Ізгі ниет.
Бір қарағанда ауыл- үй арасындағы кіші- гірім мәселе тәрізді көрінгенмен, солардың әрбәрәне терең ой жіберіп, зерде таразына салар болсақ, өзге елдерде көбінесе кездесе бермейтін тек қазақ халқына ғана тән әдемі әдет- ғұрыптарымыз бар және олардың маңызы өте зор. «Ағайын қатыспаса жат болады» демекші, тума- жекжатғ таныс, бейтаныстарды жақындастыра түсетін өзара сыйластық, жылы шырайлы қарым- қатынас орнатуға себепші де солар. Сондықтан да ертеден келе жатқан, бірақ ескеруге ешуақытта да тиіс емес, әлгідей әдемі салт- дәстүр, әдет- ғұрыптарымызды ұмытпай, қайта одан әрі жаңғырта, жарқырата қолдана жүрсек бүгіндк жарасымды. Қазіргі заманымызға да лайықты деп есептейміз. Төменде солардың біразын жастарға өнеге болсын деген ниетпен ұсынып отырмыз.
Бұл да бір біткен шаруа
Насрединнің мүйізі найзадай адуын өгізі бар еді. Оның мойны қамыттан босамайтын, күндіз –түні жұмысқа жегілетін. Насреддин көптен бері өгіздің мүйіздерінің арасына отырып көругеқұмартып жүретін. Бір күні егістіктен келе жатса, үйдің көлеңкесінде өгіздің күйіс қайрып, мүлгіп жатқанын көрді. Қуанып кеткен Насреддин жүгіріп барып өгіздің басына мініп алды. Байқап жатқан өгіз орнынан ұшып тұрып, аталақтаған күйі басын шайқап- шайқап жіберді. Насреддин жел ұшырған тулақтай ұшып барып жерге топ ете қалды. Тапыр- тұпыр дыбысты естіп, жүгіріп шыққан әйелі басы жарылып, талып жатқан күйеуін көрді де сыңсып қоя берді. Сол кезде Насреддин есін жиып:
Бекерге жылама. Аздап жарақат алғаным рас, бірақ көптен ойда жүрген бір шаруаны
бітірдім,- деді әйелін жұбатып.
Әбунасыр әл- Фараби
(870-950)
Мұсылман мәнеитеі YII-X ғасырларда шарықтау шегіне жтекен. Қазақтың талай ғұламалары Бағдат,Дамаск; Куфа; Басра қалаларына барып оқыған. Осы кезде Сыр боындағы Отырардан болашаққа бүкіл шығыс ғалымдары Аплатон (Платон) мен Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп ат берген, бертінде әлемге Әбунасыр- әл- Фараби болып танылған, 16 жасар бала оқу іздеп, керуенге ілесіп, Бағдатқа аттанады. Әл-Фараби шыққан Сыр бойы ежелден көне мәдениеттің ошағы еді. Отырарда Александриядан кейінгі бай кітапхана болған.
Әл-Фараби Бағдатқа клген соң Александрия, Византия ғалымдарынан оқыған, грек, араб тілдерін үйренген. Кей аңыздарда оны, тіпті жетпіс тіл білген деп атайды.
Кептер естіп қояды.
Күндердің бірінде шаруа бір шалды көреді. Ол өзеннің арғы жағында, әуреге түсіп, біпр нәрсе егіп жүр екен.
Атай, егіп жүргенің не?- деп дауыстайды шаруа бергі жатқан.
Шал қанжылыңқырап:
- Мұнда кел, айтайын,- дейді. «Мұнда не сыр бап?» деп таңырқайды шаруа. Не де болса білгісі келеді. Әзер дегенде өзеннен өтіп, шалға келеді. Сонда шал құлағына сыбырлап:
- Биыл жеріме бұршақ егіп жүрмін, дейді.
- Болғаны сол ма, мен ар жақта тұрғанда- ақ дауыстап неге айта салмадыңыз?
- Қарағым- ау, саған не болған? Дауыстауға бола ма, кептер естіп қойса, бұршақты жеп кетеді ғой,- деген екен шал.
Әжесін қайсысы жақсы көреді?
Қанат пен Болат әжесінің жанында ойнап отыр. Бір кезде Қанат әжесін құшақтап:
- Әжем менікі, мен әжемді жақсы көремін, - деді. Болат Қанаттан қалыспай, әжесінің екінші жағына шығып:
- Әже сенікі емес, әжем менікі, мен жақсы көрем. Мен сияқты әжемнің басын қатырмаймын, - деп таласады.
Әже немерелерінің егесіне риза болып отырады. Бір кезде қарттың көзі бұлдырап, қысылып, диванға қисая кетті.
Қанаттың зәресі ұшып, бақырып жылап жіберді. Болат Абыржымай, үлкен кісіше телефонға барып, «жедел жәрдем» шақырды. Ақ халатты дәрігер келіп, әжесіне ине шаншып, дәрі берді. Әжесі басын көтеріп, дәрігерге алғыс айтты.
Дәрігер Болат пен Қанаттан:
- Телефонмен «жедел жәрдемді» шақырған қайсыларың? – деп сұрады.
- Менмін, - деді.
- Ақылды бала екенсің, - деді дәрігер.
- Әжеңді жақсы көреді екенсің.
Қалтадағы бал
Дима, Вася және Юра үшеуі орманға бармақ болды. Оларға шешелері самса әзірлеп берді. Балалар самсаларын қағазға орап, қалталарына салды. Ал Юраның шешесі кішкене құмыраға бал құйып берді де:
Балаларға балым бар деп мақтанба, - деп ескертті ұлына.
Орманда самсаларыңды жеп болған соң, қарның ашады, сонда оңаша бір жерге отырып, өзің ғана же.
Юра балы бар құмыраны да қалтасына салды. Баллар орманға келді, бір алаңға демалуға отырды. Қарындары ашып, самсаларын шығарып, жей бастады.
Сол кезде Юраның қасына бір ара ұшып келіп, Шалбарына қонды да, өрмелеп барып қалтасына кіріп кетті. Одан кейін тағы да екі – үш ара ұшып келді. Біраздан кейін аралардың бәрі де Юраның қалтасына кіре берді.
Дима мен Вася таңғалып:
Сенің ана қалтаңдағы не? – деп сұрады.
Юра қалтасындағы бал салған құмыраны суырып алды да, көк шөпке лақтырып жіберді. Аралар құмыраға қарай ұшты. Юра басы салбырап жерге қарады. Ал Вася мен Дима:
О, қалтаңдағы бал екен ғой!.... – деп күлді.
Сараңның төбеті де тазы болар
Кессе қан шықпайтын сараңдығымен әйгілі қала әмірі Насреддинге:
Сенің тамаша аңшы екеніңдң естіп едім. Маған бір жүйрік тазы тауып берші, - деп өтініш айтты.
Насреддин уәдесін беріп, бірнеше күннен кейін семіздіктен түгі жылтыраған дүр төбетті жетектеп келді. Әмір таңқалып:
Мен жіптіктей болып жараған құмай тазы сұраған едім. Мына майтабан доңыздай домаланған жүнді барағыңды не істеймін?! – деді.
Саспаңыз, тақсыр, - деді Насреддин, - бұл төбет сіздің үйде бір апта жүре тұрса, жаратпай – ақ тазы сияқты жіптіктей болып қалар ....
Балталы қорқақ
Баяғыда Жәдігер дейтін балташы өтіпті. Ағаштан түйме түйетін ісмер болса керек. Бірақ жанның қорқағы етеді. Бір күні үйіне келсе кішкентайы шыр – шыр етеді. Сөйтсе, ұзындығы сала құлаштай, жуандығы білектей сары жылан баласының мойнына оралып жатыр екен.
Шошынған Жәдігер бақырып жіберіпті. Адамның иісін сезіп қойған жылан Жәдігерге атылыпты. Белінде алмастай өткір балтасы болса да, ол байғұс тұра қашыпты. Жылан қалмай, Жідігерді сай – саламен қуыпты. Сол кезде қарағай арасынан шөпшек теріп келе жатқан әйелі қарсы шығыпты. Мұндай жақсы болар ма. Жәдігер әйелінің артына тығылады. Әйелі үйге кеп, жуан таяқты алып, жыланды соғып өлтіріпті. Бірақ, не керек, әбден қорыққан жәдігердің жүрегі жарылып кетіпті. Сәл ғана жүрек тоқтатса, жыланды балтамен бір – ақ шаппас па еді? Сөйтіп, Жәдігердің қорқақтығы өзіне мірдің оғындай боп тиген екен.
Мейірімді қыз
Бірде колхоз кеңсесіне келе жатып, көшеден ойыншық тауып алдым. Қуыршақты көк тақия, үстіне ақ көйлек кигізіп құнтитып қойыпты. «Бір балақай ойнап жүріп ұмытып кетті – ау!» - деп жан – жағыма алақтай қарадым. Көшенің оң қапталында қызыл қақпадан төрт – бестер шамасындағы қыз бала жүгіріп шыға келді. Е, қуыршақ осы баланікі болды.. Мен солай қарай жүрдім. Дөңгеленте қиған қара шашы желбіреп, топ – томпақ қара қыз алдымнан шықты.
Жөндеп көтермейсіз бе? – деді қарсы келген бетте бұртия тіл қатып.
Не дедің?
Бөпеңнің қолы сынады, - деп ол менің қолымдағы қуыршаққа жармасты.
Сонда барып байқадым... Қуыршақты қолынан салбырата ұстап келеді екенмін.
Күшік пен мысық
Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің қара күшігі, бірінің ала мысығы болды. Бір күні қара күшік көршінің бағынан кіріп, сонда жүрген ала мысықты тұра қуды. Мысық қашып барып, алма ағашқа шығып кетті.
Күшік ағаш түбіне келіп:
Әу – әу – әу, әу – әу – әу! – деп, мысыққа қарап шабаланып тұрып алды.
Мысық та оған құйрығын қыбырлатып, белін күжірейтіп, ырылдап айбат шекті.
Сол сәтте жұдырықтай бір қызыл алма сабағынан үзіліп, күшіктің басына келіп топ ете түсті. Күшік қаңқ ете қалды да, «мысық ұрды екен» деп қаша жөнелді. Ол енді өз ауласына барып, тағы да мысық жаққа қарап шәуілдеп тұрған. Сол кезде мысық ағаштан жерге қарғып түсіп еді, ол «және ұрады екен» деп ойлап, күшік жүгіріп барып үйшігіне кіріп кетті.
Содан бастап қара күшік ала мысықты қумайтын болды.
Ақ боран
... Аяғын жылыту үшін аттан түсіп, жиренді жетелеп домалана аяңдап біраз жаяулады, үйіріле соққан жел мұны бірнеше рет құлатып кете жаздады. Бөлімше орталығы ендігі қарасын көрсетіп қалса керек еді. «Бұл қалай, ыққа қарай ойыстап, өзге жаққа кетпедім бе, боранның ырқысына көне берсем, үситін болармын ...» Қасымды осындай суық ойлар қамап алды. Ол тепкілеп – тепкілеп, шелек аузындай жердің қарын ойды да, жата қалып құлағын төседі. Осылай еткенде, елді мекеннің дабырасы, иттің үргені, жылқының кісінегені белгі береді дейтін үлкендер. Бір дүңкіл сезілді, күңгірт дүңкіл. Басқадай дыбыс жоқ. Әлгі дүңкіл оң иықтан келеді.
Сірә, ауыл оң жақта қалса керек. Бала сүріне – қабына бағытты оңға қарата ұстанды...
Тебініп қалып, желе жөнелді, жирен басын төмен салып, ызғырық боранды сүзе, қайта – қайта пысқыра берді. Бір мезет ол кілт басын көтеріп, құлағын қайшылады.
Демек, қара көрді. Мал ма, адам ба? Жирен оқыс тоқтай қалды. Енді байқады: ат тұмсығын қар астында қалған бір мая пішенге тірепті. Бала жерге түсті. Ақ түтек боран кезінде жатқан адамға айнала анығырақ көрінеді дейді. Ол жата қалып, жан – жаққа көз тікті. Маңайдан қадау – қадау маялар боран арасынан қылаң беріп қалады. Енді көңілі орныға бастады. Бұл тұс бөлімше орталығының сол қанатындағы қамысты қопа, ойпат екені, осы арадан күзде бөлімше адамдарының пішен шауып, мая үйгені есіне түсті. Бұл жерден ауыл алыс емес, күн ашықта үйлерінің шатырлары көрініп тұрады. Алдан соққан боранды елемей, Қасым жиренге қамшы басты, жер таныған дөнен де мойнын созып, басын қырын ұстап, бүлкек қақты.
Біздің қанатты достарымыз
Саршұнақ, аламан, дала тышқаны және толып жатқан зиянды бунақденелілерді құртуда қанатты достардың жәрдемі зор. Олар құладын, жапалақ, күйкентай, бөктергі, қырғи, ителгі, т.б. Мысалы, бір ұядағы жапалақтар күніне 20-30 ұсақ кемірушілерді жейді. Ал күйкентайлар (бес балапанымен) жаз бойы 100 саршұнақ және мыңдаған кемірушілерді құртады. Үйілген шөптердің немесе шөмелелердің үстінде қозғалмай тышқандар мен саршұнақтарды аңдып отырған жыртқыш құстарды жиі көруге болады. Шөп шабылғаннан кейін кемірушілерге жыртқыштардың тырнағынан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан жыртқыш құстарды өлтірмей, үркітпей, олардың белгілі бір жерлерге үйір болуына қамқорлық жасаңдар. Жыртқыш құстар бізге егінімізді, бау – бақшамызды зиянкестерден сақтап, үлкен пайда келтіреді.
Жыртқыш құстар республикамыздың барлық жеріне таралған. Олардың орман, өзендер – көлдер маңынан, шөлді және таулы жерлерден кездестіруге болады. Жыртқыш құстардың адамға тигізген пайдасы мұнымен шектелмейді. Жем аулағанда, олар ең алдымен әлсіз, ауруларын ұстап жеп, түрлі санитарлық қызмет те атқарады. Құстар – біздің өте пайдалы досымыз. Сондықтан құстарға үнемі қамқорлық көрсетіңдер. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын жаратын сотқар балаларға жол беруге болмайды. Қайта оларға істерінің теріс екенін түсіндіріп, қанатты достарды қадірлей білуге баулу әрбір мектеп оқушысының негізгі міндеті деп білуіміз қажет.
Ешкіемер ешкі ембейді.
Көктемде ешкіемер біздің ормандарымыз бен даламызға және шөлейтті жерлерімізге Африкадан, Үндастаннан қшып келеді. Ешкіемер – тін құсы. Ол тек түнде ұшады да, күндіз жерге жабысып немесе ағаштың бұтағына қонақтап, қозғалмай, демалып отырады. Сондықтан күндіз оларды көру қиын. Тек іңірде ғана көруге болады. Ұшқанда дыбыссыз ұшады, оның тек қанаттарының суылы ғана естіледі. Ешкіемердің дене пішіні көкек сияқты. Ұшу қимылы қарлығаштарға ұқсас келеді. Оның қауырсынының түсі тіпті өзгеше. Құс жерде отырса да, ағаш басында отырса да бірден көрінбейді. Ағаш бұтағында отырғанда, оның реңі бұтақ тәрізді болып, 1-2 метр жерден байқалмайды. Ешкіемер ұя салмайды. Олар өздерінің жұмыртқаларын кез келген жерге салып, балапан шығара береді. Тек аяқ астынан ұшқанда ғана, байқап қаласың. Құстарға тән емес қолайсыз ет «ешкіемер» қателесіп қойылған. Сондықтан болар: ел арасында «ешкіемер» түн мезгілінде сиырлар мен ешкілерді емеді деген шындыққа жатпайтын сенім таралып кеткен. Оны түсіндіру қиын емес. Құс мамандарының зерттеуі бойынша, ешкіемер – түн құсы. Олар бунақденелілермен қоректенеді. Сондықтан түнімен жайылып жүрген малдардың арасында тыным таппай ұшып-қонып жүреді.
Өсімдіктің жауы – өсімдік.
Табиғатта кездесетін өсімдіктердің барлығы бірдей пайдалы емес. Өсімдіктердің тіршілік етуіне зиянды да өсімдіктер бар. Оны халық «арам шөп» дейді. Олар мәдени өсімдіктермен бірге өсетін жабайы шөптер. Оларды біздің жасыл жауларымыз деп те атауға болады. Егістікті арам шөп басып, қаулап өсіп кеткен жағдайда ондағы мәдени дақылдардан өнім алудың өзі екі талай.
Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, еліміздегі ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнімдердің ең аз дегенде төрттен бірі жыл сайын осы арам шөптердің кесірінен кемитіндегі дәлелденіп отыр.
Арам шөптер де ауа, су, жылу және қоректік заттарды пайдаланатын болғандықтан, мәдени өсімдіктермен
Араласып өссе, олардың өсіп жетілуіне зиянды әсерін тигізеді.
Арам шөптердің ішінде сұңғыла, арам сояу сияқты мәдени өсімдіктердің есебінен «арамдықтықпен» тіршілік ететіндері де бар. Бұлар мәдени өсімдіктердің өсуіне мүмкіншілік бермей, олардың өсуіне қажетті заттардың бәрін өзінің бойына сіңіріп алады. Сөйтіп өсімдіктер де өсімдіктерге зиянын тигізеді. Арамшөптерді құртуға тырысыңдар. Оны басқа мәдени өсімдіктерден ажырата білетін болыңдар.
Құстардың қоректенуі.
Кейбір құстар бунақденелілерімен, енді біреулері жеміс- жидек, әр түрлі дәндә дақылдардармен қоректенеді. Қорегін көбінесе тұмсығының жәрдемімен ұстайды. Сондықтан құстардың тұмсығы аулайтын жеміне қарай әр түрлі. Етпен қоректенетін бүркіт, қаршыға, қырғи сияқтылардың тұмсығы қысқа, аузы үлкен болып келеді. Қарлығаш жемін ұшып жүріп, қағып жейді. Дәнмен қоректенетін құстар жемін бітеудей жұтады. Құстарда тіс болмайды. Дәнмен қоректенетін құстар тас қиыршықтарын жемімен бірге жұтады. Бөтегеде сілекейдің жәрдемімен дәнді жібітіп, бұлшық еттердің жиырылып- жазылуы арқылы азық езіледі. Сөйтіп бөтегедегі ұсақ тас қиыршақтары тіс қызметін атқарады.
Су өсімдіктерімен, судағы омыртқасыз жәндіктермен қоректенетін құстардың (үйрек, қаз, қалбағай) тұмсығы ұзын, ұштары жалпақ болып келеді.
Ақ тұмсық қарға егін, орман шаруашылығының көп зиянкестерін жеп, пайда келтіреді. Әсіресе зауза қоңызын, шатырлық қоңыздың дәрнәсілін, шегіртке, бізтұмсық қоңыз, шалғын көбелегінің жұлдызқұртын, күздің қоңыр көбелегін және тұт көбелегін жейді. Ол бір күнде 8 мыңдай зиянкес бунақденелілердің дәрнәсілдерін тауып жейді. Ал бір топ ақтұмсық қарғалар бір күнде 6 гектар жердің зиянкестерін жеп, егіндікті тазалап кете алады. Ақ тұмсық қарғалар әр түрлі ұсақ кемірушілермен де қоектенеді.
3-сынып
Әметтің әдеті
Соңғы кезде Әмет соңғы сабақта отыра алмайтын әдет тауып жүр. Үшінші сабақ бітісімен алды-артына қарамай зытып отырады, дөрекілеу айтсаң, қашып кетеді.
Бүгінгі қашуы қызық болды. Дәлізде тапырақтап бара жатып, сынып жетекшісі Сағира апаймен соқтығысып қалды.
Көзіңе қарасаңшы,- деді апай. – Әй, тоқта!... айтпақшы, қайда бара Мұғалима сыныптас оқушыларына кітап үлестіргенде, «Әліппе» тек Ақмаралға жетпей қалды. Өзінен де бар. Сабаққа бір күн кеш келді. Ауылға жазда көшіп келген. Әлі балалармен толық танысыпта үлгерген жоқ. Мұғалима оны Үсен деген баланың жанына отырғызды. Екеуі бірін-бірі жатырқаған жоқ. Тез тіл табысып кетті.
Бірде Ақмарал «Әліппеден» екілік алып қалды. Үйге берілген тапсырманы оқымапты. Бұл Ақмаралдан бұрын Үсенге қатты батты. Ал Ақмарал болса, орнына отыра беріп жылап жіберді.
Оның кітабы жоқ қой, апай,- деді Үсен араша түсіп.
Ондай сылтау болмайды,- деді мұғалима.
Үсен үнсіз қалды. Жылап отырған Ақмаралға қарады. Оны іштей қатты аяды.
Апай,- деді бір кезде Үсен орнынан тұрып,- Ақмарал менің кітабымды алсын. Мұғалима аң-таң.
Е, өзің қайтесің?
Мен Ақботадан оқимын. Екеуміздің үйіміз бір. Егізбіз ғой,- деді Үсен алдыңғы партада отырған аққұба келген кішкентай қызды көрсетіп.
Солай ма?- деп мұғалима жымиды.
Міне, жігіт!- деді сонан соң Үсенге мейірлене қарап. Әсіресе Ақмаралдың қуанышында шек жоқ еді.
Бесік
Бесік - халқымыздың баяғы заманнан бері тұрмыста тұтынып келе жатқан ұлттық жиһаз бұйымдарының бірі. Небір ұлы ғұлам, ойшылдарымыз да осы бесіктен тәрбиеленіп, оларға ана сүтімен бірге бесік жыры өмірлік рухани нәр болған. Бесікті ертедешеберлер көбінесе талдан иіп, жұмыр ағаштан жонып, ою-өрнекпен әшекейлеп, сырлап жасаған. Бертін келе, тақтайдан, соңғы кездері, тіпті, темірден жасаған түрлері де жиі кездесіп жүр. Қандай материалдан жасалса да сиреңкіреп кеткеніне қарамастан әйтеуір ізі жоғалмай халыққа қызмет етіп жатырсың?
Ағай жұмсап жіберді,- деді Әмет табан астынан сөз тауып кетіп.
Апай «жарайды» дегендей қолын сілтей салды.
Құдай сақтады, «қайда жұмсағанын» сұрамады.
Сол екпінмен ентігіп үйге жеткен. Әкесі қарсы шықты. Мұны көріп қол сағатына үңілді.
Ерте шығыпсың ғой?
Иә, ағай ауырып қалыпты...
Бұл екінші өтірігі.
Қандай сабақ болатын еді?
Еңбек
Е-е, өте жақсы. Түске дейін әлі біраз уақыт бар. Кел, екеуміз еңбек етеміз.
Не керек, Әметтің ит сілікпесі шықты. Алдымен, есік алдын тазалады. Кейін отын жарды, оны сарайға тасыды. Тасып жатыр, тасып жатыр. Таусылар емес... сабақтан шыққанына қатты өкінді.
Жарайды,- деді әкесі бір кезде. – Бүгінге осы жетер. Ертең де ерте келмейсің бе?
Әмет сыр берген жоқ. Маңдай терін жеңімен сүртіп қойды. «Енді қашып шықсам, адам болмай кетейін» деді ішінен. Көз алдына сыныпта сабақ тыңдап отырған сыныптастары елестеді.
Егіздер
келеді.
Бесік жасау соншалықты қиын шаруа емес. Қазіргі жағдайдың өзінде кез-келген ағаш шеберлері, ұсталар оны әп-сәтте жасап шығара алады. Ол үшін толық мүмкіндіктері де бар. Және шығын да аз жұмсалады.
Бесік жабдықтарына санамалап шықсақ түбек, шүмек, қолбай, аяқбау, жөргек көрпе, жаялық, көпшік, жылы және жадағай бесік жапқыш т.б. жатады.
Бесіктің бірме-бір жақсы жері – нәрестенің денесіне зәрі жайылмайды. Бұл – оның мазасынбай, тыныш болуының бір себебі. Бесікке бөленіп өскен бала дене бітімі, қол-аяғы түзу, денсаулығы жақсы, сабырлы салмақы болып қалыптасады. Өмірде байқап жүрген боларсыздар, естияр балалардың кейбірі төрге салған төсектен домалап, есіктен бір-ақ шығады. Немесе аяқтары жастықта жатады. Ал бесікке бөленген бала есейген шақта да төсегінде дұрыс, тыныш жатады. «Тәрбие - бесіктен» деген сөз бар. Ендеше нәрестеңізді бесікке бөлеңіз.
Ат қою
Ежелден халқымыздың бойына сіңген сан алуан сән – салтанатқа толы ырым, рәсімдері, салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарының ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі мен мән – мағынасы зор. Нәресте көзін ашып, жарық дүниеге келгеннн бастап, көңілі жақынтума – туыстары бір – бірінен ат арытып, сүйінші сұрап, сұрасады. Содан соң шілдехана шашуы, ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, атқа мінгізу, тағы – тағылар болып жалғаса береді.
Міне соның бірі нәрестеге ат қою рәсімі. Бала дегенде жаны қалмайтын ата – ана ауыл – үй, көрші – көлемді шақырып, бұрын ат шаптырып, шашу шашып, азан шақыртып ат қойған. Шынашақтай нәрестеге «еліміздің болашақ ел қорғайтын ері, ел тізгінін қолға алар биі» деп қарап, ең тәуір деген ат қоюға тырысқан.
Нәрестеге ат қою құрметіне жиналған арасынан ұлағатты да инабатты адам ие болған. Сөйтіп, ол нәрестенің екі құлағына үш дүркін кезекпе – кезек айқайлап, таңдаған атын атап, азан шақырып ат қойған. Осы бір жақсы дәстүріміз заманына орай, мүмкіндігінше, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Әрине, баласына кімнің қандай ат қоямыз десе де өз еркі. Дегенмен, өмірде көріп жүргеніміздей, естір құлаққа ерсілеу кейбір атты қоймас бұрын ойланған жөн дегіміз келеді.
Қыс
Желтоқсан жұлдызды. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес.
Орман қарайған, ішінде құстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп, жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып, бағып- қақса да, қыс күні үй хайуанаттарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып, үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дайын жұмыстарынан қала алмайды.
Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын қандай суық, торандарда күні – түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда
тіпті рахат жоқ. Жалтаң аяз көзінің беттерін қарыған.
Шилі бет байғұстар желге қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.
«Сымбатты сиыр» жайлы хикая
Ерте заманда жануарлардың ішінде ең жүйрігі де, сымбаттысы да сиыр болыпты. Сиырға ешбірі ілесе алмапты. Келе – келе сиырға менмендік, өркөкіректік пайда болады.
Бірде ол жайылымда жүрген жылқыға кездесіп:
Ей, ашқарақ, менің сөзіме құлақ сал. Сен өмірі күйіс қайтармайсың, жетер осы жайылғаның. Менімен жарысасың ба? – дейді.
Мейлі, жарыссақ, жарысайық, - деп жылқы келісімін береді.
Олар өздеріне межелі жерді белгілейді. Жолдың ортасында кәдімгі суыр жарысқандарға су беріп, дем беріп отырды.
Ә, дегенде – ақ сиыр құйрығын шаншып алып, жылқыдан озып кетеді. Орта жолда ол:
Суыр пасық, су қайда? – дейді көкіректеніп.
Сиыр пасық, су мұнда! –деп ызасы келген суыр сиырға боржып, тұрып қалған суды ұсынады. Сиыр қарамастан, сіміріп салады да, тасырлатып әрі шауып кетеді.
Сиыр бір қыр асқан соң, жылқы ентігіп жетіп суырға:
Суыр сұңқар, су қайда? – дейді.
Жылқы тұлпар, су мұнда! – деп суыр риза болып жылқыға салқын, таза суды ұсынады.
Салқын су бойын ширатқан жылқы сиырдан озып, межеге бұрын жетеді.
Міне, содан бері жылқы баласы сұлу да, сымбатты, жүйрік болыпты. Ал сиыр оқиғадан соң, демігіп жүгіре алмай, шабан жүрісті болып қалған деседі.
Мейірбан қыз
Қауындық ішіндегі күнбағыстар шекілдеуігін көтере алмай бастарын иіп тұр.
Кішкене қыз қанаттарында әдемі қызыл моншақтары бар инеліктерді ұстай алмай жүрді. Бақша ішімен әпкесі Әлиман келе жатыр екен. Қыз сол сәтте басы сынып, үзілмей тұрған күнбағысты көріп қалды.
Әпке, мынаны қараңызшы. Сынып қалыпты,- деп тұрып қалды.
Қыздың шашынан сипаған әпкесі иығынан күлді де:
Ойбуй, енді Сайлаугүлді соттайтын болды-ау,- деді.
Сайлаукүл кішкене қыздың анасы еді. Ол әпкесіне жеңге боп келетін.
Шынымен шешемді соттай ма?
Енді ше? Өсіп тұрған күнбағысты сындырды ғой.
Ол сындырған жоқ.
Енді кім сындырды?
Білмеймін.
Дұрыстап қарамағаны үшін Сайлаукүл құриды.
Қыз жылап жіберді. Күнбағыс түбінде отырып өсіп-өсіп жылады.не істесе шешесіне қорған болады? Күнбағысты байлап қойса ше?
Орнынан ұшып тұрып ағасына жүгірді.
Аға, күнбағысты сабағына байлап берші,-деді барған бетте.
Не үшін?
Әлиман әпкем «Күнбағысқа жөндеп қарамай, сынғаны үшін шешеңді ұстап әкетеді» дейді. Ал мен...-деп тағы да жылап жіберді.
Ағасы қарындасының шашынан сипайды.
Апаңды ешкім қамамайды. Ал сынған күнбағыс қайта өспейді. Тамырынан ажыраған соң өсімдік солады. Бірақ сен оған бола өкінбе. Себебі күнбағыс пісіпті,- деді ағасы.
Қыз қуанып кетті. Қараса тәтесі күліп тұр екен.
Сіз мені алдапсыз ғой,- деді әлі де көз жасы жылтырап.
Сен мейірбан қыз екенсің, айналайын. Шешеңді ойлағаның, жақсы адам болғаның.
Достарыңызбен бөлісу: |