Тұлғалық белгілер -
Тұлғалық белгілер — адамның даралық
ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін
және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын
психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде
"тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді
қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының
құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.
Тұлғаның бағыттылығы
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-
әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты
түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүдделерімен,
бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы
адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері
тұрғысынан екі мағынаға ие:
1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен
қатысуға тәрбиелейді;
2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зиятты, ақыл-ойы, еркі,
сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен
көзқарастары.
Достарыңызбен бөлісу: |