3.Қанның негізгі физиологиялық тұрақты көрсеткіштері, оларды сақтау механизмі. Қан плазмасынан тіндік сұйықтық түзіледі де, жасушаларды қоректендіреді. Қан тіндік сұйықтық көзі болғандықтан оны организмнің
әмбебап ішкі ортасы деп атайды. Қан мен тіндік сұйықтық арасындағы физиологиялық механизмдер гистогематикалық бөгеттер деп аталады. Олар капиллярлардың эндотелилерімен көрсетіліп қанды жасушалардан бөліп тұрады. Гистогематикалық бөгеттер қан мен тін арасындағы алмасу үрдістерін реттеп, организмнің ішкі ортасының құрамы мен физикалық – химиялық қасиеттерінің тұрақтылығын қуаттап тұрады. Организм ішкі ортасының құрамы мен қасиеттері: тұрақты, сондықтан олар патология кезіндегі өзгерістерді тез көрсетеді. Сол себептен медицинада қанның клиникалық анализдары кеңінен қолданылады. Қан құрамы және тығыздығы. Қан тұтқырлығы нәруыздар және эритроциттер барлығымен қамтамасыз етіледі. Плазма тұтқырлығы 1,7 – 2,2 ал қан тұтқырлығы 5,1 шамасында. Қан тығыздығы эритроциттер мөлшеріне, оларда гемоглобиннің барлығына және плазманың нәруыздық құрамына тәуелді. Қан тығыздығы: 1,050 – 1,060. Қан құрамы. Қан плазмадан және пішінді элементтерден тұрады. Егер қанға оны ұйытпайтын зат қосып, біраз уақыт қойса, онда ол екіге бөлінеді: үстіңгі сарғыштауы плазма, ал астыңғы қызыл түсті эритроциттер мен тромбоцит, ал лейкоциттер қызыл тұнбаның үстіне ақшыл болып жиналады. Плазма мен пішінді элементтердің көлемдік арақатынасы гематокрит деп аталады. 4.Эритроциттер, олардың құрылысы, химиялық құрамы, саны, функциялық маңызы. Эритроцитоз, эритроцитопения, олардың түрлері Эритроцит-грек.қызыл жасуша дегенді білдіреді,қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес Әйел канында көрсеткіш аздау.Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы- эритроцитоз , аз болуы -эритроцитопения деп аталады . Бұлар сау адамда да науқастарда да кездеседі , сондықтан олар физиологиялық және патологиялык болып екі топқа бөлінеді . Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қанға өту шапшаңдығына байланысты . Салыстырмалы эритроцитоз бен эритроцитопения кан қойылғанда не сұйылғанда болатын өзгеріс . Абсолюттік эритроцитоз – тінде оттегі азайғанда ( гипоксия ) болады . Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер қанға өтуін тездетеді . Сау адамда гипоксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда , яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашык самолетпен биіктікке көтерілген сәтте кездеседі . Салыстырмалы эритроцитоз қанның сүйык бөлігі - плазманын азаюынан болады . Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде , не ыстыктағанда термен бірге құрамындағы су сыртқа шығады да адамның қаны қоюланады. . Осыған орай эритроцит саны көбейеді . Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроцитоз да каннын койылуына байланысты . Мәселен , қатты іш өткенде онымен бірге сыртқа көп мөлшерде су шығады , кейде су дене қуыстарына жиналады . Осының салдарынан плазма көлемі азаяды да қан қойылады . Сау адамда әдетте абсолюттік эритроцитопения болмайды . Ол қаны азайған ( анемия ) науқас адамға тән . Анемия кезінде сүйек кемігінде
эритроциттер түзілуі төмендейді. Салыстырмалы эритроцитопения қанның сұйылуына байланысты . Бірден шектен тыс көп шай ( 8-10 кеседен артық ) не осынша кымыз ішсе біраз уақыттай қан сұйылуы мүмкін . Бірақ қанда су тұрақтылығын ( гомеостаз ) сактайтын механизмдер денедегі артық суды тез сыртқа шығарады . Адам қансырағанда 1-2 тәулік өтісімен кан сұйыла бастайды , эритроциттер сүйек кемігінде тек 4-5 тәуліктен кейін түзiлiп , канға шыға бастайды . Оған дейін қан тамырларына тін аралык сүйықтықтар өтеді де мұндағы қанның көлемін арттырады , сөйтіn 1-2 күндей қан сұйылған күйінде қалады . Бірден көп мөлшер де изотониялық ерітінді құйса да біразға дейін сұйылады . Эритроциттің құрылысы мен құрамы . Эритроцит — ядросысыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша . Ол ядросынан сүйек кемігін де өтетін эритропоэз кезінде айырылады .Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге ұқсайды. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі ( аумағы ) үлкен . Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Эритроцит тыныс алу кызметін орындауға қажет биологиялык курылым . Эритроцит кұрамында 37 % құрғақ заттар бар , ал сүйекте кұрғақ зат 42 % . Демек , денедегі сүйектен кейінгі ең тығыз жасуша - эритроцит . Сонда да эритроцит икемді , созылғыш , үлкен болғанымен , ол жіңішке капилляр арқылы өте алады. Эритроциттердің маңызы. 1-Тыныс алу үрдісіне қатысады.Гемоглабин оксигемоглабинге айналып оттегін тасиды. 2-Эритроциттегі гемоглабин молекулалыры қпн реакциясының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 3-Эритроцит осмостық буфер.Қанның осмостық қысымы күшейген кезде заттардың көбі эритроциттерге өтеді. 4-Тіндердегі суды өкпеге тасиды.Эритроциттер минут сайын өкпеге су алып келеді. 5-қанның қорғаныш қызметіне қатысады.Эритроцит теріс зарядты болғандықтан оң зарядталған улы заттарды өзіне тартып оларды бейтараптайды. 6-Эритроцит жарылған кезде одан тромбопластин босап шығады да қанды тез ұйытады ал ол жарақаттанған жерден ағып жатқан қанды ұйытып тоқтатуға көмектеседі яғни бұл да қаннды қорғаныш қасиетіне жатады. 7-жасушалар арасындағы креаторлық байланысты қамтамасыз етеді.