С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы
Пәнді оқыту бағдарламасы
5В010300 Педагогика және психология, 5В010801Дене шынықтыру және спорт Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Құрастырушы:
БжЭ кафедрасының
аға оқытушысы
Шарипова А.К.
№5 хат. 12.11.2012 ж. кафедра отырысында қарастырылған және ұсынылған
Кафедра меңгерушісі _______________ Ш.М.Жумадина
Павлодар
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Шарипова Айнагуль Каировна
Биология және экология кафедрасының аға оқытушысы
Ломов к.64, А-корпус, А-356 аудитория
телефон 8(7182) 67-36-68
2 Пән туралы мәліметтер
Пән 3 семестрде 15 апта аралығында оқылады. Жалпы сағат көлемі – 45, оның ішінде 7,5 дәріс, 7,5 тәжірибелік, 30 СӨЖ сағаттары қарастырылады. Бақылау түрі – емтихан.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақылау нысаны
|
барлы-ғы
|
дәріс
|
практи-ка
|
зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
ОСӨЖ
|
3
|
2
|
2
|
15
|
15
|
-
|
-
|
-
|
30
|
15
|
емтихан
|
Бар-лығы
|
90
|
4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мақсаты – болашақ педагогтарға балалар мен жасөспірімдер ағзасында жасқа байланысты болатын анатомо-физиологиялық ерекшеліктерді білуге үйрету жіне салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары туралы мағлұмат беру.
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар
Пәннің міндеттері:
диалектико-материалистік көзқарасты қалыптастыру;
балалар мен жасөспірімдер ағзасында жасқа байланысты болатын анатомо-физиологиялық ерекшеліктерді білу;
ағза дамуының негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;
өз басының және отбасы денсаулығын сақтау жолдарымен таныстру
сезім, қабылдау, түйсік, ойлау, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру
6 Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: анатомия, валелогия, биологияның мектеп курстары
7 Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:
Тақырыптық жоспар
№.
|
Пән тақырыптарының аты
|
Дәріс
|
Тәж. сабақ
|
СӨЖ
|
1.
|
Кіріспе. Балалардың және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
|
1
|
1
|
6
|
2.
|
Жүйке жүйесінің анатомиясы
|
1
|
2
|
6
|
3.
|
Жоғары жүйке әрекеті
|
2
|
2
|
6
|
4.
|
Талдағыштардың физиологиясы(сенсорлық жүйлер)
|
2
|
2
|
6
|
5.
|
Эндокриндық жүйе
|
1
|
1
|
6
|
6.
|
Тірек-қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері
|
1
|
1
|
6
|
7.
|
Қанның жас ерекшеліктері. Қан айнау мүшелері
|
2
|
2
|
6
|
8.
|
Тыныс алу мүшелерінің жасқа сай ерекшелігі
|
2
|
2
|
6
|
9.
|
Ас қорту мүшелері, олардың жас ерекшеліктері, зат және энергия алмасуы
|
2
|
1
|
6
|
10.
|
Сыртқа шығару мүшелерінің жасқа сай ерекшелігі
|
1
|
1
|
6
|
|
Барлығы:
|
15
|
15
|
60
|
Пәннің қысқаша сипаттамасы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы болашақта мамандардың алдына қойылатын тапсырмалар негізінде оқылады.
Курс компоненттері
1. Кіріспе. Балалардың және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Ағзаның біртұтастығы. Ағза және қоршаған орта. Гомеостаз және оны анықтаушы факторлар. Балалардың және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Дамудың үздіксіздігі, әркелкілігі, ең маңызды жүйелердің дамуының жүретіндігі және гетерохрондылығы. Ағза даму мен өсуінің жас кезендерін анықтайтын негізгі көрсеткіштер.
2. Жүйке жүйесінің анатомиясы
Жүйке жүйесінің құрылысы мен маңызы. Нейроның құрылысы мен қаситтері. Жүйке талшығының қасиеттері. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар, ОЖЖ-де қозуды өткізу механизмі. Жүйке орталығы және оның қасиеттері. Рефлекс – жүйке әрекетінің негізі. ОЖЖ-нің әр түрлі бөлімдерінің функционалдық маңызы.
3. Жоғары жүйке әрекеті
Жоғары жүйке әрекеті. Ми қыртысының құрылымдық және функционалдық ұйымдасуы. И.М. Сеченов және И.П. Павлов – жоғары жүйке әрекеті туралы ілімніњ негізін салушылар. Жоғары жүйке әрекетінің типтері, олардың пластикалығы. Шартты және шартсыз рефлекс туралы ілім. ОЖЖ-ғы тежелу. Шартсыз тежелу (индукциялық, шектен тыс тежелу) және олардыњ жас ерекшеліктері. Шартты тежелудің түрлері. Шартты тежелудің жасалуы – тәрбиенің физиологиялық негізі.
4. Талдағыштардың физиологиясы (сенсорлық жүйлер)
Сыртқы ақапаратты қабылдаудың жүйелі ұйымдасуы. Ағзаның сенсорлық жүйелері. Ерте балалық шақта сенсорлық қабылдаудың ролі. Көру талдағышы. Көздің құрылысы мен оптикалық қасиеті. Есту талдағышы және оныњ жас ерекшелігі. Балалар мен жеткіншектердегі көру қабілетінің бұзылмауының және естімеушіліктеріді болдырмаудың алдын алу.
5. Эндокриндық жүйе
Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипоталамус-гипофизарлық жүйе, оныњ ішкі секреция бездерінің қызметін реттеудегі ролі. Гипофиз, қалқанша, бүйрек үсті, ұйқы бездері. Жыныс бездері, олардың организм дамуы, өсуі жыныстық жетілуі процестеріндегі ролі. Жыныстық жетілу стадиалары. Жыныстық жетілудің физиологиялық және әлеуметтік аспектері (қырлары).
6. Тірек-қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері
Адам қанқасы. Буындардыњ құрылысы мен қызметі. Олардыњ иілістері, олардыњ қалыптасуы мен функционалдық маңызы. Ет жүйесі. Еттің құрылысы мен қызметі. Тірек-қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері. Қозғалыс дағдыларының дамуы, жасқа сай және оныњ жас ерекшелігі. Адамныњ қозғалыс режимі. Дене бітімі, оның қалыптасуы, дене бітімінің дұрыс болуының маңызы. Дұрыс дене бітімін (келбетін) қалыптастыруда жаттығудың дене шынықтырудың ролі.
7. Қанның жас ерекшеліктері. Қан айнау мүшелері
Организмнің ішкі ортасы: қан, ұлпа сүйықтығы, лимфа. Қанныњ жасалуы, тасымалдық, қорғанытық т.б. функциялары. Қан топтары. Жүректің құрылысы мен қызметі, жүрек қызметінің циклі. Қан айналудың жалпы схемасы. Қан және лимфа тамырлары. Жүректің минуттық және систолалық көлемінің жасқа сай өзгерісі. Жүрек-тамыр жүйесі жұмысының реттелуі, оның жас ерекшеліктері. Жүрек пен тамырдың ғсер етуші жағымсыз факторлары. Жүрек пен тамыр аурулардың алдын алу жолдары.
8. Тыныс алу мүшелерінің жасқа сай ерекшелігі
Балалық кезендегі тыныс алу органдарыныњ құрылысы мен қызметініњ ерекшеліктері. Тыныс алу қозғалысы, жиілігі мен терењділігінің өкпенің тіршілік сиымдылығының, тыныс алудың минуттық көлемінің, газ алмасудың жасқа сай ерекшеліктері. Тыныс алу типтері. Спирометрия. Тыныс алуды ерікті реттеудің жас ерекшеліктері. Қоршаған орта ауасының денсаулықты сақтаудағы ролі.
9. Ас қорту мүшелері, олардың жас ерекшеліктері, зат және энергия алмасуы
Ас қорыту органдардының құрылысы мен қызметі. Зат және энергия алмасуы - организмніњ тіршілік әрекеттерінің негізі. Бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз ету. Жасқа байланысты организмнің белокқа деген қажеттілігі. Әр түрлі жастағы май және көмірсу алмасуларының ерекшеліктері. Баланың өсу, даму процестеріндегі судың, тұздың, микроэлементтердің, витамидердің маңызы.
10. Сыртқа шығару мүшелерінің жасқа сай ерекшелігі
Зәр шығару жүйесі. Бүйректің құрылысы мен қызметі. Терінің құрылысы мен қызметі, жас ерекшелігі. Терінің қорғаныш қызметі. Дене температурасын тұрақты ұстаудағы терінің ролі. Балалар мен жеткіншектер организмініњ жылу алмасуы. Күю мен ысу кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тақырып 1 Жүйке жүйесінің физиологиясы
Жүйке жүйесінің ақпаратты қабылдау, өндеу, өткізу, түрлеше организм реакцияларын ұйымдастыру және психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі рөлі. Жүйке талшықтарының жас ерекшеліктері және олардың миелинденуіне байланыстылығы.
Тақырып 2 Жоғары жүйке әрекеті
Шартты рефлекторлық әрекеттің жасқа сай ерекшеліктері. Қалыптасу жылдамдығы, деңгейі және шартты рефлекстердің тұрақтылығы. Еліктеру рефлексі. Бірінші және екінші сигналдар жүйесі, олардың өзара әрекеттесуінің жас ерекшеліктері.
Тақырып 3 Талдағыштардың физиологиясы (сенсорлық жүйлер)
Көз қарашығының рефлекстері. Көздің әр түрлі қашықтықтан анық көру қабілеттінің жас ерекшеліктері. Көру өткірлігінің жас ерекшеліктері. Көру өрісін анықтау және оның жас ерекшеліктері. Терідегі тактилдік, суық, ыстық, ауырсыну нүктелерін санау.
Тақырып 4 Эндокриналық жүйесі
Ішкі секреция бездері. Гормондар. Жыныстық жетілу стадиалары. Сонѓы жыныстық белгілердің дамуы. Жыныстық жетілудің физиологиялық және әлеуметтік аспектері (қырлары).
Тақырып 5 Тірек-қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері
Дене бітімі қалыптасуы. Көкірек клеткасының деформациясы. Жалпақтабандылық. Тұру, отыру, жүру кезінде дененің дұрыс қалпын сақтау. Жиһаздарға, шеберханаларға қойылатын гигиеналық талаптар.
Тақырып 6 Қанның жас ерекшеліктері. Қан айнау оргадары
Жасөспірімдердің артериалық қан қысымың өлшеу. Қанның систолалық және минуттік көлемін есептеу жолымен анықтау. Адам қанның топтарың және резус-факторын анықтау.
Тақырып 7 Тыныс алу органдарының жас ерекшеліктері
Спирометрия. Тыныс алуды ерікті реттеудің жас ерекшеліктері. Тыныс алудың типтері. Тыныс алу жүйесі аурулардың алдын алу шарлары.
Тақырып 8 Ас қорыту органдардың жас ерекшеліктері, зат және энергия алмасуы
Сілекей ферменттерінің көмегімен крахмалдың ыдырауына тәжірибе жүргізу. Асқазан сөлінің даму деңгейін бағалау жолдары. Тамақтану нормасы. Тамақтанудың тәртібі мен реті.
Тақырып 9 Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері
Теріге күтім жасау жолдары. Шаш пен тырнақ гигиенасы. Шаңғы тебу, коньки мен шанада сырғанау үшін жел жылдамдығы мен ауаның теріс температурасына төзімділік шегі. Күю мен өсу кезіндегі дәргерге дейінгі алғашқы көмек.
СӨЖ түрлерінің тізімі
№ р/с
|
СӨЖ түрі
| Есеп беру түрі |
Бақылау түрі мен формасы
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәрістік сабақтарға дайындық
|
|
Сабақтарға қатысу
|
10
|
2
|
Тәжірибиелік сабақтарға дайындық
|
Жұмыс тәптері
|
Конспект
|
8
|
3
|
Бақылау іс-шараларына дайындық
|
Бақылау жұмысы
|
АБ1, АБ2
|
2
|
4
|
Рефератқа дайындық
|
Реферат
|
Рефераты қорғау
|
16
|
5
|
Аудиторлық сабақтардың мазмұнына енбеген материалдарды оқу
|
Конспект
|
Сабақтарға қатысу
|
24
|
БАРЛЫҒЫ
|
60
|
Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
Постнатальды дамудың бастапқы кезеңінде шартсыз немесе сыртқы тежелудің ерекшеліктері.
Есту анализаторы және оның балада дамуы.
Балалар мен жасөспірімдерде тірек- қимыл аппаратының бұзылуы және оны алдын алу.
Валеология – денсаулық туралы ғылым.
Экология және адам денсаулығы.
Тиімді тамақтану - денсаулықтың маңызды факторы.
Өрбіту денсаулығы және жанұя.
Бақылау түрлеріне сәйкес мөлшер үлесі
№
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Бақылау түрлері
|
Үлестері
|
1
|
Емтихан
|
Емтихан
|
0,4
|
Ағымдағы үлгерімінің бақылау
|
0,6
|
Әдебиет тізімі
Негізгі:
Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. А.: Дәуір, 2003
Набидоллина Ш.С. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы:оқулық. -Астана:Фолиант, 2007.-275 б.
Нұрышев, М. Адам анатомиясы:оқулық. -Алматы:Карасай, 2005.- 348 б.
Дүйсембин Қ. Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы. – Алматы: Казмем ҒАҒЗИ, 2001.
Қосымша:
Жұмабаев С. Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы. А.: Республикалық баспа кабинеті, 1996
Петришина О.А., Попова Е.П. Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. А.: Мектеп, 1984
Брехман И.И. Проблемы обучения человека здоровью. Валеология. Владивосток, 1995
Камалиев М.А. Проблемы здоровья населения Казахстана и пути их решения. Алматы, 1994
Сатпаева Х. Валеология. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, “Ғылым”, 1998
Хрипкова А.Г. и другие. Возрастная физиология и гигиена. – М.: Просвещение, 1990
Достарыңызбен бөлісу: |