Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


тақырып. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту



бет10/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

1.9 тақырып. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру өмір талабы. Әр халықтың ұлттық тарихи дәстүрі, оның адамзатттық білім берудегі мәдениеті мен білім осы оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты. Қазақ халқы – елін, жерін, оның тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, рухани-адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Жас ұрпақты рухани-адамгершілік дамыту – уақыт пен заман талабы. Бала – болашақ адам. Адам бойында ерлік, мейірімділік, сатқындық, қатыгездік, рухани-педагогикалық қасиеттер тәрбие арқылы қалыптасады.


Қазіргі заман талабына сай, жаңашыл, шығармашыл, жан-жақты мәдениетті, саяси сауатты, дамгершілік қасиеттері жоғары дамыған жек тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Жалпы жастар бойында адами құндылықтарды – мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық, қамқорлықты бойына сіңіріп тәрбиелеуді қажет етеді.
Рухани-адамгершілік тәрбие ерте балалық шақтан бастау ала отырып, адам өмірінің әр кезеңдерінде жүйелі дами келе, тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде рухани бай, дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады. Өкінішке орай, рухани-адамгершілік тәрбиенің жетіспеушілігінен соңғы жылдары балалардың бойында қоршаған ортаға деген мейірімсіздік, қатыгездік қасиеттері көрініс алуда. Осыған байланысты білім ошақтары ерте жастан бала бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту үшін ізденіспен жаңашыл бағытта жұмыс жасауы керек.
Бүгінгі күні елімізде рухани-адамгершілік тәрбие берудің шешімі табылып, жақсы жолға қойылып отыр. Сәби жүріп, сөйлей бастағаннан әдепке, мәдениетке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу отбасынан басталар рухани-адамгершілік тәрбиенің заңдылыға. Баланы өмірге бейімдеуге ата-ананың орны бөлек. Өйткені отбасы – бала үшін ең жақын әлеуметтік орта. Ата-ананың басты қызметі бала тәрбиелеу. «Не ексең, соны орасың» - деген халық мақалы да тәжірибе негізінен алынған. А. Құнанбаев: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады. Бірінші –ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші құрбысынан» деген екен. Солардың ішінен қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады екен.
Демек, баланы жақсы, я жаман ететін тәрбиесі мен тәрбиелейтін ортасы. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеген бала, өзгелерді де құрметтей алады. Педагог ғалымдардың тұжырымына сүйенсек, баланың дұрыс болуы ең алдымен, отбасындағы үлгі өнегеге байланысты екені белгілі. «Әке көрген оқ жонар, шеш көрген тон пішер» деген мақал осыдан шықса керек.
Адамгершілік тәрбиесі тұтас алғанда баланың жеке басын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған процесс. Ұстаз оқушыны адамгершілікке тәрбиелеу міндеті болып табылады.
1.Жолдастық ережелері.
2.Тату жұмыс ережелері.
3.Адал ойын мен жарыс ережелері.
4.Сыпайылық ережелері.
5.Еңбекке баулу.
6.Ұжымдық ойындар.
7.Саяхат.
Қорыта айтқанда бала бойында адамгершілік қасиетін сіңірудде табиғатқа, кітапханаға, мектеп ауласына, көшеге саяхат жасаудың рөлі зор. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу, кетпейтін, әрдайым жақсының жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамды адамгершілігі мол деп атаған. Сондықтан да оқушының бойына адамгершілік құндылықтарды дарыта білу мұғалімнің шеберлігі болса, ал ата-ананың міндеті балаға деген мейірімінің мол болуы. Еліміздің келешегі жас ұрпақты қашанда адамгершілігі бар азамат етіп тәрбиелеу керек. Сонда ғана мемлекетіміздің болашағы жарқын болмақ!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет