Құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы


Балықтардың экологиялық топтары және олардың сипаттамасы. Балықтардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі



бет3/65
Дата07.02.2022
өлшемі411,21 Kb.
#86164
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020

3. Балықтардың экологиялық топтары және олардың сипаттамасы. Балықтардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі.
Балықтарды экологиялық жөнінен топтастыруда белгілі көзқарас жоқ. Бірақ көптеген орыс оқымыстылары : Қ. Ф. Кисслер (1877), Н. А. Смирнов (1912—1924), А. А. Браунер (1923), В.И.Майснер (1933) зерттеулеріне сүйене отырып бірнеше экологиялық топтарға топтастырған.Пелагикалық балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қоректерін іздеуде өзара араласып жататын балықтар. Денесі ұзынша, ұршық тәрізді болып келеді де, көбінесе актив жүзеді. Оларға акулалар, сардиналар, макрелдер жатады. Кейбір түрлері мысалы айбалык судың қозғалысына байланысты пассив қозғалады.
Литоральдық — су түбі балықтары. Су түбіне жақын қабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде көбейеді, жауларынан қорғанады және коректерін табады. Әр түрлі тереңдікте таралған (скаттар, кейбір камбалалар, тана балықтар) өте таяз жерлерде, (химералар) бірсыпыра тереңдікте кездеседі. Алдағы топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассив қорғануына байланысты тікен” қылқан тәрізді (скаттар, тана балықтар) өсінділер пайда болған, кейбіреуінде (кузовкалар) қалың сауыт негізделген.
Абиссиальдық балықтар. Теңіздер мен мұхиттардың терең қабаттарын (200 метрден төмен) мекендейтін балықтардың аз ғана топтары. Олардың тіршілігі жалпы қолайсыз, әрі өте ерекше. Ол үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, күшті қысым, өте тұздылық, өсімдіктердің болмауымен сипатталады. Абиссиальдық балықтарда көз болмайды, болса өте үлкен, кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады. Жыртқыштықпен немесе өлексемен қоректенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет