Құрамы Қан сарғылттау келген сұйық зат плазмадан және оның ішінде жүзіп



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата10.11.2022
өлшемі360,59 Kb.
#157420
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
2-рк физиология

6.Гемолиз, оның түрлері. 
Гемолиз грек қан еру – эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі 
гемоглобиннің плазмаға шығуы . Мұны гемолизденген қан деп атайды . Ол 
әдетте мөп - мөлдір . Гемолизденген кан күйылған пробирка аркылы күн 
сәулесі өтеді . Түсі қызыл лак түсіндей , сондыктан ондай қанды лак тәрізді 
қан деп атайды .
Әсер ететін түрткілер түріне қарай rемолизді бірнеше түрге бөлуге 
болады .
1. Физиологиялық гемолиз сау адамда болады . Денедегі ескірген 
эритроциттер жарылып , олардың орнына сүйек кемігінен шыккан жас 
эритроциттер қанға түседі . Эритроцит 120-130 күн жасайды . Ескірген 
эритроциттердің біразы бауырда , көпшілігі көкбауырда гемолизденеді . 
Сондықтан көкбауыр эритроциттер " моласы " деп те аталады .
2. Осмостық гемолиз эритроциттін іші мен сыртындағы осмостык кысым 
айырмашылығынан туады . Қанға осмостық қысымы аз ерітінді құйса , 
эритроциттің ішіне су кіреді де ол ісінеді , судың кіруі тоқтамаса 
эритроциттің қабығы жарылып , ішіндегі гемоглобин сыртындағы 
ерітіндіге шығады . Сөйтіп қан гемолизге ұшырайды . Жас эритроцит ескі 
эритроцитке қарағанда берік келеді , сондықтан оның төзімділігі де 
жоғарылау . Осыған орай эритроциттер төзімділігінің жоғары және ең 
төмен төзімділігі деген ұғымдар бар .
3. Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен белоктан тұратын 
мембранасын ерітетін химиялык заттардың ( сірке қышқылы , 
эфир)әсерінен болады. 
4. Биологиялық гемолиз - ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын 
не өсімдіктерден алынатын улы заттар - гемолизиндердің әсерінен болады . 
Мәселен , жылан , қарақұрт , шаян улары , адамның ішегінде тіршілік 
ететін құрттар бөліп шығаратын зат алмасу өнімдері , қан құйғанда 
сиыспау салдарынан пайда болатын улар эритроциттердің қабығын 
жидітіп , бұзады . Гемолизденген қанның өзі улы . Сондыктан денедегі 
қанның нобайы гемолизге ұшыраса , гемолитикалык шок пайда болып , адам 
өлуі мүмкін .  
5-термиялық гемолиз канды біресе жылытып , біресе суытудан 
болады.Әсіресе мұздатқыштан шыққан қанды еріиткен кезде болады.Мұз 
кристалдары эритроциттің қабығын жыртады.Дене темп 42 С асса қан 
гемолизденеді. 
6-механикалық гемолиз-қанды шайқап араластыру салдарынан эритроцит 
мембранасы жыртылады.Сол үшін ыдыстағы қанды бір жерден екінші 
жерге апарғанда абайлап тасу керек. 
7-Электрлік генмолиз-электр тогының әсерінен болады.Ультра сәулелері 
мен рентген сәулелері күшті болса эритроцит қабығын бұзады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет