Рабаева Камила бб17-02 Эволюциялық идеялардың даму тарихы


Ч. Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы



бет6/7
Дата06.02.2022
өлшемі25,99 Kb.
#81744
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лабка 1 Камила

6.Ч. Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы.
Эволюциялық палеонтологияның негізін қалаушы В.О.Ковалевский болып саналады. Оның еңбегінің құндылығы – ол бірінші рет палеонтологияда тарихи әдісті қолданып және оны дамытты.В.О.Ковалевский тұяқтылардың филогениясы саласында классикалық зерттеулер жүргізіп, үштік дәуір бойы сыртқы орта жағдайлары өзгеріп отыруына байланысты біртіндеп жаңа формалар дамып отырғандығын және бір формалар екінші формалардың орнын басып отырғандығын дәлелдеді. Осы зерттеулер бірсыпыра қорытынды тудырып, эволюциялық палеонтологияның әрі қарай дамуына септігін тигізді. В.О.Ковалевский Агассицтің және басқа Кьювені жақтаушылардың Дарвин теориясына қарсы қойған негізгі жағдайларын жоққа шығарды. Олар қазба қалдық түрлермен қазіргі кездегі түрлердің арасында аралық формалар жоқ деп білетін. В.О.Ковалевский үштік дәуірдің бас кезіндегі жылқының арғы ата-тегінен бастап осы кездегі түрлеріне дейін олардың филогениялық қатарын жасап, аралық формалар болатындығын дәлелдеп, оның эволюциясын анықтады.
Ұрықтардың ұқсастығы жайындағы Бэрдің заңына сүйеніп, Рулье “жануарлардың жасына байланысты күрделенуі мен жануарлардың класс бойынша күрделенуі параллельді” деген болжам айтқан болатын. Дарвин эволюциялық процестің заңдылықтарын дәлелдеу үшін эмбриологияның үлкен маңызы бар екендігін атады. Ол, ересек күйінде бір-біріне ұқсамайтын жануарлардың ұрықтарының құрылысы ұқсас болуы, олар бір ата-тектен тарағандығына дәлел деп қарады. Осы пікірді кеңінен пайдалана отырып, В.О.Ковалевский мен И.И.Мечников өздерінің тамаша зерттеулері арқылы эволюциялық эмбриологияның негізін құрды. Бұлар түрлердің жеке дамуын талдау арқылы олардың табиғи системадағы дәл орнын тауып беру мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп берді.
Эволюциялық эмбриология табыстарының нәтижесінде Ф.Мюллер мен Э.Геккель “Биогенетикалық заң” қалыптастырды. Геккель бұл заңға мынадай тұжырым берді: “Онтогенез филогенездің қысқаша және тез қайталануы, тұқым қуалау (өсып-өнудің) және бейімдеушіліктің (қоректенудің) физиологиялық функцияларымен байланысты қайталануы”.
Биогенетикалық заң жануар дүниесіндегі филогениялық байланыстарды анықтау үшін әдіс есебінде пайдаланыла бастады. Эмбриологиядағы тарихи әдісті дәлелдеу және оны одан әрі өңдеу қажет болды. Осы орасан күрделі жұмыс А.Н.Северцов және оның шәкірттерінің еңбектерімен жүзеге асты. А.Н.Северцовтың еңбегі – ол биологияда эволюциялық морфология бағытын дамытып филэмбриогенез теориясын және эволюциялық процестің негізгі бағыттары жайындағы ілімді дамытты.
К.А.Тимирязев ғылым мен практиканың одағы жайында 1920 жылы (К.А.Тимирязевтің өмірінің соңғы жылында) оның “Ғылым мен демократия” атты кітабы басылып шықты. Бұл дарвинизмнің ескі күрескерінің бостандық алған және Отанымыздың жас ұрпақтарына арнаған ғылыми мен саяси өсиеті ретінде жазылған еңбегі еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет