(1872 – 1932) Көркем сөз – көңіл тілі Жалаң сөз – зейін тілі. Ахмет Байтұрсынов
Жоспар:
Өмір белестері;
Ахмет Байтұрсынов – қоғам қайраткері;
Ахмет Байтұрсынов – ағартушы;
Әдебиеттанушы;
Ғалымдардың айтқан ой – пікірлері.
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов
Ұлттың ұлы ұстазы;
Ағартушы-ұстаз;
Тілші-ғалым;
Аудармашы;
Ақын, ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаушы;
Өз халқын сүйген патриот адам.
Өмір белестері
Өмір белестері
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Торғай уезінің – қазіргі Қостанай облысы,Тосын болысында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынов-қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынов-қоғам қайраткері
* Патша отаршылдығына қарсы
күрестегі белсенді іс-әрекетіне
байланысты А.Байтұрсынов
1909 жылы Семей түрмесінде
бір жыл отырып, екі жылға жер
аударылады.
* 1913 жылы Орынборда "Қазақ"
газетін шығара бастады.
* Газет қазақ халқының ұлттық
санасын оятып, азаттық күреске
шақырды.
Ахмет Байтұрсынов 1917 жылы өз пікірлестерімен бірге
«Алаш» атты партия құрды.
Ахмет Байтұрсынов – ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы. Ағартушылық мақсаты – өз алфавитін жасау, оқулықтар жазу. Осы мақсатты орындау үстіне ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап – танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе», «Маса», «Қырық мысал» атты оқулықтарын жазған.