тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының кездесуі шаруашылықтың әр
саласынан хабар береді.
Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар
сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды.
133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары
бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының
сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан
ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген
жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда
қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер
айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға
бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына
Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ
пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы
орталығы болған.
Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі Виктор
Зайберт Англияның Кембридж университетіне Ботай қонысы бойынша лекция
өткізуге шақырылған. Ғалымдар Ботайды 28 жыл бойы зерттеді. Оншақты мақала
жазылып, кітаптар басылды.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған
тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Ертіс пен Жайық өзендері аралығын мекен
еткен тайпалар мәдениетіне жатады.
Алайда, Ботай жері сақтаған жұмбақтар әліде бар. Әлі де ежелгі адамдардың
тайпалас адамдарды қалай жерлегені анықталмаған. Бірнеше ежелгі адамдардың
қалдықтары табылып, археологтарға жаңа жұмбақтарға кенелтті. Олар бұзылған
тұрғын-жайлардан табылды. Әсіресе, адамның бас қаңқасы қызығушылық
туғызды. Ол қазірде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр. Ботай
жеріндегі қазбалар жалғасуда.
Достарыңызбен бөлісу: