Тыныс алу. 28.Тыныс алу, оның негізгі кезеңдері. Сыртқы тыныс алу. Дем алу мен дем шығарудың биомеханикасы. Плевралық қуыстағы қысым, оның негізі мен сыртқы дем алудағы ролі. ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы. Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің қуыстарында) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері порн болады. Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді: ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары – мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар. түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше өкпе; Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді: жоғарғы тыныс алу жолдары – мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы; төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы. Тыныс алудың екі түрі “Сыртқы” тыныс алу терминімен өкпеде болатын оттегі мен көміртегінің қос тотығының алмасу үрдісі белгіленеді. Ішкі тыныс алу деп организмнің тіндерінде болатын құбылысты атайды.Бұл үрдісте өкпеден жеткізілген оттегі жасушалар қызметін қолдау үшін көміртегінің қос тотығымен алмасады. Жасуша глюкоза сияқты қоректік заттарды ажырату барысында және көміртегінің қос тотығы пайда болады. Көміртегінің қос тотығы, яғни көмірқышқыл газы қанмен өкпеге жетеді, ал одан тыныс алу үрдісіне сыртқа шығарылады. Дем алу Сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер жиырылған кезде қабырғалар жоғары көтеріліп, бір-біріне жақындайды. Терең тыныс алғанда мойын бұлшық еттері де жиырылады. Дем шығару Демді сыртқа шығару кезінде сыртқы қабырғааралық бұлшық еттер босайды,ал ішкі қабырғааралық және іш қуысының алдыңғы қабатының бұлшық еттері жиырылады. Плевралық қуыс қысымын өлшеу үшін қатар орналасқан қабырға аралығына жуан имек ине тығып, оның сыртқы ұшын "U" тәрізді манометрмен жалғастырады. Плевралық қуыстағы қысым сырттағы ауа қысымынан төмен болады, сондықтан онымен жалғасқан сынап бағанасы жоғары қарай көтеріледі, ал атмосфералық ауамен жалғасқан сынап бағанасы төмен түседі. Демшығару кезінде, плевра жапырақтары аралығындағы қысым атмосфералық қысымнан 3 мм төмендейді. Атмосфералық ауа қысымы сынап бағанасы бойынша 760 мм-ге тең болса, плевралық қуыстағы қысым 3 мм кем болғандықтан, ол 760-3 757 мм-ге тең болғаны, бұл қысым "-3" мм деп белгіленеді.Демалуда көкірек қуысы кеңейеді де, плевралық қуыс қысымы одан әрі төмендеп - 6 мм-ге теңеледі. Терең дем алған кезде - 9-15 мм-ге дейін төмендейді. Сонымен плевралық қуыс қысымы
әр уақытта атмосфера қысымынан төмен және өкпе неғұрлым қатты созылса, соғұрлым төмен болмақ. Демек, плевралық қуыс қысымын теріс қысым деп тану керек. Тыныс тереңдеген сайын плевра қуысында теріс қысым мөлшері арта түседі.Теріс қысым ауаның өкпеге кіруін, яғни демалуды жеңілдетеді, венадағы қанның жүрекке қайтып оралуын қамтамасыз етеді: плевра жапырақшалары аралығындағы қысымның төмендеуіне байланысты көкірек қуысындағы үлкен веналар мен жүрекше кеңейіп қанды жүрекке қарай тартады.