2. Тағамдық азық түлік, олардың құрамы және энергиялық құндылығы
Тұздар адам тамағына қажетті.
Бірақ олар қуат көзіне жатпайды,клеткалар мен организмнің сұйық ортасының құрамына кіреді, сөйтіп ішкі ортаның тұрақтылығы және тіршілікті сақтауға қажет. Олар барлық ұлпаларда, әсіресе сүйекте жеткілікті болуы тиіс. Тұзсыз нервтің, еттің қозу белсенділігі мүмкін емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында 3,45% кальций, 1,58% фосфар, 0,65% калий, 0,45% хлор,0,1% магний болады. Бұларға қосымша иод, темір,бром, мыс, цинк сияқты микроэлементтер бар. Олар қан өндіруге, гормондардың түзілуіне қатысады. Тұздар денедегі осмостық қысымды реттейді, қанның сілтілі- қышқылды реакциясын бір қалыпта сақтауға қатысады, катализаторлық қызмет атқарады, сүйек, шеміршек т.б. ұлпалардың құрамына кіріп, олардың беріктілігін қамтамасыз етеді. Фосфор мен күкірт мидың құрамына кіреді, натрий мен калий жүйке жүйесінің қызметінде маңызды орын алып, электрофизиялогиялық жағдайын қалыптастырады. Темір гемоглобиннің құрамына қажет. Фосфор, күкірт, натрий, калий, кальций т.б. организмге айтарлықтай шамада қажет.