4.Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар. 1.Қандай да болмасын тірі организмдерге өзгергіштік тән.
2.Барлық тірі организмдерге көп мөлшерде ұрпақ қалдыруға бейім келеді . Бірақ табиғатта осынша көп мөлшерде ұрпақ дамып жетілмейді . Өйткені олардың басым көпшілігі қоректің , судың , жарықтың жетіспеушілігінен т.б. себептерден тіршілігін жояды.
3.Организмдердің шексіз көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресурстарының арасындағы қарама – қайшылық тіршілік үшін күресті туғызады .
4.Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар даралар тіршілік еткен орта жағдайларына бейімделіп , ал ондай өзгергіштігі жоқтары жойылып отырады (табиғи сұрыпталу ).
5.Түрлердің көбейіп, ұрпақ қалдыруы – пайдалы өзгерістердің организмде ұрпақтан – ұрпаққа беріліп бекітілуі . Осының нәтижесінде ұрпақ пен тектін арасында бірсыпыра алшақтық пайда болады