ҚР тарихы кафедрасы археологиялық сараман тапсырмасы тақырыбы: Археология пәнінің мәні мен міндеттері


 Археология пәнінің мәні, мақсаттары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата16.03.2023
өлшемі0,67 Mb.
#172735
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба (копия)

3. Археология пәнінің мәні, мақсаттары мен міндеттері 
Археология пәні жоғары оқу орындарының гуманитарлық мамандықтарының 
көпшілігіне оқылатын болғандықтан қазақ тілінде жазылған осындай 
оқулықтар көптеп әзірленуі тиіс. Оқулықтардың көбеюі олардың сапасының 
жақсаруына көмектеседі және оқырманның немесе студенттің шынайы және 
ғылыми негізде жазылған оқулықты таңдау мүмкіндігін арттырады. Оқулықта 
Еуразия кеңістігінің археологиясы мүмкіндігі болғанша тең дәрежеде 
қамтылды. Сондай-ақ еліміздің археологиясына да едәуір орын берілді. 
Қазақстан археологиясына қатысты материалдар К.А. Ақышев, К.М. 
Байпақов, Ж.Қ. Таймағамбетовтердің оқулықтары мен әр кезеңнің археолог 
мамандары (М.Е. Елеуов, Ж.Қ. Құрманқұлов, З.С. Самашев, В.Ф. Зайберт, В.В. 
Ворфоломеев, А.З. Бейсенов, т.б.) дайындаған ғылыми еңбектерден алынды. - 
КСРО кезінде жоғары оқу орындарының тарих, археология және этнология 
мамандықтарының студенттеріне арналған «Археология» курсы жалпыға 
бірдей міндетті пән болатын.
-3- 


Одақ ыдырағаннан кейін осы курстың жоғары мектеп бағдарламасында 
сақталып қалуы пәннің қажеттілігін көрсетеді. Шығыс Еуразия жерін ежелгі 
заманнан бері мекендеп келе жатқан халықтардың тарихи тағдыры өзара 
тығыз байланысты. Олардың материалдық мәдениеті мен этникалық тегінде, 
саяси-экономикалық өмірі өзара ықпалда дамыған. Сондықтан айтылған 
кеңістіктегі тарихи үрдістің қалыптасып, даму жолдарымен қатар тіршілік 
кешкен көптеген археологиялық мәдени қауымдастықтардың өзара мәдени
экономикалық және саяси ықпал, этникалық байланыста жүргендігін зерттеу 
– болашақ тарихшы мамандарды оқытуда қажет те маңызды мәселе. Қазақ 
тілінде алғаш жарық көріп отырған осы оқулық кеңес өкіметі кезінде кеңінен 
қолданыста болған «Основы археологии», «Археология СССР», «Археология» 
(орыс тілінде) оқулықтары мен ғылыми монографиялар материалдары 
негізінде ұлттық археология материалдармен толықтырыла отырып жазылды. 
Оқулық жазу барысында кеңес дәуірінде зерттелген археологиялық 
ескерткіштердің материалдары мен жекелеген кезеңдерді зерттеу нәтижесінде 
жазылған монографиялық еңбектердің тұжырымдары пайдаланылды. Елімізде 
егемендік алғана бері археологияға қатысты оқулық екі рет қана басылып 
шықты. Олар: К.М. Байпаков, Ж.Қ. Таймағамбетов, Т.Ж. Жұмағанбетовтердің 
«Археология Казахстана» (1994 ж.) және К.М. Байпаков пен Ж.Қ. 
Таймағамбетовтің «Археология Казахстана» (2006 ж.) атты оқулықтары. Осы 
оқулықтардың алғашқысы қазақ тіліне аударылып, 2006 жылы қайта басылды. 
Бұл еңбектердің таралымы шамалы және тек Қазақстанның ғана 
археологиясына арналған. Ал, қолдарыңыздағы оқулық Шығыс Еуразияның 
археологиясын қамтиды және қазақ тілінде алғаш жарық көріп отыр. 
Археология пәні жоғары оқу орындарының гуманитарлық мамандықтарының 
көпшілігіне оқылатын болғандықтан қазақ тілінде жазылған осындай 
оқулықтар көптеп әзірленуі тиіс. Оқулықтардың көбеюі олардың сапасының 
жақсаруына көмектеседі және оқырманның немесе студенттің шынайы және 
ғылыми негізде жазылған оқулықты таңдау мүмкіндігін арттырады. Оқулықта 
Еуразия кеңістігінің археологиясы мүмкіндігі болғанша тең дәрежеде 
қамтылды. Сондай-ақ еліміздің археологиясына да едәуір орын берілді. 
Қазақстан археологиясына қатысты материалдар К.А. Ақышев, К.М. 
Байпақов, Ж.Қ. Таймағамбетовтердің оқулықтары мен әр кезеңнің археолог 
мамандары (М.Е. Елеуов, Ж.Қ. Құрманқұлов, З.С. Самашев, В.Ф. Зайберт, В.В. 
Ворфоломеев, А.З. Бейсенов, т.б.) дайындаған ғылыми еңбектерден алынды. 
-4- 


Қазақстан археологиясына қатысты материалдар К.А. Ақышев, К.М. 
Байпақов, Ж.Қ. Таймағамбетовтердің оқулықтары мен әр кезеңнің археолог 
мамандары (М.Е. Елеуов, Ж.Қ. Құрманқұлов, З.С. Самашев, В.Ф. Зайберт, В.В. 
Ворфоломеев, А.З. Бейсенов, т.б.) дайындаған ғылыми еңбектерден алынды. 
КІРІСПЕ Пәннің мақсаты мен міндеттері: Біз адам қоғамының қалыптасып 
дамуы жайлы тарихи деректердi зерттеу арқылы танып бiлемiз. Дерек ретінде 
адамзаттың өткен тарихынан мысқалдай болса да мәлiмет беретiн кез келген 
зат есептеледi. Тарих ғылымында деректердi үлкен екi топқа бөлiп қарастыру 
қалыптасқан. Оның бiрiншiсi – жазба, екiншiсi – заттай деректер. Археология 
екiншi топқа жататын заттай деректердi зерттеумен айналысады. Заттай 
дерекке, қайсыбiр заманда адам баласының қолынан шыққан кез келген бұйым 
жатады. Олар атқарған қызметiне қарай еңбек құралдары, қару-жарақтар, 
тұрмыстық заттар болып топтастырылады. Осындай танымдық деректерден 
басқа, ғылымда археологиялық ескерткiштер деген түсiнiк те бар. 
Археологиялық ескерткiштер: мекенжайлар және жерлеу ескерткiштерi болып 
екiге бөлiнедi. Археологиялық ескерткiштердiң басым көпшiлiгi осы екi топқа 
кіреді. Бұлардың ешқайсысына қатысы жоқ ескерткiштер бар. Олар: өндiрiстiк 
құрылыстар мен рухани мәдениет жәдiгерлерi. Бұлардың бiрқатары 
мекендердiң iшiнде (шеберханалар, мешiттер, храмдар т.б.), бiрқатары 
мекендерден тысқары жерлерде (суару жүйелерi, тастағы таңбалар, кен алған 
орындар т.б.) орналасуы мүмкiн. Ежелгi адамдар тұрып, өз тiршiлiгiнiң iздерiн 
қалдырған мекен-жайлар археологиялық ескерткiштердiң iшiндегi ең көп 
таралған түрi. Осындай мекенжайлардан үйлердiң қалдықтары жиi кездеседi. 
Темiр ғасырына жататын, сыртында қорғаныс құрылыстары бар мекенжайлар 
археологияда қалашықтар деп аталады. Археологиялық ескерткiштердiң 
келесi бiр түрi – жерлеу ескерткiштерiнiң де ғылыми маңызы үлкен. Жерлеу 
ескерткiштерiне тастан салынған склептер, үстiне тас немесе топырақ үйiлген 
обалар, түркi дәуiрiнiң зираттары және қарапайым жер қабiрлер жатады. Бiздiң 
елiмiзде жерлеу ескерткiштерiнiң ең көп тараған түрi – жер қабiрлер мен үстiне 
топырақ немесе тас үйiлген обалар. Мекенжайларды қазу барысында 
мамандар ежелгi адамдардың тiршiлiк iздерi сақталған қабат – мәдени қабатқа 
тап болады.
-5- 


Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқанына және одан табылған заттарға 
қарап, бұл жердi адам баласы қашан және қанша уақыт мекендегенiн 
анықтауға болады. Мысалы, темiр ғасырының мекенжайлары жердiң бетiне 
жақын орналасса, тас дәуiрiнiң тұрақтары әдетте жердiң бетiнен едәуiр 
тереңдiкте сақталған. Кейде бiр мекенжайдың орнында әртүрлi археологиялық 
кезеңдерге жататын бiрнеше мәдени қабат кездесуi мүмкiн. Мекенжайдағы 
тiршiлiк үздiксiз ұзақ уақыт жалғасқан жағдайда мәдени қабат бiрiнiң үстiне 
бiрi түседi. Оларды құрамында ешқандай археологиялық артефактiлер 
кездеспейтiн, құмнан немесе топырақтан түзiлген аралық қабат бөлiп жатуы 
мүмкiн. Бұндай жағдайда мекенжайдағы тiршiлiк белгiлi бiр уақыт 
аралығында үзiлiп, араға белгiлi бiр уақыт салып қайта жалғасқан деуге 
болады. Археологиялық мәдениет түсiнiгi бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған 
шаруашылығы мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған 
еңбек құралдары, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi 
археологиялық заттардың кешенiн қамтиды. Кейде археологиялық мәдениет 
өздерiнiң шаруашылығы мен рухани дамуы жағынан бiр-бiрiне жақын, шығу 
тегi, тiлi, материалдық және рухани мәдениетi ортақ бiр этникалық адамдар 
қауымдастығына тән болуы мүмкiн. Археологиялық мәдениеттер әдетте, 
шартты түрде алғаш зерттелген жердiң атымен (Атбасар, Андрон, 
БеғазыДәндiбай т.б.) немесе археологиялық ерекше белгiлерiне қарай 
(Катакоба, Бесшатыр, Тасмола т.т.) аталады. Археологиялық мәдениет заттай 
деректердi жiктеу (классификация) мен жүйелеудiң (систематизация) негiзi 
болып есептеледi. Барлық археологиялық заттар мәдениеттiң қайсы бiр түрiне 
жатады.
Адам қоғамының тарихын олардың негiзгi еңбек құралдарының қандай 
материалдан жасалғандығына қарай археологиялық кезеңдеу қалыптасқан. 
Осы кезеңдеуге орай бүкiл адамзат тарихы тас, қола және темiр ғасырларына 
бөлiнедi. Өз кезегiнде бұл ғасырлардың әрқайсысы жеке кезеңдер мен 
мәдениеттерден тұрады. Дәуірінің ұзақтығы мен өзiндiк даму ерекшелiктерiне 
қарай бұл ғасырлар әркелкi. Мәселен, тас ғасыры басқаларына қарағанда 
едәуiр ұзақ уақытқа созылған. Осы ұзақ мерзiмге созылған тас ғасыры кезiнде 
тас еңбек құралдары үздiксiз дамып, оларды жасау әдiстерi де жетiлiп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет