ҚР тарихы кафедрасы археологиялық сараман тапсырмасы тақырыбы: Археология пәнінің мәні мен міндеттері


 Археологиялық кезеңдеу және хронология



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата16.03.2023
өлшемі0,67 Mb.
#172735
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба (копия)

2. Археологиялық кезеңдеу және хронология 
Адам қоғамының тарйхын олардың негiзгi еңбек құралдарының қандай 
материалдан жасалғандығына қарай археологиялық кезеңдеу қалыптасқан. 
Осы кезеңдеуге орай бүкiл адамзат тарихы тас, қола және темiр ғасырларына 
бөлiнедi. Өз кезегiнде бұл ғасырлардың әрқайсысы жеке кезеңдер мен 
мәдениеттерден тұрады. Созылған уақытының ұзақтығы мен өзiндiк даму 
ерекшелiктерiне қарай бұл ғасырлар әркелкi. Мәселен тас ғасыры 
басқаларына қарағанда едәуiр ұзақ уақытқа созылған. Осы ұзақ мерзiмге 
созылған тас ғасыры кезiнде тас еңбек құралдары үздiксiз дамып, оларды 
жасау әдiстерi де жетiлiп отырды. Осыған орай адамның өзi де өзгерiп, 
тәжiрибесi артты. Сондықтанда тас ғасыры ғылымда палеолит (көне тас), 
мезолит (орта тас) және неолит (жаңа тас) болып, үш кезеңге бөлiнедi. 
Олардың әрқайсысынан аймақтық (территориялық) және мерзiмдiк 
(хронологиялық) тұрғыдан ерекшеленетiн энеолит (мысты тас) тас пен қола 
ғасырларының ортасындағы аралық кезең болды. Қола ғасыры мыс пен 
қалайының қосындысынан алынатын қоланы адамның игерген уақытынан 
басталады.Бұл ғасыр оңтүстiк аудандарда б.э.д. үшiншi мыңжылдықтан 
басталса, солтүстiк аудандарда кiшкене кешелдеп қалыптасты.
-2- 


Ақыр соңында темiр өндiрудiң қыры мен сырын жаппай меңгерген шақ б.э.д. 
8 – ғасырдан бастап, адам баласы темiр ғасырына қадам басты.Сонымен 
археологиялық кезеңдеу негiзгi еңбек құралдарының эвалюциясымен оларды 
жасау әдiсi негiзiнде құрылды. Археологиялық деректердiң өзiндiк 
ерекшелiктерiне сай заттар мен мәдениеттердiң мерзiмiн (хронологиясын) 
анықтау арнайы әдiс пайдалануды қажет етедi. Осыған орай археологиялық 
мерзiмдеуде нақты және салыстырмалы мерзiмдеу деген екi түрлi әдiс 
қолданылады.Салыстырмалы әдiс — кез келген мәдениетке, немесе кезеңге 
тән заттарды олардың жасалу әдiсi мен материалына қарай бұрын ғылымда 
жасы анықталған заттармен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.Нақты 
мерзiмдеу жаратылыстаму ғылымдарының әдiс – тәсiлдерi арқылы жүзеге 
асырылады. Мысалы кали – оргонды (радиоактивтi элементтердiң ыдырау 
мерзiмiне қарай), геохронологиялық (жер қыртысының жылдық қатпарларын 
есептеу арқылы), дендрохронологиялық (ағаштың жылдық сақинасына 
қарай). Әдетте нақты мерзiмдеу үшiн бiрнеше әдiстер қорытындысының 
жиынтығы алынады.Тарих ғылымында уақытын анықтайтын екі жүйе бар. 
Хронология және кезеңге бөлу Хронология болған оқиғаның уақытын 
анықтайды,ал,кезеңге бөлу сол оқиғаларды кезеңімен орналастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет