Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


бөлім. Қызмет ету. Оқыту нәтижелері



бет6/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

7 бөлім. Қызмет ету. Оқыту нәтижелері:
- Өзіңе – өзің қызмет
етуді үйрету
Бағалау критерийлері:
- Тілдесу мәдениетін
зерттейді

10

6

4



















7.1 тақырып. Өзіңе – өзің қызмет ет әдеппен

2




2



















7.2 тақырып. Тілдесу мәдениеті

2

2






















7.3 тақырып Зиялылық жолы жастық шақтан басталады.

2

2






















7.4 тақырап Адам және оны қоршаған орта

2

2






















7.5 тақырып өзін-өзі бағалау

2




2



















8- бөлім. Мәдениетке құндылық қатынас.
Оқыту нәтижелері:
- Тұлға бостандығы
және оған алып
баратын жолын
үйрету
Бағалау критерийлері:
- Сенім қозғаушы күшін зерттейді

6




6



















8.1.тақырып . Сенім қозғаушы күш.

2




2



















8.2. тақырып. Қазақстан- біздің ортақ мекеніміз.

2




2



















8.3.тақырып.Тұлға бостандығы және оған алып баратын жол.

2




2



















Барлығы 4 семестр бойынша / Всего за 4 семестр

44

21

23



















Барлығы 2 курс бойынша / Всего за 2 курс

108

65

43


















1.2 тақырып. Өзін – өзі тануға алғашқы қадам.

Адам өзін-өзі тани білуі керек. Сенің биологиялық, физиологиялық негіздерің қандай? Ағзаң неден тұрады? Денеңдегі қандай ерекшеліктерді, кұбылыстарды білесің?


Содан соң түр-түсің, мінезің, ақыл-ойың, білімің қандай? Осының бәрін жете білмесең де, жалпы-түсінігің болуы керек. Адам дүниедегі ең күрделі, ең ақылды, ең шебер, өнерпаз жан иесі.Ең жақсы қасиеті өз мінезін біліп, ашуын, ызасын басып ұстай білу, ақылмен жеңу. Ашуланшақ адам өзін-өзі ұстай алмай, дөрекілік көрсетеді, тіл тигізеді, тіпті төбелеске, кісі өлтіруге дейін барады. Соның бәрі өз мінезін, ашуын, ызасын біліп, оның ұят екенін, барып тұрған мәде­ниет­сіздік, көргенсіздік екенін біліп, түсіне алмағандықтан өзін ұстай алмаған­дықтан болады. Мәдениетке жеткізетін әдебиетті, та­­рихты, өнерді үйрететін – тіл. Тіл – ең құ­діретті, ең касиетті, тіпті ең сиқырлы, өте қа­білетті құрал. Тіл ана сүтімен бой­ға енеді, қарым- қатынастан, адам мен адамның араласуынан өрбіп, мек­теп­те, жоғары оқу орындарында дамиды. Өзін-өзі тану пәні - адамға өмірлік айқындамасын анықтауға, түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес шешуге, өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қатым-қатынас жасауға үйретеді. Сұлтанмахмұт Торайғыров:
Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп түй­ген екен. Бұдан артық айтуға бола ма?Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарымыздың 319-хадисінде «Тілін түзеген адамға Алланың рақметі жаусын!» делінген.
Мұхтар Әуезов: «Кім де кім қазіргі уақытта ана тілін, өз әдебиетін сыйламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деп батыра айтқан. Шыңғыс Айтматов: «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы» деп жоғары бағалайды.
Осыдан барып тарихты білу мәселесі туады. Тарихты білу де үй ішінен, ата-ана тәрбиесінен басталады. Қазақта «жеті атасын білу» деген ұғым бар, «Жеті атасын білмеген жетесіз» дейді халық. Ойлап қарасаңыз, ол-тарихқа апаратын жол. Жеті атасын білу арқылы руын, елін біледі. ­Ота­нын біледі. Отанды білу, Отанды сүю, ардақтау – ұлтшылдық емес, ұлтын сүю деген сөз. Ол үшін Отан­ның, елдің тарихын білу, терең білу керек. Ал тарихты білу Отанның өткен жолын, күресін, жеңісін, жеңілісін білу деген сөз. Ал казақ әдебиеті қазір дүние тани­тын дәрежеге жетті. Абайдың, Мұх­тар­­дың, Ғабиттің, т.б. толып жатқан жазушылардың шығармаларын бұрынғы Одақ, бүкіл дүниежүзі біледі. Тек «Абай жолының» дүниежүзінің 60 тіліне аударылғанын айтсақ та жеткілікті.Қазақтың ауыз әдебиеті өте бай. Дастан-эпостар, ертегілер, мақал- мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар – баға жетпес қазынамыз. Бұл қымбат әрі асыл қазынамыз бізге сол бай тіліміз арқылы жетіп отыр. Жалпы қазақ тілі – өте бай әрі сұлу, музыкалы, әсерлі тіл.Ауыз әдебиеті ішінен мақал-мәтел­дер, жұмбақ және жаңылтпаш туралы айта кетейін. Қазақ халқы сөзін мақал-мәтелсіз айтпаған. Сондықтан бізде мақал көп әрі мағыналы.
Әрбір мәдениетті адам өзін-өзі білу үшін алдымен білімін жан-жақты тереңдетуі керек. Ол үшін қазақ тілін – ана тілін жете, жан-жақты білуі қажет. Тек тілді жақсы біліп, әдебиетті, тарихты, музыканы мәде­ниетті (тек қазақтың нағыз таза мәде­ниетін терең жете білгенде ғана) өзінді-өзің жақсы білуге мүмкін болады. Қазақ мәдениеті дүниежүзінде теңдесі жоқ жоғары мәдениет. Біріншіден, ол ар мен намыстан, рухани байлықтан туады. Мысалы, қазақ үйге кірген адамға дәм татырмай жібермейді. Қонағын қатты сыйлап, мал сойып күтеді. Қазақ үлкенді сыйлап, құрметтейді. Әйелді «ана» деп ардақтайды. Қызын қызыл гүлдей мәпелейді. Жас­тар үлкен кісі тұрғанда алдымен сөйлемейді. Міне, мәдениеттің жоғары түрі осылар. Осының бәрі адамның өзін-өзі білуімен, алдымен өзін сыйлай білуінен туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет