Рамазанова Балжан Жанмолдиновна Көкшетау қаласы, №17 орта мектебінің



Дата22.06.2017
өлшемі45,25 Kb.
#19677
Рамазанова Балжан Жанмолдиновна

Көкшетау қаласы, №17 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Тақырыбы:  ТҮСКІ АС

Мақсаты: 1. Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану екенін түсіндіру.Тағам атауларына байланысты түсінік бере отырып, мәтін мазмұнын меңгерту. Мәтін мазмұнымен жұмыс жасай отырып, есте сақтау, сауатты жазу, байланыстырып сөйлеу және өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні.

Астың  маңызын,  оның  дұрыс  дайындалуының  маңызын көрсету. Асты қадірлеуге  тәрбиелеу. Сөйлеу  мәнерін,  жазу  дағдыларын  дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау.

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, орыс тілі.

Күтілетін нәтиже:  Тақырып бойынша таныс сөздер мен жаңа сөздердің    мағынасын түсінеді. Сөз тіркестері мен сөйлем құрастырады, анық сөйлеу арқылы түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: Маркерлер, кеспе қағаздар, интерактив тақта, карточкалар, флепшарт,мәтін ішіндегі сұрақтар.

Сабақ  барысы:

I.Ұйымдастыру  кезеңі



Оқушылармен амандасу:

-Сәлеметсіздер ме балалар!

«Шаттық шеңбері»

Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

Диалог құру,4-тап.1зат есімді тәуелдеу.1 етістікті жіктеу.

«Ыстық орындық»ойыны арқылы сөз таптарын еске түсіру. Зат есім, Етістікті.

Үй тапсырмасын қорыту. Топтастыру арқылы,класстер құрғызу.

Таңғы ас
Топқа бөлу

«Ой шақыру»:

-Балалар біз неше мезгіл тамақ ішеміз?

-Таңғы астан кейін қандай ас келеді?

-Түскі ас.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

-Түскі ас.

- Түскі асқа сендер не жейсіңдер?

-Бұл тағамдарда нелер болады?Дәрумендер(Витаминдер)

Ендеше балалар,осы адамның ағзасына пайдалы дәрумендер бойынша топқа А, В, Е дәрумені бойынша бөлінейік.

Бағалау парақтарын тарату,топта жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.

1.Топ басшысы.

2.Баяндаушы.

3. Бақылаушы.

4. Тайм спикер. Уақытты қадағалаушы.

5 Бағалаушы.

Жаңа сабақ.

ІІ.Бүгін сабақтың тақырыбы: Түскі ас

III. Сабақ  мақсатын,  барысын  айту. Денсаулықтың негізі ол дұрыс тамақтану,құнарлы,дәруменді тамақ ішу.


  1. Жаңа сөздермен танысу:интерактив тақта арқылы көрсету. Оқыту хормен қайталату.

Ағза-организм

Құрамы-состав

Асықпай-не спеша

Тоюға -наесться



Сөз тіркесін немесе сөйлем құрастыру.

Естеріңде қалған сөздерді парақ бетіне жазып беру.

  1. Мәтінмен жұмыс 3-топ іштерінен түсініп оқиды.Кеспе қағаздарын тарату мәтіндермен.

Е-тобы мәнерлеп оқиды.

В-тобы аударады.

А-тобы түсінгендерін айтып береді.

Сергіту сәті.Жаттығу жасау.

3 Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Интерактив тақтадан шығады,оқушылар өз қалаулары бойынша тапсырмаларды таңдап алады.

III деңгей.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Ағза сау және күшті болу үшін не керек?

2.Тамақтану кезінде не істеуге болмайды?

3.Тағамды қалай жеу керек?

4.Тамақтану кезінде қашан тамақтануды тоқтатқан жөн?

5.Тойғаныңды қашан сезесің?

II деңгей.



  1. Мәтін бойынша диалог құрып,өзара сөйлесіңдер.

  2. Алаңдайды,сезесің сөздері қандай шақта тұрғанын анықтап,жасалу жолын түсіндіріңдер.

  3. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңдар.Сұрақтарын дұрыс қойыңдар.

I деңгей.

Дұрыс тамақтану ережесін ары қарай жалғастырыңдар.



  1. Ас ішер алдында қолыңды жу.

  2. Тамақтану кезінде кітап оқыма.

  3. Үстел басында түзеу отыру керек.

  4. Асықпай, әбден шайнап жеу керек.

  5. Тамақтанып отырғанда көп сөйлемеу керек.

  6. Астарыңыз дәмді болсын деу керек.

Карточкамен жұмыс.

Мына зат есімдерді сөз құрамына талда.

(Ағзаның, адамға, тамақта)

2-тапсырма. 3 топқа.

1-ші топ.Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып жазыңдар.

2-ші топ. Ауыспалы осы шақта тұрған етістіктің астын сызыңдар.

3-ші топ. Сын есім бар сөз тіркестерін бөлек теріп жазып, қандай сұраққа жауап беретінін айтыңдар.

Жаңа сабақты қорыту.

Флипчарт арқылы.

Қандай тағамдарда витаминдер көп болады екен? Суретін бойынша топ басшылары қорғайды.

Білімдерін бағалау. Топ басшылары бағалау парақтарымен бағалайды.

Мұғалім өзі формативті бағалау жасайды.



Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау. 3-тапсырма жазбаша. 63-бет.

Рефлексия.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет