63
Жеке адамның индивид қалпынан тұлға тұғырына көтерілу процесіне
қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы этностық тәлім тәрбие, білім
берген оқу ордасы, ата бабасынан мирас болып бойына сіңетін генетикалық
ерекшеліктері, жоғарғы психикалық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері
әсер етеді. Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру
болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани
мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр.
Ұлттық тәрбиенің адамгершілік ұстанымдары қоғам дамуының кең
көлемдік, әлемдік мәселесі ретнде қарастырылуда қазақ халқы тәрбиесінің өне
бойынан табылады. Жеке адам туралы сөз болғанда, жеке адам — көптің бірі,
ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам» және «тұлға» ұғымдары
көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-бірінен қарама-қарсы болып
табылады. Жеке адам ұғымында адамның жекеше ерекше түрі, сапасы
бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аз болады, бірақ өте көлемді,
өйткені әрбір адам-индивид. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке адамның
айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — оның өзіне тән мінез-құлқында, іс-
әрекетінде, көзқарасындағы ерекшеліктерімен даралануы
Достарыңызбен бөлісу: