Құрастырған: Нұрымбетова Нұрлыгүл Оралбайқызы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



бет3/4
Дата06.07.2018
өлшемі254 Kb.
#47935
1   2   3   4

Әдемі көйлек

Мая біріншіде оқиды. Шешесі оған әдемә көйлек тігіп берді. Маяның қуанышында шек жоқ. Өзіне құйып қойғандай. Қызылды-жасылды гүлдерін айтпаймысың. Мектепке киіп барып, достарына көрсеткенше асықты.

Жазу сабағы болатын. Апай оқушыларды аралап жазуларын көріп жүр.


  • Жазуың көйлегіңе лайықты емес екен. Әдемі көйлегі бар қыздың жазуы да әдемі болу керек,- деді апай мұның жанына келіп.

Мая мұндай ұялмас. Әдемі жазуға тырысты. Қолынан келер емес. «Талаптанбасам болмайды екен» деді ішінен.

Үйге келген соң да қарап отырмады. Кешке дейін ала қағазды айналдырумен болды. Жазуды ақыры дұрыстады.



  • Әжептәуір жақсы жазыпсың,- деді апайы жымиып. –Әлі де жақсарта түс.

Мая көйлегіне бір, жазуына бір қарады. Шынында, әлі де жақсарта түскені дұрыс.
Бабалардан қалған сөз

Күләнда ана сөйлеп отыр.

-Дана халқымыздың мақал-мәтелерінің мағынасын бұзып айтып жатса қалай шыдап отырмақпын? Мысалы: «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда - қазан»- дейді. Сонда жүз жыл бірінші жылы ауыстыру керек пе? Дұрысы ол: «Елу жылда ел жаңа, жүз жыл – қазан болу керек.» Елу жылда ел жаңарады, жүз жылда ұрпақ жаңарады дегенді білдірмек.

Апамның көңілдене бастаған сәтін пайдаланып:

- Күләнда апа, «Ақ түйенің қарны жарылған той» деген сөз қандай мағынаны білдіреді, әлде қазақ бұрын ұлы тойларға тек түйе сойған ба?-деп сұрадым.

- Сен өзің түйені сойғанда мойнын екі жерден бауыздайтынын білесің бе?-деп, маған бір шүйіліп алды да, әңгімесін жалғады.

- Қандай бір малдың болмасын, сүйегін сылып алғанда сүрпі ет өз қарнына түгелдей сыйып кетеді екен. Осыдан-ақ түйе қарнының көлемін көзіңе елестете бер. Табын-табын ірі қара, үйір-үйір жылқы ұстайтын дәулетті үйлер майды түйенің қарнына жинайтын болған. Әбден толғанда арнайы шұңқыр қазып, мұздай жерге сақтаған. Көптен күткен тойларда абысындар: «Бәйбіше, ақ түйенің қарнын жармаймыз ба бүгін?»-деп келмей ме? Сонда түйе қарнына пышақ тиіп, оның майынан бүкіл ауыл ауыз тиеді екен. «Ақ түйенің қарны жарылған күн» деген сөз содан қалған деседі.
Жарқанат

Ерхан жарқанатты көрсе қорқады. Расында да түсі суық. Ұшады десекте әсем қауырсындары жоқ, ол шынында да сүтқоректі ғой, бірақ денесінде түгі жоқ. Есік алдындағы сарайдың төбесінде жабысып тұр. Ұлан Ерханды қорқытады: «Қазір мына жарқанат сенің басыңа жабысады, қаш-қаш», дейді. Қатты қорыққан Ерханның жүгіріп келе жатып шалынып құлап қалмасы бар ма? Ол аяғын қатты ауыртып алды да, жылап жіберді.

Апасы: «Балам, жарқанаттан қорықпа, ол сүтқоректі, нашар көреді, ол өзінен ультра қысқа дыбысты шығарып, оларды қайтадан қабылдап алады, міне, түнде ештеңеге соғылмай ұшатындығы да сондықтан. Ал, оның ультрадыбыс шығаратын мүшесі қайда, білесің бе? Ол тамағында. Одан шыққан ауа қысымы жоғары. Осы ауа өте жоғары жиіліктегі дыбыс шығарады.күзде үңгірлерде қыстап шығады, кейбіреулері оңтүстікке қоныс аударады. Жылына бір рет көбейіп, бір не екіден балапан туады. Жарқанат пайдалы хайуанат, олар ауылшаруашылық зиянкестерін көптеп жояды. Ерхан сен жарқанатты қорға, өніп-өссін»,-деді апасы.
Сараңдық пен жинақтылық

Бірнеше тәуір кісілер бір жетім – жесір қалған үй ішін жылу жиямыз деп, әр үйге қыдырып барып жүріп, бір байдың үйіне келсе, бай жұмыскеріне бір кішкентай жіпті жаңбырда ұмытып, далада қалдырыпсың деп, қатты ұрысып тұр екен. Ұрысып тұрып айтады.

-Сен білмейсің, ол кішкентай жіпте болса, малға сатып алынған нәрсе, малдың табылуы оңай емес,- деп.

Мұны есітіп, көріп, әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлесті: Бір жаман жіпті далада ұмытып қалдырдың деп сонша кейіп тұрған адам бізге ешнәрсе бере қоймас, ауызымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық. Ішінде біреуі айтты:

-Неміз кетіп барады, келген соң бұғанда айта кетелік.

Бұл сөзбен байға келіп, сәлем берді. Бай бұларды әдеппен үйіне кіргізді. Сонан соң келгендердің жұмысын есітіп, сол жердің өзінде бөтендерге қарағанда екі есе ақша шығарып берді және мұнан басқа төрт-бес қап астық беремін деп уәде етті. Мұнысын көріп жолаушылар таңданып отырды да, өздерінің далада байды сараңға санағандарын айтысты. Сонда бай айтты:

-Аз нәрсені азсынбай, қадірін біліп жинағаннан осындай кем-кетікке жәрдем беруге қолым жетісті, жинақтылық-сараңдыққа жатпайды,-дейді.
Өлең жаттау

-Апа, мен саған тақпақ айтып берейін бе? - деді, бірде мектептен келген Алтынай әжесіне.

-Айта ғой, күнім.

Ол қысқа-қысқа тақпақтарды бірінен соң бірін «мынау Нұрасылдікі», «мынау Айсаранікі», «мынау Кәмиланікі»-деп сылдыртып айта бастады.

-Ал, сенің өз тақпағың жоқ па, тегі,- деп сұрады әжесі.

-Бар! Бірақ балалар менің тақпағымды айтпайды ғой,- деді ол өкпелегендегі әдетінше аузын бұртитып.

-ал, сен қалай олардың тақпағын жаттап алып жүрсин?

-Біз ойын қобға дайындалып жатырмыз ғой. Күнде-күнде сыныпта балалар тақпақтарын айтқанда, мен олармен бірге қайталап үйреніп алдым.

-Басқа балалар сыныпта өз тақпақтарын тақылдап айтқанда, сен неге айтпайсын?

-Мен әлі жаттаған жоқпын.

-Сонда қалай? Ақымағым-ау, сен өзің айтпайсың, олар қайдан біледі?!

Сыныпта сен де өзіңе берілген өлеңді тақылдап айтып тұрсаң, сонда басқа балалар да ілесіп жаттап алар еді...

-Мен ойладым, балалар сыныпта айтқанда, мен де олармен бірге қайталап отырып жаттап аламын,-деп

-Алтынай-ай! Есіңде болсын, өзіңе жүктелген тапсырманы басқаға сүйенбей, өзің орындауға әдеттен ботам,- деді әжесі зілсіз.



Бұғының мүйізі

Көктем кезінде әкесі он жасар Айдана мен жеті жасар Арманды хайуанаттар паркіне алып барған.

Айдана үлкендігі сиырдай бір қоңыр аңды қолымен көрсетіп:

-Міне, мынау – бұғы,- деді інісіне.

-Жо-оқ, бұл бұғы емес. Көрмейсің бе, мүйізі ұқсамайды ғой? Бұғының мүізі деген үлкен болады,- деді Арман таласып.

Айдана қайта назар аударып, өзі де ойланып қалды. «Расында мынаның мүйізі біртүрлі екен, құлақтан да оза қоймаған. Ұшы тоқал. Сырты түсті. Тіпті қатты да емес секілді. Өткен күзде көрген бұғының мүйізі мұндай емес, арбиған, аша-аша сияқты еді».

-Көке, мынау қандай аң, бұғы ма?- деді ол қасына келген әкесіне қарап.

-Иә, бұғының дәл өзі.

-Мүйізі ұқсамайды ғой?- деді Арман.

-Е-е мынау жаңа шығып келе жатқан жас мүйіз ғой. Кейін бұл сала-сала болып, шаңырақтай дәу мүйізге айналады. Ол қыста немесе көктемге қарай түседі де, оның орнына жаңасы шыға бастайды.

-Сонда ол жыл сайын түсе ме?

-Иә, жыл сайын көне мүйіз түсіп, жаңа мүйіз шығып отырады.

-Қызық екен?-деп таңғалды да, балалар одан әрі қарай бақты аралап кетті.

Торғай мен көбелек

Балабақша ауласында қызыл, сары, ақ гүлдер өскен әп-әдемі гүлзар бар еді.

Сонда бір теңбіл қанат ақ көбелек гүлден-гүлге қонып, шырын сорып жүрген.

Оны бір қу торғай көле қалды да, ұстап жегісі келіп, қуа жөнелді.

Көбелек гүлзар үстінде жғары-төмен, оңға-солға бұлтарып қаша берді, қаша берді.

Торғай да қыр соңынан қалмай, қанаты пыр-пырлап қуа берді, қуа берді.

Жанталасқан көбелек бір гүлге барып қорғалып еді, қу торғайй оны қақшып кете жаздады. Одан тағы қайта ұшып, әрлі-берлі бұлтақтай қаша жөнелді.

Біреуі аз болғандай, енді оған екінші торғай келіп шүйілді. Екеуіпыр-пыр етіп таласа кеп қуды. Бір торғайдың қанаты қағып, біреуінің тұмсығы да тиіп өтті.

Міне, осы қиын сәтте ақ көбелек сонда жүрген бір кішкентай қыздың көйлегіндегі гүлге барып қона қалды.

Содан мысы құрыған екі торғай енді оған жолай алмай, жай-жайына кетімті.

Ақ көбелек болса қайтадан гүлзарға барып, гүлден-гүлге қонып, тағы да шырын сора бастады.
Жайлау

Жыл он екі ай – көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымға үш ай, яғни тоқсан күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.

Ертеректе біздің ауыл наурыз, көкек, мамыр айларында қыстаудан қозы көш жердегі көктеуге көшіп – қонып, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп барып, маусым, шілде, тамыз айларын сонда өткізетін. Осы күні малшылар да сөйтеді.

Жайлау – қыстаудан алыс, шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс. Оны шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Күзде иен жұртқа қаулап майда көк өседі. Оны «алсын» дейді. Қыста аппақ қар басып жатады. Ал жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Ол кезде жер беті масаты кілемнің түріндей құлпырады. Қыстан әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал жайлауға іліккен соң – ақ тойынып, семіреді. Мал ғана емес, адамдар да сергіп, жиын – той өткізіп, аунап – қуанып қалады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, ірімщік қайнатады. Қысқа арнап азық – түлік жияды.

Бірақ бұл қызықты мезгіл де өте шығады. Шөптің шалғыны басылып, сары сүрлеу тартады. Бұл мезгілді халық «сары жайлау» дейді.

Жайлаудың бәрі бірдей шырайлы бола бермейді. Еліміздің әр жерінде жұртқа кең танымал атақты жайлаулар, мәселен, қарқара, Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы секілді жайлаулар бар.


Лұқпан әкім

Лұқпан әкімге бір сопысымақ адам бір жиылыста айтты:

-Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, Құдайдың жіберген қаза-бәлесіне себеп табамын деген Құдайға қарсылық болып табылады деп білемін,- деді.

Лұқпан айтты:

-Олай болса, сол айтқан сөзіңіз жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді кітап болса, біз тоба етіп, дәрігерлікті қоялық,- деп.

Сопы бұл сөзді еш кітаптан көрген жоқ, кітап алып келе қоямын деп қозғалмады. Жиылып отырған халық шулап қоя берді:

-Сопы, Лұқпан жесірге ағадай, жетімге атадай болып, неше мұңды бейшаралардың көз жасын тыйды, сен бұл істі күнә деп білсең, кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып, жазаландырамыз,- деп.

Істің бұлайынша зорайып бара жатқанын көріп, Лұқпан халықтан өтініш етіп сопыны тысқа шығарып, оңаша қалдырып айтты:

-Алла разы болсын, молдам, білген шамаңызша бізді күнәдан тыю үшін айтқаныңызға. Бірақ бізденде сізге ақыл айтылсын: «Қащан да істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін танып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегендік көрінеді. Құдай Тағала адамға әр түрлі дене берді, қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді естуге, ақыл берді ойланып, жаман – жақсыны аңғаруға. Соларды тиісті орнына жұмсасаң, Құдайдың бұйрығына қарсылық болып табылса керек, оның үшін жүрмей, тұрмай, көрмей, есітпей Құдайға құлшылық етіп те болмайды. Сол реуішті жансыз нәрселердің де керексіз жаратылғаны жоқ.»
Данышпан көжек

Ерте, ерте, ертеде ағалы-қарындасты екі адам өмір сүріпті. Әке-шешелері өлгенде олардың мүліктерін екеуі өзара бөлісе бастайды. Әке-шешесінің өте әдемі бұқасы мен сиыры болған. Ағасы әдемі бұқаны, қарындасы әдемі сиырды алады да, өзара риза болысады. Бірақ арада біраз уақыт өткеннен кейін сиыр бұзаулайды. Ағасы сол бұзауға соншалық құмартады. Сөйтіп ол бұзауды ұрлап алып кетеді де, бұқаның бауырына салады, бұқа бұзаулаған секілді ғып. Ертеңіне таңертең жанжал басталады. Қарындасы тұрып: «Бұл менің бұзауым»,- дейді. Ал ағасы тұрып: «Жоқ, менікі»,- дейді. Ақыр аяғында екеуі де сотқа жүгінуге бел байлайды. Ағасы қорғаушыға құсты жалдайды да, қарындасы қоянның көжегіне өтініш етеді. Сот олардың ісін келесі күні таңертең қарамақшы болады.

Айтылмыш уақытта бәрі жиналады, тек қарындасының қорғаушысы көжек әлдеқалай кешігеді де, бәрі де оны күтуіне тура келеді.

-Көжек, сен уақытты бағалай білмейсің, сөйте тұрып қорғаушы болғың келеді!- деп зекиді сот оған.

-О, не дегеніңіз, тақсыр,- деп көжек безектей бастады. –Мен уақытты бағалаймын. Бірақ менің аяқ астынан шаруам болып қалды.

-Қалай, ол бұл істен маңыздырақ болды ма?- деп сұрайды сот.

-Солай болды, тақсыр,- деп жауап береді көжек. –Жер өртенді, ал мен рның мекендеушілерін аядым да, дарияға жүгірдім, оны сөндіру үшін себетпен су тасыдым. Сөйтіп кешігіп қалдым.

Сот қарқылдап күледі.

-Егер жер өртеніп жатса, мында бізде білер едік қой, ақылыңнан адасқансың ба, қайдағыны қайдан сандырақтап тұрсың?!

Сонда көжек тұрып:

-Егер мен сандырақтап тұрсам, онда бүгінгі іс одан да сорақы ғой. Бұқа қай уақытта бұзаулап еді?-дейді.

-Сен данышпан көжексің!- деп оны мақтай жөнеледі сот. Сөйтіп істі қарындасының пайдасына шешіпті.



Тұңғыш қазақ ғарышкері

Әуелі Тоқтар ғарышкерлер тобына дайындыққа қосылды. Аз уақыт қабілет-бейімін танытқан ол мемлекеттік сарапшылар тарапынан жоғары баға алды. Енді негізгі ұшушылар құрамына тіркеліп, ғарышқа ұшу күндерінің қыруар іс – жоспарларымен таныса бастады. Міне, тап осы тұста Олжас Сүлейменов туған халқына батыр ұлын алғаш таныстырған.

Тоқтар ер тұлғалы, елгезек, ар – иманы бетіне үйірілген, жаны – жайсвң, ашық – жарқын, өзгенің жанын түсіне білетін, байқампаз азамат кейпінде танылды. Екі жасында әкеден жетім қалып, апа – жездесінің қолында өскен. Осы ортасынан көп тәлім – тәрбие алуы да, шет – шығындап кетіп, өзінің өмірдегі жолын батыл іздеуі де оны ерте бастан есейткен сияқты....

«Қазақ балаларына нендей тілек айтасыз?» - дегенде, Т.Әубәкіров тереңнен толғай жауап қатып: «Інілерім мен қарындастарым бөгеліп – тосылып қалмай, батыл өнер іздесін, өнер тапсын! Және өнерді қорықпай алыстан да іздесін! Ғасырдың ғылыми жетістіктерін меңгерсін!» - деп тілек айтты. «Қазақ даласындағы ең жақсы көретін өсімдігім – жусан, ал ғарыш төрінде Мәди атамның «Қарқаралы» әнін орындайтын боламын», - деді.

1991 жылы қазан айының 10 – ында тұңғыш ғарышкеріміз – Тоқтар Әубәкіров қасиетті Торғай даласында жерге қонды.

Улы жәндіктерден сақтан!

Улы жәндіктерге – қарақұрт, бүйе және құршаян жатады. Бұл аталған жәндіктердің ішіндегі өте улысы және адамға қауіптісі – қарақұрт. Ол шөлді және шөлейтті жерлерде, сай – жыралар мен адыр – қырларда, әсіресе жусан өсетін жерлерде көп болады. Қарақұрт шаққанда не істеу керек? 2-3 минуттың іщінде дереу қарақұрт шаққан жерді сіріңкенің жалынымен күйдіру керек. Қарақұрттың уы оның тістеген жеріне 0,5 милиметрге дейін сіңіп кетеді. Сондықтан жанған сіріңке шырпысының күкіртін у дарыған жерге басу керек. Сонда қарақұрттың уы ыдырап, бұзылады, күші кетеді. Егер күйдіруді 20-30 минут кешіктіріп алса, оның әсері шамалы болып, у адамның денесіне тарап кетеді. Мұндай жағдайда тездеп дәрігерге барған дұрыс.

Сортаң және ылғалды жерлерде тіршілікететін бүйе де улы жәндік. Алайда оның уы қарақұрт уынан анағұрлым әлсіз. Бүйе уының күші жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Әсіресе сәуірден тамызға дейінгі аралықта оның уы өте күшті болады. Бүйе – түнде тіршілік ететін жәндік. Түнгі қоректерін іздеу кезінде, адамға, малға жанасып кетсе, қорғану үшін оларды шағады.

Бүйенің шаққаны ара шаққандай әсер етеді. Сондықтан халық аузында «Бүйе шаққандай» деген сөз бар. Улыжәндіктердің бірі – құршаян. Ол көбінесе жартасты және құзды жерлерде тіршілік етеді. Құршаянның уы олардың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Мысалы, оның ересегі жасымен салыстырғанда 15-20 есе улы. Олардың уы әсіресе мамыр, қыркүйек айларында өте күшті болады. У алдымен шаққан жерге, содан кейін бүкіл денеге тарайды. Удың тиген жері қызарады, ашиды және ісе бастайды. Бүкіл дене сыздап ауырады, кейде адамның құсқысы келеді. Құршаян шаққан жерді кесіп жіберіп, қанын ағызу керек. Құршаянның шағуынан сақтану үшін, ескі індерден, тас, кесек қуыстарынан аулақ жүрген жөн.



4-сынып

«Біріншідегі» әжей

Дарханды бірінші сыныпқа әжесі ертіп барды. Бұрын мектепке өзі тым жақсы барушы еді, бүгін ол мүлдем бұзылды.

-Әжем бармаса, бармаймын,- деп отырып алды.

Амал жоқ, әжесінің үйдегі қыруар жұмысын тастап, немересімен мектепке баруына тура келді.

Мектепке барған соң да әжесінен бір елі айырылсайшы. Сыныпқа да бірге алып кірді.

Апайы оны ең соңғы партаға отырғызды. Бір жақсысы, ол күнгі сабақ ұзаққа созылған жоқ. Екеуі тез қайтқан еді.

Жолшыбай әжесі екеуінің әңгімесі мынадай болды.

-Әже, ертең де менімен бірге келесің.

-Мен шаршадым. Менің орныма атаң келсе қайтеді?

-Жоқ. Атам жаман. Маған зейнетақысынан түк алып берген жоқ.

-Ойбай-ау, сонда жыл бойы сенімен мектепке қатынай берем бе?

-Қатынай бересің. Екеуіміз бірге оқимыз.

Әжесі күлген.

Оқудың басталғанына да үш – төрт күн өтті. Бірінші сыныпқа немересімен қосылып, әжесі әлі барып жүр. Үйдегі жұмыстың бәрі қалды. Көзден сәл таса болса, немересі жылап қоя береді.

Өткенде қалада тұратын шешесі қыдырып келді. Дарқанға қатты ұрысты.


  • Әжем жоқ. Алыста ... – деп анау мұңайған болды. Дарқан оны аяп кетті.

  • Анаң ше?

  • Ол жұмыста. Еріп жүретін уақыты жоқ.

Үйренісе бастағандай. Досы момын болғанымен, сөзшең сияқты. Біраз жайды айтып тастады. Оның айтуынша, мұның мектепке өзі келмей, біреуді ертіп келгені ұят екен. Біреулер тіпті сыртынан «қорқақ» дейтінге ұқсайды. Үлкендердің үйдегі жұмысы жеткілікті. Мәселен, мұның әжесі үйде күбі пісудің орнына сыртта бостан – бос сарғайып отыр.

Дарқан ойланып қалды. Қой, ертең әжесін үйде қалдырып,, өзі келмесе болмайды екен.



Бәтеңке

Екі-үш күн болды, Ерік үйде отыр. Оқуға барған жоқ.аяқ киімі жыртылып қалған. Сол үшін шешесінен оңбай сз естіді де.

-Жүгірмек, аяқ киімнің жауы болдың сен. Ал енді неңді киер екенсің. Дүкенде жоқ. Алып-сатар әкесінің құнын сұрайды. Ақша қайда оған? Ал енді отыр солай...

Иә, Еріктің өзінен де бар. Киім шыдатпайды. Әсіресе, аяқ киім... бір күтіп киген емес.

Одан қалса, көрінген затты құр қалдырмайды. Бір теуіп өтеді. Қашанғы шыдасын. Айға жетпей өкшесі қақырап, тілі салақтап шыға келеді.

Осы аяқ киімді шешесі өткен қыркүйекте, үшінші сыныпқа барар алдында алып берген. Бір тоқсан киді. Әне, сілікпесі шығып жатыр. Енді жіпсіз байланып отыр. Бәріне кінәлі өзі. Сол күні жолда жатқан дәу тасты бір теуіп аударып түсірмегенде, әлде қайтер еді. Бір топ жолдастарымен оқудан келе жатқан.

-Мына тасты бір теуіп, кім аударып түсіреді?- деген бұл.

Ешкім тәуекел еткен жоқ. Сол, сол екен, Ерік өзін көрсеткісі келген.Шегініп барып, бар пәрменімен тепкен. Қара тастың ештеңесі кеткен жоқ , әрине.Ал Еріктің оң аяғының бәтенкесінің ұлтаны таспен қоса ұшып түсті.Балалар ду күлді.

-Мынауың не ?–деген шешесі күйініп.

Онымен де қоймай, желкесінен бір түйді.Бар жоғы осы.

Әрине, Ерік онша біле білмейді.Шешесінің айтуынша, қазір бәтенке сұмдық қымбаттап кеткен.

Мұғалима апай осы екі-үш күн ішінде әлде неше рет келіп кетті. Соңғы келгенде шешесі кәдігіше жылап та алды. Ерік аяп кетті.

Өзінен бірер жас үлкен ағасы Мәжиттің бәтеңкесі шап-шақ. Алғашында оқуға соны киіп бармақ болған. Бұл бірінші, ол екінші кезекте оқиды емес пе? «Жыртып тастайсың» деп, бермей қойды. Шынында, оның бәтеңкесі адам қызығарлық. Әлі су жаңа. Жалт-жұлт етеді. Екеуіне бір күнде алып берген.

Кешке қарай әке-шешесі үйге көңілді оралды. Осы күн Еріктің есінде мәңгі қалатын шығар. Әкесі де, шешесі де жалақы алыпты. Әсіресе, шешесінің қабағы жадырап, аяғы жеңілдеп кеткен. Сол күні пісірген тамағы да дәмді болды.



  • Ертең балама бәтеңке алып бермесем бе? – деп қояды.

Ерік күліп қойды. Енді жұрт құсап бұл да далаға шығатын болады. Оқуға барады. Көз алдына жарқ-жұрқ еткен қара бәтеңке елестеді. Көпке дейін көзі ілінбей қойды. Қызық түс көрді.

Қолды болған көк шыбық

Еркін мен Жарас есік алдына шыбық отырғызды. Су алыс, шелектеп тасып құйды.

Арада он шақты күн өтті.Шыбық бүршік жарып келе жатты.Екеуі қайта-қайта барып көрді.

- Мынау – менің ағашым,- дейді Жарас.

- Анау менікі...

Шыбықтарды әлдеқашан екеуі меншіктеп алған. Әкесі де балаларына дән риза.



  • Екі жылдан кейін көленкесіне отырып шай ішесіңдер,-деп қояды.

Отбасынан қуанышқа бөлеген соң шыбықтар бір түнде зым-зия болар деп кім ойлаған? Түбінен күрекпен қазып алып кетіпті. Сірә есігінің алдына отырғызбақ болған ғой.

Еркін бірден сыныптасы Сейілғазыдан сезіктенді. Ақырындап жағалап келген.

Көзіне оттай басылды. Өзінің шыбықтары. Қорасының ішінде тізіліп тұр. Қасында ит байлаулы. Сейілғазы көрінбейді.


  • Адам емес екен! - деді Еркін күйіп кетіп.

Өткенде екеуінің төбелесіп қалғаны есіне түсті. Сейілғазы мұны «қалпақ» деді. Ашуы мұндай келмес. Жерге атып ұрған... Мұғалима апайдың келіп қалғаны, әйтпесе...

  • Отырғызған шыбықтарыңды жұлып тастаймын! – деген Сейілғазы ызаланып.

Айтқанын істепті.

Бір жақсысы, жұлып тастамапты. Қорасының ішіне отырғызып қойыпты. Бәрін әкесіне келіп айтқан.



  • Ерегісіп қайтесің? – деген әкесі.

  • Не көп, тоғайда шыбық көп. Әкел де, қайта отырғыз.

Сөйтіп, Жарас екеуі тоғайға тағы кеткен... Алтау емес, он екісін әкелді. Сейілғазыға көрсеткен қыры. Оның терегінен екі есе көп. Іші күйсе, тұз жаласын.

Пісте

Пердебай жаз бойы ауылдастарына пісте сатты. Сәскеде жарты қап пістені алдына жайып қойып, есік алдына қонжияды. Өзі де қарық, өткендер де қарық. Пістені көсіп алып шырт – шырт шағып отырғаны.



  • Пістенің жартысын өзің шағасың, - деп ұрысады шешесі.

Әрине, Пердебай шақпайын – ақ дейді. Бірақ пісте құрғыр көздің құрты. Қапқа қолы қалай барғанын білмей қала береді.

Бірде інісі Айбол келе сала, әй – шай жоқ, қапқа қолды салып жатыр. Пердебай ә дегенде не дерін білмей қалды. Үй алдынан әрі – бері өтушілер көп. Әрине, бәрі бірдей пісте ала бермейді. Бірең – сараңы ғана Пердебайға өткіншілердің кім алып, кім алмайтыны белгілі. Тұрақты «клиенттері» де бар. Көбі – балалар.

Ұзамай оқу басталады. Сықиып киініп, жанына інісін ертіп, Пердебай мектепке келген. Балалар көңілді. Арқа – арқа...


  • Қарайып кетіпсің ғой, - деп қояды балалар бір – біріне.

  • Қараймағанда ше? Кәдімгі тіршілік қамы.

Асқар қаладан зат тасыпты. Жоламан қалаға сүт тасыған. Серік өріске сиыр бағыпты.

Сыныпқа Фарида апай кірді. Сабақ басталды. Ол кісінің де бұларды сағынып қалғаны көрініп тұр. Үні жұмсақ. Тіпті Сауытбектің жанындағы Еркінаймен келіспей қалғанын да елеген жоқ.



  • Келмей жатып бұларың не? – деді де қойды.

Оқыған жақсы екен ғой. Шешесі айғайлап мазаны алмайды. Пісте сатып бәлеге қалмайсың. Пердебайдың пісте десе, жүрегі зырқ ете қалады. Оны шағам деп тілінің ұшы жараға айналды.

Фарида апай «үйден есеп құрастырып келіңдер» деген. Пердебай қанша ойланса да, ойына ештеңе кірер емес. Басы қатты. Үйге шешесі кірген. Екеуі отырып пістеден түскен ақшаларды санауға кірісті. 90 теңге. Сонда шешесі 9 стакан пісте сатыпты. Пердебай қуанып қоя берді. Міне, есеп ....

Дереу жазуға кірісті. «Бір стакан пістенің бағасы – 10 теңге Апам тоғыз стакан пісте сатты. Апамда неше теңге бар?» Пердебай мұндай қуанбас.

Білезік

Сонау ескі заманнан дамыған, тамыры тереңдігі ұлттық өнеріміздің әсем қол өнер туындылары бүгінгі күні жаңа мазмұнға ие болып, өз жалғасын табуда. Өнеріміздің өміршең етіп кейінгі ұрпаққа жалғастырушылар зергер – ұсталар. Зергерлік бұйымдардың түрлері көп. Айта кететін бір жәйт, олардың қай – қайсысы болмасын адамға әсемдік, сұлулық, сымбат, сәндік беріп қана қоймайды, сонымен бірге олар көбіне алтын, күміс сияқты тастардан әшекейлі көз салып жасалынатын болғандықтан қасиетті саналады. Яғни, «тіл – көзден, басқа да жайсыз тосын жағдайлардан сақтайды» деген ырым бар.

Біз бұл жолы көптеген зергерлік бұйымдардың атын атап, түрін түстемей – ақ жалғыз ғана білезік жайлы сөз етпекпіз.

Білезік жасалуы, көркі, құрамы жағынан алуан түрлі болып келеді. Басқаша айтқанда, әр жердің зергерінің өз қолтаңбасы болды. Мысалы, ХІХ ғасырда Қостанай облысында асыл тастан көз салып жасалған түрі мен ХІХ ғасырда Ақтөбе облысында сөз салып, күміс шынжырлап бірнеше жүзіктер тіркелген «бес білезік» деп аталатын түрі көз жауын аларлықтай әсем және бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Білезіктің қай түрінің болмасын, оларға байыппен зер сала қараңыз, бетіндегі алуан түрлі өрнектері мен таңбаларынан көптеген жайларды ұғынуға болады. Оның шебер өрнекті бедерінен жұмыр жер, жарық дүние, ал гүл өсімдіктер белгілерінен көгеріп, көктеу, өсіп-өну, нәзіктік пен пәктікті байқаймыз. Бір сөзбен айтқанда, зергердің өз заманындағы әлеуметтік жағдайы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, сондай-ақ бұйым иесінің жас шамасы жайлы да ұғынуға болатын сияқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет