Бақылау сұрақтары: 1)
Адам-индивид-тұлға-даралық ұғымдарының ара қатынасын
түсіндіріңіз?
2)
Тұқым қуалаушы қасиеттерді тасушы кім?
3)
Жеке тұлға болудың мәні неде?
4)
Тұлғаның дара-психологиялық қасиеттеріне не жатады?
5)
Адамның маңызды құнылықтарына не жатады?
6)
Темперамент пен мінездің ара қатынасы қандай?
Дәріс №12. Өмірдің мәнімен кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы. Тұлға денсаулығының психологиясы. 1. Тұлғаның кәсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері. 2. Психика мен дененің өзара байланысы. 3. Психологиялық аурулардың пайда болу факторлары. Дәрістің мақсаты : Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үлкен мәселе
екенін бір сөзбен жеткізіп айту өте қиын. Биологиялық тіршілік иесі ретінде
өмірге келген адамның әлеуметке қосылып адам болып тұлғалануының
негізінде жатқан нәрсе сөзсіз осы – тұлғаның кәсіби дамуының
психологиялық ерекшеліктері екендігі еш дау тудырмаса керек.