2Қан жүйесінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері
3Қанның құрамы мен қасиеттері
3.1Лейкоциттер
3.2Тромбоциттер
4Организмдегі қан қорлары
5Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері
6Қан топтары
7Сыртқы сілтемелер
8Дереккөздер
Қанның қызметі[өңдеу]
Қан келесі қызмет атқарады: асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Қан жүйесінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері[өңдеу]
Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі