның 
жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. 


55 
Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік 
туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. 
Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға 
қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар 
жатады. 
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу 
адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның 
эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. 
Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне 
байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық 
кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай 
ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет