Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
«Аудармалары»
Ахмет Байтұрсынов туралы айшықты ойлар Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам – Ахмет. Сәбит Мұқанов
Ахмет Байтұрсынұлы - біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Рабиға Сыздықова
Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады. Бірде - бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде - бір цитата келтірмей, таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет танытқышты” жазып шықты.
Сырбай Мәуленов
Ахмет Байтұрсынұлы Алматы мұражай – үйі
Қостанай қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атына арнап ескерткіш орнатылған
Қостанай педагогика университеті Ахмет Байтұрсынов есімімен аталады
Пайдаланылған әдебиеттер: Пайдаланылған әдебиеттер: - Шығармалары/Ахмет Байтұрсынұлы.- Алматы: «Өлке» баспасы,2013;
- Ахмет Байтұрсынұлы: Зерттеу – эссе. – Алматы: «Арда», 2007;
- «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
- “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл;
- Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу – ағартуға қатысты еңбектері) Алматы,«Ана тілі», 1992 ж.
- Ғаламтор беттерінен;
Назарларыңызға рахмет! Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |