Құрастырушы: химия пәнінің мұғалімі: Уралбаева Қ. А. Тел: 87013120074



бет4/12
Дата18.11.2019
өлшемі313,24 Kb.
#51991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
кызыкты химия




5-есеп. Кеңінен таралған сілтілік металдың тұзына концентрленген күкірт қышқылымен әсер еткенде бөлінген түссіз газды кеңінен таралған сілтілік жер металдың тұзының ерітіндісіне жіберілді. Сол кезде бөлінген Б газын күміс нитраты арқылы жібергенде тұнба түзілді. Тәжірибені жүргізуге қандай қышқылдардың тұздары және қандай сілтілік жер металдар қолданылды. Бақылаған құбылыстарды түсіндіріп, мүмкін болатын реакция теңдеуін жазыңдар.


5есептің шешуі:


Сілтілік металдар тұздарына күкірт қышқылының концентрлі ерітіндісімен әсер еткенде газ бөлітіндері, карбонаттар, сульфидтер, хлоридтер, сульфиттер болуы мүмкін, мысалы:

2NaCl + H2SO4 = Na2SO4 + 2HCl

Na2SO3 + H2SO4 = Na2SO4 + SO2 + H2O

Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2 + H2O

Na2S + H2SO4 = Na2SO4 + H2S

Есептің шартын қанағаттандыра алатын, суда еритін сілтілік металдар тұздары тек сульфидтер болып табылады, ал қалған суда ерігіш тұздары тек қана галогенсутектерді, күкіртті газды, көмір қышқыл газын бөлінбейді.

Күкіртті газ сульфидтермен бірге күкіртті түзеді. (H2S ығыстырып шығарып, SO2 әрекеттеседі) BaS + SO2 + H2O = BaSO3 + H2S

SO2 + 2H2S = 3S + 2H2O

яғни қорғасын нитратымен тұнбаға түзілмейді. Көмірқышқыл газы сульфидтерден көмірқышқыл газын ығыстырып шығарады:

BaS + CO2 + H2O= BaCO3 + H2S

Осы бөлінген күкіртсутек газы қорғасын нитратымен қара түсті тұнба түзеді.

Pb(NO3)2 + H2S = PbS + 2HNO3

Галогенсутектер сульфидтерден күкірт сутекті ығыстырып шығарады.

BaS + 2HCl = BaCl2 + H2S,

Қорғасын нитратымен қара түсті тұнба түзеді.

Pb(NO3)2 + H2S = PbS + 2HNO3



Сондықтан мұндай сілтілік металл тұздары болып галогенидтер, карбонаттар болуы мүмкін, ал сілтілік жер металл тұздары – барий сульфиді болып табылады.




6-есеп.Белгісіз массасы 6 г металды оттегінде жаққан кезде, нәтижесінде массасы 10 г тең екі заттың қоспасы алынды. Бұл қоспа толығымен суда ериді. Мұндай ерітіндіні қайнатқан кезде, медицинада қолданылатын газ бөлінеді, ал қатты қалдықта тек қана бір ғана зат табылды. Қандай металл алынғанын анықта.


6 есептің шешуі:


Жану өнімі толығымен суда ериді деп есептейтін болсақ, онда жанған кезде екі оттекті қосылыс түзіледі, былай ұсынуға болады, онда сілтілік металл (сілтілікжер металдардан тек қана Ba деп қана ұсынуға болады, себебі Ba(OH)2 суда аздап ери алады). Оттекті қосылыстар болып, тотықтар, пероксидтер, асқын пероксидтер (жанған кезде озонидтер түзілмейді. Суда барий пероксидінен басқа, тек тотықтар мен пероксидтер ғана ери алады. Яғни жану өнімі – тотықтар қоспасы болып табылады (оттектің эквиваленті 8 тең) және перекисте (оттектің эквиваленті 16). Егер перекисті оттегінің бір эквивалентіне «n» эквивалентті «тотықты оттек» сәйкес келетін болса, онда түзілген қоспадағы оттегінің орташа эквиваленттік мөлшері (г) тең болады. Жану өніміндегі оттектің мөлшері, оның орташа эквивалентті Эх, онда Эх – металдың эквиваленті (7, 23, 39, 84,5, 133, 137/2 мынаған тең). Теңдеу бойынша:

= 2/3Эх, бұдан n = n > 0, онда 12 < Эх< 24, т.е. металл – натрий металы болып табылады, Эх = 23.

2Na + O2 = Na2O2

4Na + O2 = 2Na2O

Na2O + H2O = 2NaOH

Na2O2 + 2H2O = 2NaOH + H2O2

2H2O2 = 2H2O + O2

Буландырғаннан кейінгі қатты қалдық – NaOH.



7-есеп. Өзгерістер нәтижесінде тек қана екі зат: азот және су түзіле жүретін реакция теңдеуіне мысал келтіріңдер. Бұл реакциялардың ғылым мен техникадағы маңызын, қолданылатын жерлерін көрсетіңіздер. (бір типті реакция теңдеуін көрсетпеу керек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет