Құрамы мен сапасына әсер ететін жағдайлар Орындаған; Рахимбаев Б. Д



бет1/6
Дата18.12.2021
өлшемі31,26 Kb.
#102396
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сүт Реферат1414


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ; Сүттің құрамы мен сапасына әсер ететін жағдайлар



Орындаған; Рахимбаев Б.Д

Тексерген; Бейсенов А



Жоспар

Кіріспе

1. Негізгі бөлім

1.1 Сүттің құрамы

1.2 Сүттің құрамы мен сапасына әсер ететін жағдайлар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Сүт — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едəуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет